Қазақстан – Қытай мұнай құбыры
«Қазақстан – Қытай құбыры» ЖШС (ҚҚҚ) екі магистральды мұнай құбырын иелік етеді:
- 2006 жылы пайдалануға берілген Атасу – Алашаңқай мұнай құбыры, оның ұзындығы 965,1 шақырым (оның 2,2 км ҚХР аумағынан өтіп жатыр), диаметрі 813 мм, қазіргі өткізу қабілеті жылына 20 млн тонна;
- 2009 жылы пайдалануға берілген «Кеңқияқ – Құмкөл» мұнай құбыры, ұзындығы 794,3 шақырым, диаметрі 813 мм, қазіргі өткізу қабілеті жылына 10 млн тонна.
Осы екі магистральды мұнай құбыры Қазақстан – Қытай мұнай құбырына учаске болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстан – Қытай мұнай құбырының өткізу қабілетін жылына 20 млн. тоннаға дейін ұлғайту жұмыстары жүріп жатыр.
2020 жылы жалпы мұнай тасымалдау көлемі 15 883 мың тоннаны құрады.
«Мұнай Тас» ЖШС
МұнайТас 2004 жылы пайдалануға берілген «Кеңқияқ-Атырау» магистралды мұнай құбырының меншік иесі болып табылады. Магистралды мұнай құбырының ұзындығы 448,8 шақырым, диаметрі – 610 мм, қазіргі өткізу қабілеті – жылына 6 млн тонна.
2018 жылы компания Батыс Қазақстан мұнайын отандық мұнай өңдеу зауыттарына жеткізуді қамтамасыз ету және Ақтөбе мен Қызылорда облыстарындағы мұнай өндіру көлемінің азаюы тиімділігін деңгейлестіру, сондай-ақ Қытай Халық Республикасына жылына 6 млн тоннаға дейінгі экспортты қамтамасыз ету мақсатында «Кеңқияқ – Атырау» мұнай құбырының реверсі жобасын іске асыруға кірісті.
2020 жылы жалпы мұнай тасымалдау көлемі 3 321 мың тоннаны құрады.
Каспий Құбыр Консорциумы
«Каспий құбыр консорциумы» (КҚК) — ұзындығы 1 510 шақырым (оның ішінде 452 км – қазақстандық бөлігі) магистральдық құбырды салу және пайдалану үшін Қазақстан мен Ресейдің, сондай-ақ саланың жетекші компанияларының қатысуымен құрылған халықаралық мұнай тасымалдау жобасы. КҚК мұнай құбыры қазақстандық мұнайды экспортқа жеткізудің басым бағыттарының бірі болып табылады және Теңіз мұнай кен орнын Қара теңіздегі «Южная Озереевка» мұнай терминалымен (Новороссийск портының жанында) біріктіреді. КҚК мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдауды 15 мұнай айдау станциясы, мұнай сақтауға арналған жалпы көлемі 1,3 млн текше метр резервуарлық парк пен үш шығыңқы айлақ қондырғылары қамтамасыз етеді.
2020 жылы жалпы мұнай тасымалдау көлемі 59 027 мың тоннаны құрады.