Еншілес ұйымдар

«Ембімұнайгаз» АҚ

«ҚазМұнайГаз» АҚ-ның 100% еншілес компаниясы.  

«Ембімұнайгаз» АҚ Атырау облысындағы мұнай-газ кен орындарын геологиялық  барлау және игерумен, мұнай және газды өндірумен айналысады. Компания қолданыстағы 33 кен орнында жұмыс істейді. «Ембімұнайгаз» АҚ-ның құрамында Атырау қаласындағы алты және облыстың төрт ауданындағы – «Жайықмұнайгаз», «Доссормұнайгаз», «Қайнармұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз» құрылымдық бөлімшесі, «Емібімұнайэнерго» және «Өндірістік-техникалық қызмет көрсету және жабдықтарды комплектациялау» басқармалары бар.

2019 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 2,9 млн тоннаға жуық болды. 

2020 жылғы қызметкерлер саны – шамамен 5 мың адам.

«Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Есен Қайыржан.

http://emba.kz