Алаяқтардан сақ болыңыз!

Қазіргі уақытта алаяқтардың Қазақстан азаматтарын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қаржы салуға шақырып, арнайы сайт, мобильді қосымша құрып, әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті. Халықты мұнай мен газ сатып, мол пайдаға кенелуге шақыруда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Қазақстан азаматтарының қаржысын ешқандай инвестициялық жобаларға тартуға шақырмағанын мәлімдейді. Таратылып жатқан жалған жарнамалық хабарландыруға сенбеңіздер. Сақ болыңыздар!

Қандай да бір әрекет жасар алдында ақпараттың растығын анықтап алыңыз.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өз қызметі туралы барлық ақпаратты ресми сайтында сайтында, сондай-ақ YouTube, Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында ғана жариялайды.

Тәуекелдіктерді басқару жүйесі

Тәуекелтерді басқарудың корпоративтік жүйесін (ТБКЖ) «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының стратегиялық және операциялық мақсаттарына қол жеткізуге кері әсерін тигізуі мүмкін әлеуетті тәуекелдерді уақтылы сәйкестендіруге, бағалауға, бақылауға және азайтуға бағытталған корпоративтік басқару жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

ҚМГ-да дамудың бағыттары мен ниеттері, тәуекелдерді басқару қағидаттары, өндірістік және өндірістік емес тәуекелдерді басқарудың тік процесін жоғары деңгейден бастап желілік деңгейге дейін (ЕТҰ-дың өндірістік құрылымдық бөлімі) енгізу және пайдалану қажеттілігі сипатталған корпоративтік тәуекелдерді басқару жүйесінің Саясаты бекітілді.

Сондай-ақ, ҚМГ-да компанияның ТБКЖ-дің Саясатын іске асыру тетіктері әзірленді:

  • Компаниядағы өндірістік және өндірістік емес тәуелкелдерді басқару процесін ұйымдастырудың үлгілік қағидалары;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының тәуекелдерін сәйкестендіру және бағалау, тәуекелдерін басқару әдістерін таңдау әдістемесі;
  • Компанияның тәуекелдерінің бірыңғай жіктеуішіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі қағидалар.

ҚМГ Директорлар кеңесі жыл сайын Компанияның жалпы тәуекел-тәбеті, корпоративтік тәуекелдер тізілімін және картасын бекітеді. ҚМГ-дың тәуекелдерді басқару департаменті негізгі тәуекелдер динамикасының үздіксіз мониторингін жүргізеді және оларды азайту жөніндегі шараларды жүзеге асырады.

ҚМГ бен ЕТҰ-дың барлық құрылымдық бөлімшелерін тәуекелдерді басқару процесіне тарту арқылы, сондай-ақ Директорлар кеңесі, Басқарма, ҚМГ-дың тәуекелдер комитеті және Компанияның қызметкерлері арасында тұрақты ақпарат алмасу арқылы Компания тәуекел мәдениетін дамытуға көп көңіл бөледі. ҚМГ және оның ЕТҰ қызметкерлеріне тәуекелдерді басқару саласында оқыту семинарлары өткізіледі.

ҚМГ ішкі бақылау жүйесін (процесс деңгейіндегі тәуекелдерді басқару) әзірлеу және енгізу, сондай-ақ қызметтің үздіксіздігін басқару жүйесі (қызметтердің үзілуіне алып келетін тәуекелдерді басқару) бойынша Компанияның ТБКЖ одан әрі жақсарту жұмыстары қарастырылған.