ҚМГ жаңалықтары

24.05.2021

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өтеу мерзімдері 2025, 2027, 2030, 2047, 2048 жылдарға келетін еурооблигациялар ұстаушыларына келісім алу үшін өтініш жасайтынын хабарлайды

ОСЫ ХАБАРЛАНДЫРУДЫ НЕМЕСЕ МЕМОРАНДУМДЫ ШЫҒАРУ, ЖАРИЯЛАУ НЕМЕСЕ ТАРАТУ ЗАҢСЫЗ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН (АЙҚЫНДАМАҒА СӘЙКЕС) ҚАНДАЙ ДА БІР ЮРИСДИКЦИЯДАҒЫ НЕМЕСЕ ОСЫНДАЙ ЮРИСДИКЦИЯНЫҢ РЕЗИДЕНТІ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН КЕЗ КЕЛГЕН ТҰЛҒАНЫҢ АТЫНА ШЫҒАРУҒА, ЖАРИЯЛАУҒА НЕМЕСЕ ТАРАТУҒА АРНАЛМАҒАН.

2021 жылғы 24 мамыр

"ҚАЗМҰНАЙГАЗ" ҰК АҚ ПЕН KAZMUNAIGAZ FINANCE B. V. 4,750% ПРОЦЕНТТІК МӨЛШЕРЛЕМЕМЕН ЖӘНЕ 2025 ЖЫЛЫ ӨТЕУ МЕРЗІМІМЕН 500 000 000 АҚШ ДОЛЛАРЫ СОМАСЫНДАҒЫ ОБЛИГАЦИЯЛАРҒА, 4,75% ПРОЦЕНТТІК МӨЛШЕРЛЕМЕМЕН ЖӘНЕ 2027 ЖЫЛЫ ӨТЕУ МЕРЗІМІМЕН 1 000 000 000 АҚШ ДОЛЛАРЫ СОМАСЫНДАҒЫ ОБЛИГАЦИЯЛАРҒА, 5,375% ПРОЦЕНТТІК МӨЛШЕРЛЕМЕМЕН ЖӘНЕ 2030 ЖЫЛЫ ӨТЕУ МЕРЗІМІМЕН 1 250 000 000 АҚШ ДОЛЛАРЫ СОМАСЫНДАҒЫ ОБЛИГАЦИЯЛАРҒА, 5,75% ПРОЦЕНТТІК МӨЛШЕРЛЕМЕМЕН ЖӘНЕ 2047 ЖЫЛЫ ӨТЕУ МЕРЗІМІМЕН 1 250 000 000 АҚШ ДОЛЛАРЫ СОМАСЫНА ОБЛИГАЦИЯЛАРҒА ЖӘНЕ 6,375% ПРОЦЕНТТІК МӨЛШЕРЛЕМЕМЕН ЖӘНЕ 2048 ЖЫЛЫ ӨТЕУ МЕРЗІМІМЕН 1 500 000 000 СОМАСЫНДАҒЫ ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫ ҚАТЫСТЫ КЕЛІСІМ АЛУ МАҚСАТЫНДА АЙНАЛЫМДЫ ЖАРИЯЛАЙДЫ – ОЛАРДЫҢ БАРЛЫҒЫН "ҚАЗМҰНАЙГАЗ" ҰК АҚ ПЕН KAZMUNAIGAZ FINANCE SUB B. V. АУҚЫМДЫ ОРТА МЕРЗІМДІК ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫ ШЫҒАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ "ҚАЗМҰНАЙГАЗ" ҰК АҚ ШЫҒАРАДЫ.

 

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ ("Эмитент" немесе "ҚМГ") пен KazMunaiGaz Finance Sub B. V. ("KMG Finance") бүгін әрбір төмендегі облигацияларды ұстаушыға ("Облигация ұстаушы") шақыруды хабарлайды:

