1963 жылы 19 мамырда туған
Білімі:
1985 жылы Қазақ политехникалық институтын «Мұнай және газ кенорындарын игерудің технологиясы және кешенді механизациясы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
1985 – 1991 жылдары – «Жетібаймұнай» МГӨБ-де оператор-технолог.
1991 – 1994 жылдары – «Маңғышлақмұнай» бірлестігінің «Жетібаймұнай» МГӨБ қабат қысымын ұстау цехы басшысының орынбасары.
1994 – 1995 жылдары – «Оңтүстікқазмұнайгаз» МАҚ қабат қысымын ұстау учаскесінің басшысы, мұнай және газ өндіру цехының басшысы, бас директорының орынбасары, бірінші вице-президенті.
1995 – 2009 жылдары – Торғай-Петролеум» АҚ бас директоры.
2009 – 2011 жылдар аралығында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры болды.
2011 жылдың сәуірінен бастап 2011 жылдың желтоқсанына дейін – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ барлау және өндіру жөніндегі басқарушы директоры.
2011 – 2013 жылдары – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры.
2013 жылдың қаңтарында Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды.
2017 жылдың наурызынан 2018 жылдың қаңтарына дейін - ҚР Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары.
2018 жылдың қаңтарынан бастап 2018 жылдың қарашасына дейін – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.
Марапаттары:
«Құрмет» (1999), «Парасат» (2007), ІІ дәрежелі «Барыс» (2014) ордендері.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2002); «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) мерейтой медальдары.
«Қазақстан полициясына 15 жыл» төсбелгісі.