Хабарландыру

31.10.2018

САУДА-САТТЫҚТАРДЫҢ ӨТКІЗІЛЕТІНІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА электрондық конкурс тәсілімен активті өткізу бойынша

Мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19-үй орналасқан «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Сатушы», «Меншік иесі», «ҚМГ») осымен «ҚМГ-Retail»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталында (бұдан әрі – «Компания», «Актив» немесе «Сату объектісі») қатысу үлесінің (бұдан әрі - «Қатысу үлесі» не «Үлес») 100%-ын сату бойынша «Ақпараттық-есепке алу орталығы» акционерлік қоғамының  (бұдан әрі – «Сауда-саттықты ұйымдастырушы») мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық конкурстың (бұдан әрі – «Конкурс» немесе «Сауда-саттықтар») өткізілетіні туралы хабарлайды.

Қатысу үлесін өткізу ҚМГ Директорлар кеңесінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 3/25 шешімімен бекітілген «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ активтерін өткізу қағидаларына (бұдан әрі – «Қағидалар») және 2018 жылғы 17 қаңтардағы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 66 шешімімен бекітілген мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу регламентіне (бұдан әрі – «Регламент») сәйкес жүзеге асырылады.

Өткізілетін Сауда-саттықтар туралы ақпарат орналастырылатын веб-сайттардың электрондық мекенжайлары: www.kmg.kz, және www.gosreestr.kz.

Өткізілетін Сауда-саттыққа байланысты олардың құқықтары бұзылған жағдайда өтініш берушілердің өтініштеріне арналған байланыс деректері:

Сатушының активтерді басқару департаментінің сарапшысы

Сәдуақасова Динара Әбдірақымқызы

d.sadvakasova@kmg.kz

Тел.: +7 7172 78 90 48

Сатушының мұнай өнімдері маркетингі департаменті бөлімінің бастығы

Юсупов Ерлан Нұрланұлы

y.yusupov@kmg.kz

Тел.: +7 717-2-78-90-52

Актив туралы жалпы мәліметтер:

Атауы
 (мемлекеттік тілде):

КМГ-ның «ҚМГ-Retail» ЖШС жарғылық капиталына 100% қатысу үлесі

Атауы
(орыс тілінде)

100% доля участия КМГ в уставном капитале Товарищества с ограниченной ответственностью «КМГ-Retail»

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі

091240004926

Қызмет түрі

Көмірсутегі шикізатын қайта өңдеу өнімдерін көтерме және бөлшек сату

Орналасқан жері

010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Тұран даңғылы, 1-үй

Активтің меншік иесі

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ
Астана қ.,
Қабанбай батыр даңғ., 19-үй
ҚМГ Активтерді басқару департаменті+7 (7172) 786126 немесе +7 (7172) 786417 Факс: +7 (7172) 786000

E-mail: Astana@kmg.kz

Активтің бағасы туралы мәліметтер

Бағалау күні: 2018 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша
Қатысу үлесінің бағалау құны: 59 911 782 000 (елу тоғыз миллиард тоғыз жүз он бір миллион жеті жүз сексен екі мың) теңге.

Бағалаушының атауы: «Делойт ТСФ» ЖШС

Ауыртпалықтар (тыйым салу) туралы мәліметтер

Активке қатысты ауыртпалықтар (тыйым салулар) жоқ

Қосымша деректер мен қаржылық көрсеткіштер

Осы Хабарламаға № 1 қосымша

Активпен таныстыру тәртібі

Осы Хабарламаға № 2 қосымша

Сауда-саттықтар туралы жалпы мәліметтер:

Сауда-саттықтың күні мен уақыты

(өтінімдерді ашу)

2018 жылғы 7 желтоқсан, Астана уақыты бойынша сағ. 11:00

Сауда-саттықтың нысаны және әдісі

Электрондық конкурс

Активтің бастапқы бағасы

59 911 782 000 (елу тоғыз миллиард тоғыз жүз он бір миллион жеті жүз сексен екі мың) теңге

Кепілдік жарнасының мөлшері

72 150 000 (жетпіс екі миллион жүз елу мың) теңге

Өтінімдерді қабылдау мерзімі

Өтінімдерді қабылдау осы Хабарлама жарияланған күннен басталады. Өтінімдерді қабылдау мерзімі Сауда-саттық басталғанға дейін екі саған бұрын аяқталады

Конкурсты өткізу тәртібі

Осы Хабарламаға № 3 қосымша

Конкурстың талаптары

Осы Хабарламаға № 4 қосымша

Қатысуға арналған өтінім

Конкурсқа қатысуға арналған шектеулер

Осы Хабарламаға № 5 қосымша

Осы Хабарламаға № 6 қосымша

 

Сатып алу-сату шарты

Осы Хабарламаға № 7 қосымша

Ерекше талаптардың орындалуын қамтамасыз ету туралы шарт

Осы Хабарламаға № 8 қосымша

Төлеу шарттары

Аванстық төлем (сатып алу бағасынан кемінде 15%) сатып алу-сату шарты күшіне енген күннен бастап  10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей енгізіледі. Сатып алу бағасының қалған бөлігін төлеу Сатып алушымен сатып алу-сату шарты күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

Активтің сатушысы

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ
Астана қ.,
Қабанбай батыр даңғ., 19-үй
ҚМГ Активтерді басқару департаменті+7 (7172) 786126 немесе +7 (7172) 786417 Факс: +7 (7172) 786000

E-mail: Astana@kmg.kz

Сауда-саттықтарды ұйымдастырушы

«Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ
Астана қ., Республика даңғылы, 29-үй
+7 (7172) 552981

Кепілдік жарнаны аударуға арналған банк деректемелері:
Төлемнің алушысы (орыс.): АО "Информационно-учетный центр"; БИН: 050540004455.

 "ҚАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ-дағы есеп айырысу шоты  (IBAN/ЖСК): KZ529261501102032004; БСК: KZKOKZKX; КНП: 171; Кбе: 16.

Сауда-саттықтар туралы қосымша ақпарат

Электрондық сауда-саттықты өткізу регламенті туралы қосымша ақпаратты Сауда-саттықты ұйымдастырушының корпоративтік  www.gosreestr.kz сайтынан табуға болады.

Осы Хабарламаға қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады және ҚМГ мен Сауда-саттықты ұйымдастырушының корпоративтік веб-сайттарына орналастырылған.