Үздік инновациялық идеялар конкурсы
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компания топтары арасындағы денсаулықты, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы тәжірибелер және үздік инновациялық идеялар» байқауына қатысу үшін өтінішті толтырып және оны «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ annual.hse.award@kmg.kz. электронды мекен-жайына жолдауыңызды сұраймыз.
Өтініштер 2019 жылғы 10 қазанға дейін қабылданады.
Бұдан әрі қарай, өтініштер тіркеледі және бастапқы саралау процестері үшін ҚМГ компания топтарының сәйкес ұйымдарына жолданады.
Байқауға ұсынылған идеяларды комиссия мынадай үш деңгейде қарастырады: бірінші деңгей – ҚМГ компания топтарының ұйымдары, екінші деңгей –ҚМГ құрылымдық бөлімшелері, үшінші деңгей – ҚМГ топ-менеджменті.
9 және одан жоғары бағаға ие болған өтініштер арасынан ең үздік деген 3 жеңімпазды анықтағанға дейін, комиссияның келесі өтінішті қарау деңгейіне өтеді.
Идеяны бағалау критерийлері:
1. Көшбасшылық, ЕҚ, ТҚ және ҚОҚ салаларында көрсетілген.
2. ҚМГ барлық компания топтарына көшіру мүмкіндіктері – идеяны/тәжірибені жүзеге асыру және жаппай енгізу мүмкіндіктері.
3. Өзіндік құнды, тәуекелдер деңгейін төмендету есебінде құндылықтарды жоғарлату, төтенше оқиғаларға жол бермеу және салдарлар үшін жауапкершілікті алдын алу.
Байқау қорытындысы бойынша 1, 2 және 3-орындарды иеленген үшінші турдың жеңімпаздарына келесі марапаттар мен сыйлықтар берілді:
1-орын ҚМГ Басқарма төрағасының құрмет грамотасы және 500 АЕК ақшалай сыйлық.
2-орын ҚМГ Басқарма төрағасының құрмет грамотасы және 300 АЕК ақшалай сыйлық.
3 -орын ҚМГ Басқарма төрағасының құрмет грамотасы және 100 АЕК ақшалай сыйлық.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында өткізіледі және сыйлықтарды ҚМГ Басқармасының төрағасы тапсыратын болады.
2018 жылғы ЕжҚОҚ жөніндегі конкурстың қорытындылары
1 орынды «ҚазТрансОйл» АҚ өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және төтенше жағдайлар департаментінің қоршаған ортаны қорғау бөлімінің менеджері Тастанова Жәния Даниярқызы иеленді. Оның өтінімінің идеясы орнықты дамуға көшу жөніндегі тұжырымдаманы ілгерілету ретінде, «Жасыл офис» (макулатураны бөлек жинау) бастамасын енгізуде болып табылады, бұл қоршаған ортаға жағымсыз әсерді азайтуға мүмкіндік береді (№2018-0067 өтінім).
2 орынды «Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қызметінің бастығы Қайболдиев Бауыржан Амандықұлы иеленді. Қызметкерлерге қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескерту тәсілі ретінде жеке турникет карточкаларына «Олар Сізді үйде күтіп отыр. Қауіпсіз жұмыс істеңдер» деген жазумен туған-туысқандардың бейнесін салу ұсынылады (№2018-0042 өтінім).
«KMG Systems & Services» ЖШС СКЭДБ директорының орынбасары Дюзимов Айбек Базарбайұлы 3-орынға ие болды. Идея жерүсті автокөліктерде дөңгелекті сомындарды тарту индикаторларын пайдалануда, бұл автокөлік доңғалақтарында болттардың өздігінен шешіліп кетуін қадағалауға мүмкіндік береді. Бұл талап осы тәріздес оқиғаларға байланысты ЖКО оқиғаларының болуын азайтуға мүмкіндік береді (№2018-0040 өтінім).