  • 500,000,000 АҚШ доллары сомасындағы, 2025 жылы өтеу мерзімімен 4,750 проценттік облигациялар (S: XS1807299174 ережесі бойынша ISIN Ауқымды облигациялар; 144А ISIN: US48667QAR65 қағидасы) ("2025 облигациялары"), оның ішінде 500 000 000 АҚШ доллары өтелмеген күйінде қалады;
  • 1 000 000 000 АҚШ доллары сомасындағы, 2027 жылы өтеу мерзімімен 4,75 проценттік облигациялар (S: XS1595713782 ережесі бойынша ISIN Ауқымды облигациялар; 144A ISIN: US48667QAN51 қағидасы) ("2027 облигациялары"), оның ішінде 1 000 000 000 АҚШ доллары сомасындағы облигациялар өтелмеген күйінде қалады;
  • 1 250 000 000 АҚШ доллары сомасындағы, 2030 жылы өтеу мерзімімен 5,375 проценттік облигациялар (S: XS1807300105 ережесі бойынша ISIN Ауқымды облигациялар; 144A ISIN: US48667QAQ82 қағидасы) ("2030 облигациялары"), оның ішінде 1 250 000 000 АҚШ доллары сомасындағы облигациялар өтелмеген күйінде қалады;
  • 1 250 000 000 АҚШ доллары сомасындағы, 2047 жылы өтеу мерзімімен 5,75 проценттік облигациялар (S: XS1595714087 ережесі бойынша ISIN Ауқымды облигациялар; 144A ISIN: US48667QAP00 қағидасы) ("2047 облигациялары"), оның ішінде 1 250 000 000 АҚШ доллары сомасындағы облигациялар өтелмеген күйінде қалады; сондай-ақ
  • 1 500 000 000 АҚШ доллары сомасындағы, 2048 жылы өтеу мерзімімен 6,375 проценттік облигациялар (S: XS1807299331 ережесі бойынша ISIN Ауқымды облигациялар; 144A ISIN: US48667QAS49 қағидасы) ("2048 облигациялары"), оның ішінде 1 500 000 000 АҚШ доллары сомасындағы облигациялар өтелмеген күйінде қалады,

(әрқайсысы жеке-жеке "Серия", ал барлығы бірге - "Облигациялар" деп аталады»),

  1. I) 2025 облигациялардың шарттарына, (ii) 2027 облигациялардың шарттарына, (iii) 2030 облигациялардың шарттарына, (iv) 2047 облигациялардың шарттарына, (v) 2048 облигациялардың шарттарына және (vi) 2025 облигациялар, 2027 облигациялар, 2030 облигациялар, 2047 облигациялар мен 2048 облигациялар туралы жазылған траст шарттарының ережелеріне сұратылатын ("Өтініш") белгілі бір ұсынылатын түзетулерді ("Ұсынылатын түзетулер") енгізуге өз келісімін беру бұл өзгерістер Меморандумда анағұрлым егжей-тегжейлі көрсетілген (төменде белгіленгендей) ("Ұсыныс").

Өтініш 2021 жылғы 24 мамырдағы Келісім беру туралы меморандумда ("Меморандум") баяндалған шарттарда және шарттарға сәйкес ұсынылады. Осы хабарландыруда қолданылатын және айқындамалары онда көрсетілмеген терминдер Меморандумда оларға берілген мағынаға ие болады.

Өтінішке қатысты дауыс беру үшін Облигация ұстаушылар 2021 жылғы 14 маусымдағы ("Дауыс беру мерзімінің аяқталу күні") Жиналыс туралы хабарламада көрсетілген мерзімге қарай Дауыстарды есептеу жөніндегі агентке Дауыс беру жөніндегі нұсқаулықты беруі тиіс немесе 2021 жылғы 16 маусымдағы тиісті Жиналыс туралы хабарламада көрсетілген уақытта өткізілетін тиісті Жиналыста дауыс беру үшін шаралар қабылдауы тиіс.

2025 облигацияларының, 2027 облигацияларының, 2030 облигацияларының, 2047 және 2048 облигацияларының әрбір сериясына қатысты ерте келісім беру үшін Сыйақы - бұл тиісті Төтенше қарардың пайдасына заңды негіздерде Дауыс беру туралы нұсқаулықтарды беретін әрбір Серияның барлық ұстаушылары арасында ("Білікті облигация ұстаушылар") бөлінетін тіркелген сома болып табылады, бұл ретте, Дауыстарды есептеу жөніндегі агент Дауыс беру туралы нұсқаулықтарды 2021 жылғы 7 маусымда сағат 17:00-ден (Шығыс стандартты уақыты бойынша) / 22:00-ден (Лондон уақыты бойынша) кешіктірмей ("Ерте келісім беру мерзімінің аяқталу күні") алады. Төмендегі кестеде әрбір Білікті облигация ұстаушысы білікті облигациялардың негізгі сомасын 1000 АҚШ долларына алатын Ерте келісім беру үшін сыйақының болжамды мысалы көрсетілген, егер (i) әрбір Сериядағы барлық Облигация ұстаушылар Ерте келісім беру мерзімінің аяқталу күніне қарай Төтенше қарардың пайдасына өздерінің Дауыс беру жөніндегі нұсқаулықтарын ұсынса: немесе (ii) әрбір Сериядағы Облигациялардың негізгі сомасының үштен екісіне иелік ететін Облигация ұстаушылар (және бұл негізгі сома кез келген Жиналыста кворум қалыптастыру үшін жеткілікті болады) Ерте келісім беру мерзімінің аяқталу күніне қарай тиісті Төтенше қарардың пайдасына Дауыс беру жөніндегі нұсқаулықтарын ұсынады:

