Еншілес ұйымдар

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС

«ҚазМұнайГаз» АҚ-ның 100% еншілес компаниясы.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Қазақстандағы ең ірі әрі соңғы үлгідегі, заманауи флоты бар ұлттық теңіз тасымалдаушы болып табылады.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ЖШС активтері құрамына мыналар жатады: • сауда флоты: жеке мұнай құю танкерлері –  «Алматы» және «Актау» (әрқайсының дедвейті 12 мың тонна); «Атырау» (дедвейті 13 мың тонна). Сонымен қатар «Aframax» үлгісіндегі мұнай құю танкерлері –  «Alatau» және «Altai» (әрқайсының дедвейті 115 мың тонна);

  • теңіз операцияларын қолдау флоты –  10 бірлік: «Орал», «Ертіс» магистралды сүйреткіштері, жүк көтергіштігі 3 600 тоннадан ҚМГ сериялы сегіз баржа-алаңы;
  • «Теңізшевройл» ЖШС-ның болашақ кеңейту жобасына қатысуға арналған флот: MCV санатындағы үш кеме –  «Barys», «Berkut» және «Sunkar», үш сүйреткіш –  «Talas», «Emba» және «Irgyz».

Теңізде мұнай тасымалының негізгі бағыттары:

  • Каспий теңізінің акваториясындағы бағыттар;
  • Қара және Жерорта теңіздерінің акваториясындағы бағыттар.

2019 жылы теңізде мұнай тасымалының жалпы көлемі 10 729 мың тонна болды.  

2020 жылғы қызметкерлер саны – 90 адам.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС бас директоры (Басқарма төрағасы) Айдар Оржанов.

https://www.kmtf.kz/