Еншілес ұйымдар

«Қазгермұнай» БК» ЖШС

Үлесінің 50%-ы «ҚазМұнайГаз» АҚ-ға тиесілі компания.

«Қазгермұнай» БК» ЖШС Қызылорда облысындағы кен орындарында көмірсутек шикізатын барлау, игеру, өндіру және сатумен айналысады. 

Компания Орталық Ақшабұлақ, Шығыс Ақшабұлақ, Оңтүстік Ақшабұлақ және Нұралы кен орындарын игереді.   

2019 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 2,2 млн тоннаны (ҚМГ үлесіне 1,1 млн тонна), ал газ көлемі 447,047 млн текше метрді құрады.

«Қазгермұнай» БК» ЖШС бас директоры Мұрат Мұстафаев.

2020 жылғы қызметкерлер саны – 757 адам.

https://kgm.kz