Еншілес ұйымдар

«ҚазТрансОйл» АҚ

Үлесінің 90%-ы «ҚазМұнайГаз» АҚ-ға тиесілі компания.

«ҚазТрансОйл» АҚ мұнайды ішкі нарық пен экспортқа тасымалдау бойынша қызмет көрсететін Қазақстан Республикасының ірі мұнай құбыры компаниясы болып табылады. Магистралды мұнай құбырының ұлттық операторы.

Компания еліміздегі магистралды мұнай құбырларының ең ірі жүйесінің меншік иесі. Мұнай құбырларының жалпы ұзындығы 5 378,47 шақырымды (Ресей Федерациясының аумағындағы және «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Самара қаласындағы өкілдігінің балансында тұрған Кеңқияқ-Орск мұнай құбырының 35,85 шақырымын есепке алғанда) құрайды.

Магистралды мұнай құбырлары бойынша мұнай тасымалын 36 мұнай айдау стансасы, 67 мұнай жылыту пештері, жалпы көлемі 1 386,0 мың текше метрлік мұнай сақтауға арналған резервуарлық парк қамтамасыз етеді. 

Мұнайды ауыстырып тиеу Ақтау портының теңіз мұнай құю терминалының 5 айлағында орнатылған  4 төгу-құю темір-жол экстакадаларымен, танкерге мұнай құятын тиісті құрал-жабдықтармен жүзеге асырылады.  

Су беруді «Қиғаш БТҚ» бас тазалау құрылысы, 4 су-сорап стансасы және «Құлсары СТҚ» су тазалау құрылысы, сондай-ақ су сақтауға арналған жалпы сыйымдылығы 155,2 мың текше метр резервуарлар қамтамасыз етеді.  

201 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан қор биржасында «ҚазТрансОйл» АҚ-ның жай акцияларының қайталама нарығындағы сауда-саттығы басталды. ҚазТрансОйл «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде өз акцияларын орналастырған алғашқы компания болды.

«ҚазТрансОйл» АҚ шет ел қатысатын екі заңды тұлғаның қатысушысы: 

  • «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС (қатысу үлесі – 50%), жалпы ұзындығы 1 759 шақырым, өткізу қабілеті жылына 12 млн тонна Атасу-Алашаңқай және Кеңқияқ-Құмкөл мұнай құбырларын иелік етеді;
  • «МұнайТас» ЖШС (қатысу үлесі – 51%), ұзындығы 448,9 шақырым, өткізу қабілеті жылына 6 млн тонна Кеңқияқ-Атырау мұнай құбырын иелік етеді.

«ҚазТрансОйл» АҚ Petrotrans Limited компаниясына және Батуми теңіз порты тікелей басқарылатын «Батуми мұнай терминалы» ЖАҚ-тың жарғылық капиталындағы 100% үлесінің меншік иесі. Батуми мұнай терминалы мұнайды, мұнай өнімдері мен газды, сондай-ақ олардан өңделіп жасалған өнімдерді ауыстырып тиеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу және сату қызметтерін көрсетеді.

2019 жылы шоғырландырылған мұнай жүк айналымы 45,6 млрд тонна-километрді құрады.

2020 жылғы қызметкерлер саны – 6700 адам.

«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Димаш Досанов.

https://kaztransoil.kz/