Алаяқтардан сақ болыңыз!

Қазіргі уақытта алаяқтардың Қазақстан азаматтарын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қаржы салуға шақырып, арнайы сайт, мобильді қосымша құрып, әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті. Халықты мұнай мен газ сатып, мол пайдаға кенелуге шақыруда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Қазақстан азаматтарының қаржысын ешқандай инвестициялық жобаларға тартуға шақырмағанын мәлімдейді. Таратылып жатқан жалған жарнамалық хабарландыруға сенбеңіздер. Сақ болыңыздар!

Қандай да бір әрекет жасар алдында ақпараттың растығын анықтап алыңыз.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өз қызметі туралы барлық ақпаратты ресми сайтында сайтында, сондай-ақ YouTube, Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында ғана жариялайды.

Ішкі аудит қызметі

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит қызметі (бұдан әрі – Қызмет) Қоғамның Директорлар кеңесінің 2006 жылғы 2 қазандағы шешіміне (№10 хаттама) сәйкес құрылды.

Қызмет «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның бірыңғай орталықтандырылған органы болып табылады және Директорлар кеңесіне тікелей бағынып, оған есеп береді. Қызмет Ұлттық компанияның және оған қарасты өзге де ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жүргізеді, ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару саласын бағалайды, корпоративтік басқару саласындағы құжаттардың орындалуын қадағалайды, ҚМГ және ҚМГ компаниялар тобынының қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында консультация береді.

Ішкі аудит жұмысының негізгі мақсаты – тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару процестерін жетілдіруде жүйелі тәсілдерді енгізу арқылы ҚМГ Директорлар кеңесіне Ұлттық компанияны және ҚМГ компаниялар тобын тиімді басқаруын қамтамасыз етуге арналған тәуелсіз әрі объективті ақпарат ұсыну.

2021 жылдың 6 қазаннан бастап ҚМГ Директорлар кеңесінің шешімімен Халижан Серікұлы Абдирайымов қызмет басшысы болып тағайындалды.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

Туған күні: 1965 жылғы 20 тамыз

Білімі: Алматы халық шаруашылығы институтын «Экономика және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жоспарлау» мамандығы бойынша тәмамдады. Сертификатталған мемлекеттік аудитор. Мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарында толық сәйкестігі туралы сертификаты бар.

Еңбек өтілі: 1991-2017 жылдар аралығында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторда түрлі басшылық қызметтерде еңбек етті.

2017 жылдан 2021 жылға дейін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің аппаратын басқарды.

2021 жылдың 6 қазаннан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі Аудит қызметінің басшысы.

Байланыс ақпараты: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Д.Қонаев көшесі, 8, «Зүбәржат орамы» әкімшілік ғимараты, «Б» блогы

Тел: +7 (7172) 78 91 45

Эл.пошта: kh.abdirayymov@kmg.kz