Алаяқтардан сақ болыңыз!

2022 жылғы 7 қарашада «Самұрық-Қазына» АҚ мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бастапқы жария ұсынысын (IPO) жүзеге асыру ниетін мәлімдеді.

On 9 November 2022 the trading systems of the Kazakhstan Stock Exchange (KASE) and Astana International Financial Centre Exchange (AIX) began accepting applications for subscription to KMG’s common IPO shares. Applications will close on 30 November 2022 at 18:00, Astana time, for institutional investors and on 2 December 2022 at 15:00, Astana time, for retail investors.

Қазіргі кезде алаяқтар «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының атын жамылып арнайы сайт, қосымшалар құрып, әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, жарнама арқылы қазақстандықтарды ақша салуға шақыруда. Олар халықты мұнай мен газ сатып, бастапқы салынған «инвестициядан» да мол пайдаға кенелуге шақырады. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мұндай жарнамалық хабарландырулар жалған екенін мәлімдейді.

Қазақстандықтарды барынша сақ болуды және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз.

Компанияның қызметі туралы сенімді ақпарат тек www.kmg.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда YouTube, Facebook, Instagram, Telegram жарияланады.

Лицензиясы бар брокерлер тізімін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтынан оқи аласыз

IPO мәселелер бойынша жедел желі:
Тел.: 8 (800) 004 03 15, күн сайын сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін, демалыссыз (қалалық және мобильді телефон нөмірлерінен қоңырау шалу тегін).
e-mail: ipo@kmg.kz

Компанияның стратегиясы

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 2022-2031 жылдарға арналған даму стратегиясы

 

2021 жылғы қарашада Компанияның Директорлар кеңесі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 2022-2031 жылдарға арналған даму стратегиясын бекітті.

Стратегия ҚМГ активтері қоржынындағы мұнай-газ химиясы бизнесіне қосылу жөніндегі өзгерістерді мен «ҚазТрансГаз» АҚ-ны «Самұрық-Қазына» АҚ құрамындағы дербес ұлттық компания болып бөлінуді, сондай-ақ таза энергия көздеріне энергетикалық көшу жөніндегі әлемдік трендті және көміртегіні реттеуді қатаңдату мәселесін ескереді.

Компания ел экономикасын, экологияға және қоғамға өз ықпалының маңыздылығын жете түсініп, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік басымдықтардың, сондай-ақ корпоративтік басқару саласындағы міндеттердің үйлесімділігін қамтамасыз ету мақсатында компанияның негізгі бизнес-процестерінің тұрақты даму қағидаттарымен ықпалдастыруды жалғастырады.

Алдағы он жылда компанияның өсуі ресурстық базаның өсуі, ағымдағы өндірістің тиімділігі, жаңа бөліністерді дамыту, заманауи технологияларды енгізу және көміртегі ізін қысқарту есебінен қамтамасыз етілетін болады.

 

Пайымы: Қауіпсіздіктің жоғары стандарттарына және тұрақты даму қағидаттарына сәйкес келетін, қаржылық нәтижені барынша молайтуға бағытталған  тігінен-интеграцияланған ұлттық мұнай-газ компаниясы.

 

Миссиясы: Біз болашақ ұрпаққа қамқорлық жасай отырып, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолында табиғи ресурстарды тиімді әрі ұтымды игерудеміз.

 

ҚМГ миссиясына сәйкес төрт стратегиялық мақсат айқындалды.

1) Компанияның өсуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті ресурстық база

2) Компанияның құн тізбегінің тиімділігін арттыру

3) Бизнесті әртараптандыру және өнім қоржынын кеңейту

4) Тұрақты даму және өндірістің көміртекті сыйымдылығын үдемелі төмендету