Ерте келісім беру үшін сыйыақы

2025 облигациялары

2027 облигациялары

2030 облигациялары

2047 облигациялары

2048 облигациялары

Барлық Білікті ұстаушылар арасында бөлінетін жиынтық сыйақы

2,4 миллион АҚШ доллары

6,6 миллион АҚШ доллары

10,9 миллион АҚШ доллары

18,1 миллион АҚШ доллары

21,8 миллион АҚШ доллары

Егер келісім Облигация ұстаушылардың 100%-інен алынса, Ерте келісім беру үшін берілетін алдын ала сыйақы сомасы 1

2025 облигацияларының номиналды құнының әрбір 1 000 АҚШ долларына шаққанда 4,80 АҚШ доллары

2027 облигацияларының номиналды құнының әрбір 1 000 АҚШ долларына шаққанда 6,60 АҚШ доллары

2030 облигацияларының номиналды құнының әрбір 1 000 АҚШ долларына шаққанда 8,72 АҚШ доллары

2047 облигацияларының номиналды құнының әрбір 1 000 АҚШ долларына шаққанда 14,48 АҚШ доллары

2048 облигацияларының номиналды құнының әрбір 1 000 АҚШ долларына шаққанда 14,53 АҚШ доллары

Егер келісім Облигация ұстаушылардың 662/3%-інен алынса, ерте келісім үшін берілетін алдын ала сыйақы сомасы 1

2025 облигацияларының номиналды құнының әрбір 1 000 АҚШ долларына шаққанда 7,20 АҚШ доллары

2027 облигацияларының номиналды құнының әрбір 1 000 АҚШ долларына шаққанда 9,90 АҚШ доллары

2030 облигацияларының номиналды құнының әрбір 1 000 АҚШ долларына шаққанда 13,08 АҚШ доллары

2047 облигацияларының номиналды құнының әрбір 1 000 АҚШ долларына шаққанда 21,72 АҚШ доллары

2048 облигацияларының номиналды құнының әрбір 1 000 АҚШ долларына шаққанда 21,80 АҚШ доллары

1       Бұл цифрлар тек мысал үшін көрсетілген. Ерте келісім беру үшін кез келген Сыйақының іс жүзіндегі сомасы, егер тиісті Төтенше қарар қабылданса және Ұсыныстың өзге де шарттары орындалса немесе оларды орындау туралы талаптан бас тарту талап етілсе, тиісті Төтенше шешімді қолдау үшін Ерте келісім беру мерзімі аяқталғанға дейін алынған Дауыс беру жөніндегі нұсқаулықтардың жалпы санына байланысты болады (Эмитенттің өз қалауы бойынша).

Ұсынылатын өзгерістер

2025 облигацияларының, 2027 облигацияларының, 2030 облигацияларының, 2047 облигацияларының және 2048 облигацияларының әрқайсысының тиісті ұстаушыларының осындай Облигациялардың және осындай Облигацияларға арналған траст шарттарының ("Траст шарттарына") талаптарына Төтенше қарарлар қабылдау арқылы ұсынылатын түзетулерді енгізуге келісімі сұратылады.

