ҚМГ жаңалықтары

27.11.2020

ҚМГ және Татнефть компаниялары мұнай-газ химиясы жобалары саласында ынтымақтастықты жоспарлап отыр

Қарашаның 25-і күні «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев және «Татнефть» ЖАҚ (бұдан әрі – Татнефть) бас директоры Наиль Маганов онлайн тәртібінде жиналыс өткізді. 

Келіссөз барысында мұнай-газ химиясының жобаларын дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Татнефть Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймақта орналасқан жобаларға, соның ішінде бутадиен мен оның деривативтерінің өндірісіне қызығушылық танытты. Сондай-ақ компаниялар арасындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойылды.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың шілде айында ҚМГ мен Татнефть арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Құжат ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын айқындады. Ал 2019 жылдың қарашасында «Татнефть» компаниясының озық тәжірибесін Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласына енгізуді қамтамасыз ету жөніндегі жол картасына» қол қойылды.