ҚМГ жаңалықтары

04.06.2021

ҚазМұнайГаз және ЛУКОЙЛ компаниялары Әл-Фараби жобасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қойды

2021 жылғы 4 маусымда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) және «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ (бұдан әрі – ЛУКОЙЛ) «Әл-Фараби Оперейтинг» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 49,99% қатысу үлесін сатып алу-сату шартына қол қойды. Шара Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында өтті.

Мәміле аяқталғаннан кейін ҚМГ мен ЛУКОЙЛ-дың бірлескен кәсіпорындағы үлестері, тиісінше, 50,01% және 49,99% құрайтын болады.

Әл-Фараби жобасы бойынша ынтымақтастық кэрри-қаржыландыру талаптары негізінде жүзеге асырылады. ҚМГ үлесінің шығындарын стратегиялық серіктес көтереді. Коммерциялық өндіру кезінде шығындар алдағы уақытта жобаны іске асырудан түсетін ҚМГ кірісінен өтелетін болады.

Әл-Фараби учаскесі Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан. Жағажайға дейінгі қашықтық 130 шақырым, судың тереңдігі – 300-600 метр. Негізгі жұмыстарға сәйкес жоқ дегенде 1 ұңғыманы бұрғылау (2500 м) және 3D сейсмобарлау (120 км2) жоспарланып отыр.

«ҚазМұнайГаз» бен ЛУКОЙЛ компанияларын дәстүрлі стратегиялық ынтымақтастық пен ізгі қарым-қатынас байланыстырады. Әл-Фараби жобасы бойынша ЛУКОЙЛ-мен бірге ауқымды жұмыс атқарып жатырмыз. Біздің әріптестігіміз жылдан жылға нығая түсетініне, ал бірлескен жобаларымыз табысты болатынына сенімдімін. Бүгінде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Каспий теңізінде Абай, Исатай, Жеңіс, Әл-Фараби сияқты инвестициялық жобаларды, сондай-ақ полипропилен, полиэтилен мен бутадиен өндіріп шығаратын мұнай-газ химиясы жобаларын қарқынды іске асырып келеді», – деп атап өтті ҚМГ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев.

Бұдан бөлек, кездесу барысында Қазақстанда іске асырылып жатқан мұнай-газ химиясы жобалары да талқыланды.

ҚМГ мен ЛУКОЙЛ Жеңіс, Хвалынск, Орталық жобалары бойынша бірлескен қызметті жүзеге асыруда. Қарашығанақ пен Теңіз мегажобаларына, сондай-ақ Каспий құбыр консорциумы мұнай тасымалдау жобасына бірлесіп да қатысады.