2025 облигацияларын, 2027 облигацияларын, 2030 облигацияларын, 2047 облигацияларын және 2048 облигацияларын ұстаушылардың Облигациялардың әрбір сериясының шарттарын ("Шарттар"), Ұсынылатын түзетілермен бірге (олар бекітілген жағдайда), 2033 жылы өтеу мерзімімен 3,500%-тік 750 000 000 АҚШ доллары сомасындағы облигациялардың ("2020 облигациялары") шарттарына сәйкес келтіруге және бекітуге келісімі сұратылады, олар Күшіне енген күнінен бастап қолданыла бастайды. Егер Ұсынылған түзетулер күшіне енсе, әрбір Серияның өзгертілген шарттарының коммерциялық ережелері 2020 облигацияларының ережелері мен шарттарымен ("2020 шарттары") бірдей болады. Сонымен қатар, 2025 облигацияларын, 2027 облигацияларын, 2030 облигацияларын, 2047 облигацияларын және 2048 облигацияларын ұстаушыларға 2020 жылғы Траст шартына 4-қосымшаның (Облигация ұстаушылардың жиналыстарын өткізу шарттары) талаптарын әрбір Траст шартының 4-қосымшаның (Облигация ұстаушылардың жиналыстарын өткізу шарттары) сәйкес келтіруге олардың келісімін және мақұлдауын беру өтінішімен жүгінеді.

Өтініш негіздемесі

Соңғы жылдары ҚМГ негізгі серіктестері - ұлттық мұнай компанияларымен және басқа да мемлекеттік ұлттық мұнай компанияларымен және (немесе) бүкіл әлем бойынша инвестициялық деңгейдегі эмитенттерімен өз міндеттемелер пакетін келісу стратегиясын сәтті жүргізді. ҚМГ осы мақсатқа қол жеткізу үшін бірқатар облигацияны табысты орналастыру мен келісім алу бойынша өтініштер жүргізді. Осындай іс-шаралардың ең соңғысы ҚМГ-нің 2020 жылғы қазанда 2020 облигацияларын шығаруы болды, оны нарықтағы инвесторлар үлкен қызығушылықпен қарсы алды.

Бұл орналастыру ҚМГ мәртебесіне және оның Қазақстан Республикасы үшін стратегиялық маңыздылығына сәйкес келетін міндеттемелер пакетін туындатты.

Қазіргі уақытта ҚМГ Ұсыныстарға сай, Шарттарды 2020 жылғы Шарттарға сәйкес келтіруге ұмтылады.

Келісу, егер ол іске асырылатын болса, ҚМГ-ні икемді етеді, бұл корпоративтік даму стратегиясын іске асыру және Қазақстан Республикасының ұлттық мұнай компаниясы ретіндегі рөлін нығайту үшін қажет. Егер Шарттардағы міндеттемелер 2020 жылдың Шарттарымен келісілген болса, онда олар, мысалы, ҚМГ-ге оның 100 проценттік еншілес компаниясы - "ҚазТрансГаз" АҚ-қа ("ҚТГ") қатысты белгілі бір шаралар қолдануға мүмкіндік берер еді, бұл төмендегі "Өтініш шарттары – Ұсыныстың негіздемесі - ҚТГ-ны беру ықтималдығы" бөлімінде талқыланғандай, қазіргі уақытта осы Шарттармен рұқсат етілмеген (олар 2020 жылдың шарттарына сәйкес болса да).

ҚМГ Ұсынылған өзгерістерді тиісті рейтингтік агенттіктермен талқылады және осы талқылаулардан кейін Төтенше қарарлардың қабылдануы оның корпоративтік рейтингтерінің немесе Облигациялардың рейтингтерінің өзгеруіне әкелмейді деп күтеді. Осы хабарландыру күніндегі жағдай бойынша Эмитент Moody's Investors Service Ltd агенттігі ("Moody's") берген "Baa3: болжам тұрақты" рейтингіне, Standard & Poor's Credit Market Services Europe Limited ("S&P") агенттігі берген "BB: теріс болжам" рейтингіне және Fitch Ratings Limited ("Fitch") агенттігі берген "BBB -": болжам тұрақты рейтингіне ие. Осы Шарттармен салыстырғанда, 2020 жылғы Шарттарға енгізілген кейбір өзгерістерге жасалған қысқаша шолуды осы Меморандумның "Ұсынылған өзгерістердің қысқаша шолуы - Шарттар мен 2020 жылғы Шарттар арасындағы кейбір айырмашылықтарды салыстырып тексеру" бөлімінде қараңыз.

Ұсыныс шарттары

Ұсынысты жүзеге асыру шарты (егер Эмитент өз қалауы бойынша одан бас тартпаса) тиісті Серия бойынша әрбір тиісті Жиналыста немесе Қайта өткізілетін жиналыста Ұсынысқа қатысты барлық бес Төтенше қарарды лайықты түрде қабылдау болып табылады ("Ұсыныс шарты").

