Еншілес ұйымдар

«Өзенмұнайгаз» АҚ

«ҚазМұнайГаз» АҚ-ның 100% еншілес компаниясы.  

«Өзенмұнайгаз» АҚ Маңғыстау облысындағы Өзен және Қарамандыбас кен орындарын игереді. Компания құрамына 16 өндірістік құрылымдық бөлімше, атап айтқанда мұнай-газ өндіру басқармалары, мұнай дайындау және өндірістік қызмет көрсету басқармасы, сондай-ақ сервистік қызмет көрсететін қосалқы басқармалар кіреді.

2019 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 5,6 млн тонна болды.

«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Есен Өтеев.

2020 жылғы қызметкерлер саны – 9509 адам.

http://ozenmunaigas.kz/