ҚМГ жаңалықтары

04.06.2021

ҚМГ және ЕАДБ «Астрахань-Маңғыстау» су құбырын реконструкциялау жобасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Маусымның 4-і күні «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ), «ҚазТрансОйл» АҚ, «Магистралдық суағызғысы» ЖШС және Еуразиялық даму банкі (бұдан әрі – ЕАДБ) Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында «Астрахань-Маңғыстау» магистралды су құбырын реконструкциялау және кеңейту» жобасын қаржыландыруды ұйымдастыру мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Осы келісімге сәйкес тараптар жобаны іске асыру аясындағы ықтимал ынтымақтастықтың нақты талаптарын қосымша талқылайтын болады.  

«Астрахань-Маңғыстау» су құбыры Атырау облысының Құрманғазы, Исатай және Жылыой аудандарының, сондай-ақ Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы мен Бейнеу, Маңғыстау, Қарақия және Түпқараған аудандарының тұтынушылары үшін орталықтандырылған жалғыз су көзі болып табылады. 2020 жылы магистралды су құбыры арқылы 28,4 млн текше метр су жеткізілді. 2020 жылдың деректеріне сәйкес құбырмен келетін судың негізгі үлесі коммуналдық кәсіпорындары (53,8%)  мен мұнай-газ өндіруші компанияларға (39,4%) тиесілі. Өнеркәсіптік мекемелерге су беру көлемі 5,5%, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілеріне 0,7%, жергілікті халық пен бюджеттік ұйымдарға 0,5%-ды құрайды.

«ҚазМұнайГаз» компаниялары тобы корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік саясатының жоғары стандарттарын ұстанады және өз қызметінің тұрақты даму принциптеріне сай болуын қамтамасыз етуге тырысады. Еліміздің батыс өңірлерін сумен қамту мәселесінің маңыздылығын түсіне отырып, біз «Астрахань-Маңғыстау» су құбырын қайта құру жобасын іске асыруға кірістік. Бұл су құбырының қуатын тәулігіне 110 мың текше метрден 170 мың текше метрге ұлғайтуға мүмкіндік бермек», – деді ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Данияр Берлібаев.

«Жоба банк миссиясының талаптарына түгелдей сай келеді, сондықтан ЕАДБ оған қолдау көрсету бойынша барлық мүмкіндіктерін қарастыратын болады. Сонымен қатар мемлекет барынша дамып жатыр: халық саны өсуде, индустрияландыру жалғасуда. Соған орай суға деген қажеттілік де үнемі артып келеді. «Астрахань-Маңғыстау» су құбырын реконструкциялау және кеңейту жұмыстары Қазақстанның батыс өңірлерін сумен қамтамассыз ету жөніндегі өзекті мәселенің шешімін табуға септеседі. ЕАДБ тұрақты даму үшін және сумен қамту мәселесімен байланысты басқа да жобаларда жұмыс істеуге дайын», – деп мәлімдеді ЕАДБ Басқарма төрағасы Николай Подгузов.