2017 жылғы ЕжҚОҚ жөніндегі конкурстың қорытындылары
Денсаулық сақтау, еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы озат инновациялық идеялар және тәжірибелер
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «Денсаулық сақтау, еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы озат инновациялық идеялар және тәжірибелер» конкурсының қорытындыларын шығарды.
Ұсынылған жұмыстарды іріктеу үш деңгейлік комиссиямен жүргізілді, оның құрамына еншілес және тәуелді ұйымдардың қызметкерлерімен қатар, ҚМГ қызметкерлері де кірді. Және де, комиссия құрамына міндетті түрде кәсіподақтардың өкілдері де енгізілді.
Конкурсқа ҚМГ-ның 30-дан астам еншілес және тәуелді ұйымдары қатысты. Жұмыстарды іріктеудің басты критерийі – ҚМГ компаниялар тобында идеяларды енгізу мүмкіндігі, сондай-ақ денсаулық сақтау, еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы озат инновациялық идеяларды және тәжірибелерді пайдалану болып табылады. Жеңімпаздарды марапттау салтанатты рәсімнің қорытындысы болып табылады, жеңімпаздарға Құрмет грамоталары және ақшалай сыйақылар берілді.
Бірінші орынға «ҚазМұнайГаз» ТДБ ҒЗИ» ЖШС жетекші инженері - Күлимбаев Ардақ Жұмабайұлы ие болды. Оның идеясының мәні мынадай - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның компаниялар тобының автокөлік құралдарын жылдамдық датчигі, жол белгілерін қадағалау датчигі және басқа айлабұйымдар, сондай-ақ жүргізушінің қауіпсіз жүргізіп келе жатқаны туралы компанияға хабарлау үшін телефон нөмірін көрсете отырып, «Am I driving safe? Мен қауіпсіз жүргізіп келемін бе?» тәрізді қауіпсіздіктің белсенді жүйелерімен жарақтандыру болып табылады, ол өз кезегінде Жол-көлік оқиғасының азаюына алып келеді.
Екінші орынға «Урихтау Оперейтинг» ЖШС-тың орталық инженерлік-техникалық қызметінің инженер-технологы Кемешов Нұрлыхан Бердіханұлы ие болды. Өндірістік объектілерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қызметкерлерді компания логотипі бар тиісті түстегі сигнальдық жилеттермен қамтамасыз ету ұсынылады. Бұл сигнальдық жилет ЕҚ, ҚТ бөлімінің қызметкерлеріне, сондай-ақ басқа инженерлік-техникалық қызметкерлерге алыс қашықтықтан жұмыстардың қандай түрері жүргізіліп жатқанын әрі бұл учаскеде бұл жұмыстарды кімдердің жүргізіп жатқанын, сонымен қатар қызметкердің өзінің функциональдық міндеттерін бұзбағандығын, өзінің тікелей міндетін атқарып жатқандығын байқауға әрі анықтауға мүмкіндік береді.
Үшінші орынға «Манғыстаумұнайгаз» АҚ-ның еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметінің басшысы Ләтіп Бауыржан Бергенұлы ие болды. Оның идеясының мәні мынадай - ПП-0,63; ПН-70 қыздыру пештерінің иректүтіктерін монтаждау және бөлшектеу үшін механикаландырылған жаңа айлабұйымдарды қолдану болып табылады, олар өз кезегінде Қаламқас кен орнында практика жүзінде қолданылды және сол арқылы мұндай жұмыстарды орындау кезінде адам өміріне және денсаулығына келетін қауіп-қатерді азайтуға мүмкіндік берді.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобындағы денсаулық сақтау, еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы озат инновациялық идеялар және тәжірибелер» конкурсы жыл сайын өткізіледі. Бастама сондай-ақ жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз етуде кәсіпорындардың (ЕТҰ-лардың) уәждемесін және материальдық мүдделілігін арттыруға, өндірістік жарақаттануға жол бермеуге, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобы бойынша тұрақты дамуды және өндірістік процестердің тиімділігін арттыру үшін олардың қоршаған ортаға теріс әсер деңгейін кемітуге бағытталған.