Алаяқтардан сақ болыңыз!

2022 жылғы 7 қарашада «Самұрық-Қазына» АҚ мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бастапқы жария ұсынысын (IPO) жүзеге асыру ниетін мәлімдеді.

On 9 November 2022 the trading systems of the Kazakhstan Stock Exchange (KASE) and Astana International Financial Centre Exchange (AIX) began accepting applications for subscription to KMG’s common IPO shares. Applications will close on 30 November 2022 at 18:00, Astana time, for institutional investors and on 2 December 2022 at 15:00, Astana time, for retail investors.

Қазіргі кезде алаяқтар «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының атын жамылып арнайы сайт, қосымшалар құрып, әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, жарнама арқылы қазақстандықтарды ақша салуға шақыруда. Олар халықты мұнай мен газ сатып, бастапқы салынған «инвестициядан» да мол пайдаға кенелуге шақырады. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мұндай жарнамалық хабарландырулар жалған екенін мәлімдейді.

Қазақстандықтарды барынша сақ болуды және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз.

Компанияның қызметі туралы сенімді ақпарат тек www.kmg.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда YouTube, Facebook, Instagram, Telegram жарияланады.

Лицензиясы бар брокерлер тізімін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтынан оқи аласыз

IPO мәселелер бойынша жедел желі:
Тел.: 8 (800) 004 03 15, күн сайын сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін, демалыссыз (қалалық және мобильді телефон нөмірлерінен қоңырау шалу тегін).
e-mail: ipo@kmg.kz

Корпоративтік хатшы

«Корпоративтік хатшы ҚМГ мен акционерлер, ҚМГ акционерлері мен Директорлар кеңесі, Ішкі аудит қызметі, Басқармасы мен өзге де органдары арасындағы, ҚМГ мен оның негізгі еншілес және тәуелді ұйымдары арасындағы жүйелі коммуникациялардың сақталуын қамтамасыз ететін тұлға болып табылады. Корпоративтік хатшының негізгі міндеттері Директорлар кеңесі, акционерлер тарапынан корпоративтік шешімдердің уақытылы және сапалы қабылдануына жәрдем көрсетуді, Директорлар кеңесінің мүшелері қызметінің және ҚМГ корпоративтік басқару кодексінің ережелерін қолданудың барлық мәселелері бойынша Директорлар кеңесі мүшелері кеңесшісінің рөлін орындауды, сондай-ақ ҚМГ корпоративтік басқару кодексінің іске асырылуына мониторинг жүргізуді қамтиды. Корпоративтік хатшы ҚМГ мен еншілес және тәуелді ұйымдарындағы корпоративтік басқаруды жетілдіру процесі үшін жауап береді». Корпоративтік хатшы өз міндеттерін тәуелсіз негізде жүзеге асыратын және Директорлар кеңесіне есеп беретін Компанияның қызметкері болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның корпоративтік хатшысы лауазымын Дамир Валерьевич Шарипов атқарады. Ол осы қызметке 2015 жылдың 5 қаңтарында тағайындалды.

2019 жылдың 1 ақпанынан бастап Корпоративтік хатшы Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Президиумында Корпоративтік басқару жөніндегі Ұлттық кеңестің Корпоративтік хатшылары комитетінің мүшесі болып сайланды.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған күні: 1980 жылғы 22 қаңтар

Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін халықаралық қатынастар факультеті «халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген. Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясы, «Менеджмент» мамандығы бойынша іскери әкімшілік магистрі (MBA).

Сертификатталған корпоративтік хатшы. Корпоративтік хатшыларға арналған корпоративтік басқару саласындағы сертификатталған тренер. Қазір «Samruk Business Academy» жекеменшік мекемесінің тренері.

Жұмыс тәжірибесі: 2001 жылдан бастап 2007 жылға дейінгі кезеңде Атырау облысындағы «Теңіз» кен орнында әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2007-2012 жылдарда «Қазақстанның Даму банкі» АҚ-та әр түрлі қызметтерде жұмыс істеді. 2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен «ҚазТрансГаз» АҚ-та әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2015 жылғы 5 қаңтардан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Корпоративтік хатшысы болып табылады.

Байланыс ақпараты: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Д.Қонаев көшесі, 8, «Зүбаржат орамы» әкімшілік ғимараты, «Б» блогы

Тел.: +7 (7172) 78 65 25

Эл. пошта: d.sharipov@kmg.kz