Еншілес ұйымдар

KMG International

«ҚазМұнайГаз» АҚ-ның 100% еншілес компаниясы.

KMG International Румыниядағы ең ірі мұнай өңдеуші және Қара теңіз өңіріндегі ең заманауи кәсіпорын – «Petromidia» МӨЗ-нің (иелік ету үлесі – 54,63%), сондай-ақ Орталық және Шығыс Еуропадағы экстракциялық нафтаның жалғыз өндірушісі – «Vega» зауытының (иелік ету үлесі – 54,63%) меншік иесі.  «Petromidia» МӨЗ-нің жобалық қуаты – жылына 6,0 млн тонна. «Vega» МӨЗ-нің жобалық қуаты – 0,5 млн тонна.

KMG International компаниялар тобы Қара теңіз және Жерорта теңізі өңірлерінде мұнай және мұнай өнімдерімен байланысты ірі сауда операцияларын жүргізеді. Еуропа елдерінде (Румыния, Молдова, Болгария, Грузия) «Rompetrol» маркасымен 1000-нан аса сату орындарын басқарады.   

Ұйым жетекшісі (Компаниялар тобының бас директоры) Бейімбет Шаяхметов.

https://www.kmginternational.com/