Алаяқтардан сақ болыңыз!

Қазіргі уақытта алаяқтардың Қазақстан азаматтарын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қаржы салуға шақырып, арнайы сайт, мобильді қосымша құрып, әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті. Халықты мұнай мен газ сатып, мол пайдаға кенелуге шақыруда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Қазақстан азаматтарының қаржысын ешқандай инвестициялық жобаларға тартуға шақырмағанын мәлімдейді. Таратылып жатқан жалған жарнамалық хабарландыруға сенбеңіздер. Сақ болыңыздар!

Қандай да бір әрекет жасар алдында ақпараттың растығын анықтап алыңыз.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өз қызметі туралы барлық ақпаратты ресми сайтында сайтында, сондай-ақ YouTube, Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында ғана жариялайды.

ҚМГ жаңалықтары

02.07.2021

«Petromidia» мұнай өңдеу зауытындағы өрт сөндірілді, жағдай бақылауда– KMG International

Жұма күні, 2 шілдеде, Румынияның Констанца қаласының маңындағы «Petromidia» мұнай өңдеу зауытында дизель отынын өңдеу қондырғысында оттың тұтануына әкеліп соққан оқиға орын алды.

KMG International компаниясының корпоративтік даму жөніндегі бас директоры Ескендір Әбдібайытовтың хабарлауынша, алдын ала ақпаратқа сәйкес бес адам зардап шекті, бір адам қайтыс болды.

Дағдарысты басқарудың ішкі рәсімдеріне сәйкес компания барлық ресурстарды жұмылдырды, зауыттағы технологиялық процестер тоқтатылды, барлық қызметкерлер эвакуацияланды.

«Қазіргі уақытта МӨЗ-дегі өрт сөндірілді. Оқиға орнында зауыт пен жергілікті биліктің өртке қарсы қызметтері жұмыс істеуде. Жағдай бақылауда», – деп хабарлады Е. Әбдібайытов.

Еске сала кетейік, «Petromidia» МӨЗ-і Қар теңіз жағалауында орналасқан және KMG International компаниясының Румыниядағы мұнай өңдеу зауыты болып табылады.