ҚМГ жаңалықтары

25.05.2021

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылығы Павлодар мұнай-химия зауытына жұмыс сапарымен барды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылығы Павлодар мұнай-химия зауытының жұмысымен танысты
2021 жылғы 20 мамырда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының мұнай өңдеу және мұнай химиясы жөніндегі орынбасары Данияр Тиесов бастаған делегация Павлодар мұнай-химиясы зауытына жұмыс сапарымен барды. 2021 жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмыстың қорытындысына арналған кеңейтілген отырыс барысында кәсіпорын мамандарының баяндамалары тыңдалып, ПМХЗ-ның ағымдағы жылғы міндеттері белгіленді.
Бұдан бөлек, ҚМГ басшылығы жаңадан салынған орталық инженерлік корпустың жұмысын тексеріп, оқу орталығындағы компьтерлік тренажерлар жүйесімен танысты. Сонымен қатар, зауыт аумағында ағаш отырғызу шарасына қатысты.