Егер Эмитент Ұсыныстың мұндай Шартынан бас тартса, бір немесе бірнеше Төтенше қарар тиісті Жиналыста немесе мән-жайларға орай, Қайта өткізілетін жиналыста белгіленген тәртіппен қабылданбағанда тіпті, қандай да бір болмасын басқа Төтенше қарар белгіленген тәртіппен тиісті Жиналыста немесе мән-жайларға орай, Қайта өткізілетін жиналыста қабылданған жағдайда, Облигация ұстаушыларға Ерте келісім беру үшін ешқандай сыйақы төленбейді.

Жиналыстар мен нәтижелерді жариялау

Ұсынысты қарау үшін Облигация ұстаушылардың жиналыстары 2021 жылғы 16 маусымда сағат 10:00-ден бастап (Лондон уақыты бойынша) телеконференция режимінде өткізіледі, ал әрбір басқа Серияға қатысты кейінгі Жиналыстар 15 минуттық интервалмен бірінен соң бірі өткізілетін болады.

Қазір болып жатқан оқиғалар мен Ұлыбритания үкіметінің COVID-19-ға қатысты нұсқаулары аясында Эмитент жиналысты нақты бір жерде өткізуді орынсыз деп санайды. Осылайша, Траст шарттарының ережелеріне сәйкес Жиналыстар (және кез келген Қайта өткізілетін жиналыстар) телеконференция немесе басқа электрондық құралдар ("Виртуалды жиналыс") арқылы өткізілетін жағдайда Жиналыс өткізудің қосымша қағидалары ұсынылады. Тиісінше, жиналыстар (және кез келген Қайта өткізілетін жиналыстар) нақты жерде өткізілмейді. Мұндай жағдайда Дауыстарды есептеу жөніндегі агентке қандай да бір болмасын Жиналысқа қатысқысы келетінін көрсеткен Облигация ұстаушыларға тиісті Виртуалды жиналысқа қатысу туралы қосымша ақпарат беріледі.

Виртуалды жиналысқа (және кез келген Қайта өткізілетін жиналысқа) қатысу бейне-конференция байланысы үшін қауіпсіз жабдық арқылы жүзеге асырылады. Интернет байланысында іркілістер болған жағдайда Жиналысқа (және кез келген Қайта өткізілетін жиналысқа) қатысу үшін балама телефон нөмірі берілуі тиіс. Облигация ұстаушылар телеконференцияға немесе бейне-конференцияға қауіпсіз байланыс желісі арқылы қосылу арқылы "виртуалды" қатысады. Әрбір Облигация ұстаушы Виртуалды жиналысты реттейтін кез келген процесті толық түсініп, келіскен деп санайды және Облигация ұстаушылардың өкіліне жиналыстың виртуалды өткізілгеніне кінәлі болмайды. Тиісті Жиналысқа қатысты өзінің қолданыстағы Дауыс беру жөніндегі нұсқаулығын берген және қайтарып алмаған Облигация ұстаушылар белгіленбейді және оларға қандай да бір болмасын одан арғы іс-әрекеттер қолдану ұсынылмайтын болады.

Қандай да бір болмасын Жиналысқа қатысуға құқығы бар және оған қатысуға ниет білдірген әрбір тұлға ("қатысушы") тиісті Жиналыс үшін белгіленген уақытқа дейін 48 сағаттан кешіктірмей, Дауыстарды есептеу жөніндегі агентті (осы Хабарландырудың артқы жағында көрсетілген мекенжайлар мен байланыс деректері бойынша хабарландыру жібере отырып) жазбаша түрде хабардар етуі тиіс. Мұндай хабарламада қатысушының толық аты-жөні, қатысу мәртебесі және (егер ол дауыс беруге құқылы болса) ол иелік ететін немесе білдіретін тиісті сериялы Облигациялардың негізгі сомасы, сондай-ақ электрондық пошта арқылы оның байланыс деректері көрсетілуі тиіс. Егер қатысушы тиісті Жиналыста дауыс берсе, хабарландыруға қолданыстағы жеке басын куәландыратын құжаттың (паспорттың немесе жүргізуші куәлігінің) электрондық көшірмесі және қолданылған жағдайда, осы қатысушы иелік ететін немесе ұсынатын Облигациялардың бұғатталуының жеткілікті дәлелі қоса берілуі тиіс. Тиісті Жиналыстың белгіленген уақытына дейін Дауыстарды есептеу жөніндегі агент осы тармаққа сәйкес өз хабарландыруларын жіберген қатысушылар туралы (олардың электрондық поштасы туралы деректерді қоса алғанда) Жиналыстың төрағасын хабардар етуі тиіс. Төраға (немесе төрағаның атынан дауыс есептегіш) Жиналыс үшін белгіленген уақытқа дейін, кем дегенде, 2 сағат бұрын әрбір қатысушыға алдыңғы ұсынысқа сәйкес Дауыстарды есептеу жөніндегі агенттің хабарландыруында көрсетілгендей, берілген электрондық пошта туралы байланыс деректерін пайдалана отырып, телеконференцияға қол жеткізу жөніндегі нұсқаулықтарды жібереді.

