Алаяқтардан сақ болыңыз!

Қазіргі уақытта алаяқтардың Қазақстан азаматтарын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қаржы салуға шақырып, арнайы сайт, мобильді қосымша құрып, әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті. Халықты мұнай мен газ сатып, мол пайдаға кенелуге шақыруда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Қазақстан азаматтарының қаржысын ешқандай инвестициялық жобаларға тартуға шақырмағанын мәлімдейді. Таратылып жатқан жалған жарнамалық хабарландыруға сенбеңіздер. Сақ болыңыздар!

Қандай да бір әрекет жасар алдында ақпараттың растығын анықтап алыңыз.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өз қызметі туралы барлық ақпаратты ресми сайтында сайтында, сондай-ақ YouTube, Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында ғана жариялайды.

Комплаенс

2017 жылы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-та Комплаенс қызметі құрылды. Комплаенс қызметі "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Директорлар кеңесіне ұйымдық тәуелді және функционалды есеп беретін тәуелсіз құрылымдық бөлімше болып табылады. Қызметтің негізгі мақсаты қызметкерлер арасында ашықтықты, адалдықты қамтамасыз ету мақсатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ компаниялары тобының ішкі корпоративтік мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша міндетті реттеушілік талаптар мен үздік халықаралық практиканы сақтау, сондай-ақ үздік халықаралық стандарттарға, ішкі саясаттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес жүргізу үшін жағдай жасау болып табылады.

Комплаенс қызметі мүдделі тұлғалар Іскерлік этика кодексінің кез келген бұзушылықтары, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, әдепсіз мінез-құлық фактілері және өзге де бұзушылықтар туралы хабарлай алатын құпия ақпарат беру жедел желісіне түсетін шағымдарды қарайды. Жедел желіге жүгінуге арналған байланыс деректерімен мына жерде танысуға болады.

Комплаенс қызметінің басшысы жыл сайынғы негізде Компанияның Аудит жөніндегі комитетіне және Директорлар кеңесіне жыл қорытындылары бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп береді, сондай-ақ тоқсан сайынғы негізде жедел желіге келіп түскен өтініштер туралы есеп береді.