Жиналыстардан кейін Эмитент және (немесе) KMG Finance Жиналыстардың нәтижелерін жариялайды.

Өтініш берудің үлгі кестесі

Мұнда Меморандумда көрсетілген мерзімдерге негізделген Өтініш беру мерзімдерінің ықтимал нұсқаларының бірін көрсететін үлгі кесте ұсынылған. Бұл кесте Меморандумда баяндалған шарттарға сәйкес (ұсынысқа қойылатын талаптарды қоса алғанда) өзгертілуі мүмкін, ал оның мерзімдерін Эмитент (немесе эмитенттің атынан KMG Finance) өз қалауы бойынша ұзартуы немесе өзгертуі мүмкін. Тиісінше, іс жүзіндегі кесте осы бөлімде сипатталғанға қарағанда айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Сонымен қатар, егер Жиналыс кейінге қалдырылуы керек болса, кесте өзгеруі мүмкін.

Күні мен уақыты (егер басқаша көрсетілмесе, Нью-Йорк уақытымен көрсетілген уақыт)

Оқиға

2021 жылғы 24 мамыр........................

Басталу күні

17:00, 2021 жылғы 7 маусым..............

Тізім жасалған күн

17:00, 2021 жылғы 7 маусым..............

«Ерте дауыс беру мерзімінің аяқталу күні»

2021 жылғы 7 маусым (Жиналыс туралы тиісті хабарландыруда көрсетілген мерзімге дейін әрбір Серияға қатысты)

Дауыс беру мерзімінің аяқталу күні

2021 жылғы 16 маусым......................

Жиналыстар және нәтижелерді хабарлау

2021 жылғы 18 маусым немесе осы күнге жақын дата...............................

Есептеу күні

 

Жалпы ережелер

Эмитент (немесе эмитенттің атынан KMG Finance) өз қалауы бойынша кез келген уақытта Ұсыныстың немесе Айналыстың қандай да бір шартын ұзарта, жаңарта, өзгерте немесе одан бас тарта алады (қолданыстағы заңнама мен Меморандумға сәйкес). Кез келген осындай ұзарту, қайта бастау, өзгерту, талап ету құқықтарынан бас тарту, тоқтату немесе кері қайтарып алу туралы толық ақпарат осы хабарландыруда көзделгендей, тиісті шешім қабылданғаннан кейін мүмкіндігінше қысқа мерзімде хабарланады.

Облигация ұстаушыларға кез келген банктен, бағалы қағаздар жөніндегі брокерден немесе өздері Облигацияларды ұстап отырған басқа делдалдан, мұндай делдал Облигация ұстаушыдан осы Облигация ұстаушының Ұсынысқа немесе Айналысқа қатыса алуы үшін немесе (кері шақырып алуға рұқсат етілген шектеулі жағдайларда) Ұсынысқа немесе Айналысқа қатысуға арналған өзінің нұсқаулығын (тапсырмасын) Меморандумда көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін қайтарып алу үшін нұсқаулар алуды талап еткен кезде кеңес алу ұсынылады. Дауыс беру жөніндегі нұсқаулықтарды беру және кері қайтарып алу үшін әрбір Клирингтік жүйе белгілеген соңғы мерзімдер Меморандумда көрсетілген тиісті мерзімдерге қарағанда неғұрлым ерте мерзімге белгіленетін болады.

Ұсыныс пен Айналыс туралы, сондай-ақ Ұсыныс пен Айналыс жасалатын шарттар туралы қосымша ақпарат алу үшін Облигация ұстаушылар Меморандумға жүгінуге тиіс. (А) Ұсыныс пен Айналысқа байланысты көмек туралы сұрақтар мен өтініштерді Келісімдер алу жөніндегі агенттерге жіберуге болады; а (b) Ұсыныс, Айналыс және Дауыс беру жөніндегі нұсқаулықтар Дауыстарды санау жөніндегі агенттерге жіберілуі мүмкін, барлық аталған агенттердің байланыс деректері төменде келтірілген.

Егер өзгеше көрсетілмесе, Ұсыныс пен Айналысқа қатысты хабарландырулар (i) танылған жаңалықтар қызметінің баспасөз хабарларын шығару түрінде; (ii) оларды одан әрі тікелей қатысушыларға беру үшін Клирингтік жүйелерге берілетін хабарламалар түрінде; (iii) RNS арқылы, Лондон Қор биржасы басқаратын жаңалықтарды тарату қызметі арқылы; (iv) Қазақстан Қор биржасының (бұдан әрі – Қор биржасы) веб-сайтында (www.kase.kz) жариялау арқылы; және (v) Astana International Exchange веб-сайтында  (www.aix.kz) жариялау арқылы берілетін болады. Эмитент пен KMG Finance сондай-ақ Reuters International Insider Screen тиісті бетінде Ұсыныс пен Айналысқа қатысты хабарландырулар бере алады. Барлық осындай хабарландырулардың, баспасөз хабарламаларының және хабарламалардың көшірмелерін Дауыстарды санау жөніндегі агенттен де алуға болады, оның байланыс деректері осы хабарландырудың соңында көрсетілген. Хабарламаларды Клирингтік жүйелерге жеткізу кезде айтарлықтай кідірістер болуы мүмкін, сондықтан Облигация ұстаушыларға Айналыс барысында тиісті хабарламалар алу үшін Дауыстарды санау жөніндегі агентпен байланысу ұсынылады. Сонымен қатар, Облигация ұстаушылары осы хабарламаның соңында көрсетілген байланыс ақпаратын қолдана отырып, Келісімдер алу жөніндегі агенттермен байланыса алады. Облигация ұстаушыларға Айналысқа қатысу тәртібі туралы толық және толық ақпарат алу үшін Меморандуммен мұқият танысу ұсынылады.

Меморандумның көшірмелерін төменде көрсетілгендей Дауыстарды санау жөніндегі агенттен алуға болады. Осы хабарламада бас әріппен жазылған және анықтамалары көрсетілмеген терминдер Меморандумда берілген мағыналарға ие.

Бұл ескерту:

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ға, Қонаев к-сі, 8  

Нұр-Сұлтан қ-сы, 010000 Қазақстан

«KazMunaiGaz Finance Sub B.V.» компаниясы берді,

Strawinskylaan 807

Tower A-8
1077 XX Amsterdam
Нидерланды

 

Айналысқа байланысты көмек туралы сұрақтар мен өтініштерді Келісімдер алу жөніндегі кез келген агентке жіберуге болады.

J.P. Morgan AG

Taunustor 1 (TaunusTurm)
60310 Frankfurt am Main
Германия
 
 

Кімге: EMEA Liability management Group

Эл. пошта: em_europe_lm@jpmorgan.com

J.P. Morgan Securities plc

25 Bank Street

 Canary Wharf

Лондон E14 5JP

Ұлыбритания

Кімге: EMEA Liability management Group

Эл. пошта: em_europe_lm@jpmorgan.com

UBS AG Банкінің Лондон бөлімшесі

5 Broadgate
Лондон EC2M 2QS
Ұлыбритания
 

 

Кімге: Liability Management Group

Телефон (АҚШ) (адресат төлейтін) +1 (203) 719-4210; (тегін) +1 (888) 719-4210

Телефон (Ұлыбритания) +44 20 7568 1121

Email: ol-liabilitymanagement-eu@ubs.com

 

Дауыс беру жөніндегі нұсқаулықтарды жеткізуге байланысты көмек туралы сұрақтар мен өтініштерді Дауыстарды санау жөніндегі агентке жіберуге болады.


«Lucid Issuer Services Limited» компаниясы

Tankerton Works

12 Argyle Walk

Лондон WC1H 8HA

Ұлыбритания

Кімге: Дэвид Шилсон (Дэвид Шилсон)
телефоны:
+44 207 704 0880,
эл. пошта: kmg@lucidis.com 

ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БАС ТАРТУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ

Бұл ескертуді Меморандуммен бірге оқу керек. Осы хабарландыру мен Меморандумда Айналысқа қатысты қандай да бір шешім қабылдамас бұрын мұқият танысу қажет болатын маңызды ақпарат бар. Егер сізде осы Меморандумның немесе сіз қабылдауға тиісті әрекеттердің мазмұнына қатысты күмәніңіз болса, қаржылық және заңгерлік кеңес алуға, оның ішінде кез келген салық салдарына қатысты, өзіңіздің биржалық брокеріңізге, банк менеджеріне, заң кеңесшісіне, бухгалтерге немесе басқа тәуелсіз қаржы кеңесшісіне дереу жүгінуге кеңес беріледі. Егер Облигациялары брокерде, дилерде, банкте, кастодианда, сенімгерлік компанияда немесе өзге номиналды ұстаушыда немесе делдалда болатын әлдебір тұлға немесе компания осындай Облигациялар бойынша Айналысқа қатысуға ниет білдірсе, ол осындай мамандармен байланысуы тиіс. Күмән туғызбау үшін, Келісімдер алу жөніндегі агенттер де, Дауыстарды санау жөніндегі агенттер де, Облигация ұстаушылардың өкілі де, Эмитент те, KMG Finance та Облигация ұстаушылардың Айналысқа қатысуы тиістігіне қатысты ешқандай ұсыным бермейді, және де осы Айналысқа байланысты ешқандай өзге түрде ешбір заңдық, іскерлік, салықтық немесе өзге де кеңестер бермейді.

Бұл ескерту тек ақпараттық сипатта беріледі. Айналыс тек Меморандумға сәйкес және қолданыстағы заңнамамен рұқсат етілген юрисдикцияларда ғана жүзеге асырылады. Осы хабарлама да, Меморандум да, Айналысқа қатысты басқа да құжаттар мен материалдар да кез келген юрисдикцияға немесе Айналыс заңсыз болып табылатын кез келген юрисдикцияға қатысуға шақыру болып табылмайды.

Келісімдер алу жөніндегі агенттердің ешқайсысы да, Дауыстарды санау жөніндегі агент те, Облигациялар ұстаушылардың өкілі де (немесе олардың тиісті үлестес тұлғалары, директорлары, лауазымды тұлғалары, қызметкерлері мен агенттері) Меморандумдағы ақпаратты жеке тексерген жоқ және Келісімдер алу жөніндегі агенттер де, Дауыстарды санау жөніндегі Агент те, Облигацияларды ұстаушылардың өкілі де, олардың үлестес тұлғалары да, тиісті директорлар, лауазымды тұлғалар, қызметкерлер немесе агенттер Меморандумға немесе Айналысқа қатысты кез келген түрде (анық немесе тұспалданатын) ешқандай мәлімдемелер, кепілдіктер, міндеттемелер немесе ұсынымдар жасамайды, және осындай адамдардың ешқайсысы Меморандумда қамтылған ақпараттың, сол сияқты Эмитент немесе KMG Finance Айналысқа байланысты немесе оған қатысты берген кез келген басқа ақпараттың немесе Эмитентке, KMG Finance немесе Айналысқа қатысты Эмитент немесе KMG Finance ашпаған маңызды ақпараттың дәлдігіне немесе толықтығына қатысты ешқандай міндеттемелер немесе жауапкершілік алмайды.

Келісімдер алу жөніндегі агенттер, Облигацияларды ұстаушылардың өкілі және Дауыстарды санау жөніндегі агент (және олардың тиісті директорлары, қызметкерлері немесе үлестес тұлғалары) осы хабарламаға, Меморандумға немесе Айналысқа қатысты ешқандай мәлімдемелер немесе ұсынымдар жасамайды. Дауыстарды санау жөніндегі агент Эмитент және KMG Finance агенті болып табылады және Облигация ұстаушылар алдында ешқандай міндеттемелер алмайды. Эмитент те, KMG Finance та, Келісімдер алу жөніндегі агенттер де, Облигация ұстаушылардың өкілі де, Дауыстарды санау жөніндегі агент те, олардың қандай да бір тиісті директорлары, қызметкерлері немесе үлестес тұлғалары да Облигация ұстаушылардың кез келген облигацияға қатысты Айналысқа қатысуға немесе Айналысқа байланысты кез келген іс-әрекеттен тартынуға тиіс пе дегенге қатысты ешқандай ұсынымдар бермейді, және олардың бірде біреуі қандай да бір тұлғаға осындай ұсынымдар беруге уәкілеттік берген жоқ.