ҚМГ жаңалықтары

16.08.2021

ҚазМұнайГаз PwC Kazakhstan рейтингісінде көш бастады

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2019 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша корпоративтік есептерде қаржылық емес ақпаратты ашу бойынша 50 үздік компания рейтингісінде 1-ші орын алды. Рейтингті PwC Kazakhstan компаниясы 107 ұйым арасында өткізді. Зерттеу аясында 2020 жылы жарияланған қазақстандық компаниялардың жылдық есептері мен тұрақтары даму туралы есептеріндегі ESG-ақпаратының сапасы мен қолжетімділігіне баға берілді.

Рейтингті өткізудің мақсаты – қоғам мен инвесторларға қазақстандық бизнес туралы барынша көп ақпарат беру, транспаренттілік деңгейін арттыру және озық елдердің тәжірибесін пайдалана отырып, нарықты қарқынды дамуға ынтыландыру.

Бағалау шарттары тұрақты дамуды басқару, әлеуметтік саясат, экология және корпоративтік басқару сияқты блоктар бойынша ақпарат ашуды қамтыды. Бұдан бөлек, ақпараттың айқындылығы мен сапасына қосымша балл берілді.

«Үздік 50 компания тізімін әзірлеген кезде біз жақсы үрдісті байқадық, қаржылық емес ақпаратты ашатын ұйымдар озық әлемдік тәжірибелер мен стандарттарға ұмтылады. Шетел инвесторлары және кредиторлармен жұмыс істейтін компаниялар (экспорттаушылар, жария компаниялар және капиталында шетелдің қатысуы бар ұйымдар) ақпаратты ашу бойынша ең үздік деп танылды», - делінген есепте.

«ҚазМұнайГаз» өзінің қызметінде тұрақты даму саласындағы ең жоғары стандарттарды ұстанады. Ұлттық компанияда әлем елдеріндегі озық тәжірибелерге сәйкес келетін корпоративтік басқару жүйесі енгізілген, мүдделі тараптармен тиімді диалог жүргізу процесі де жолға қойылған. ESG бойынша ақпаратты беру ашықтығын арттыру мақсатында компаниямыз 2012 жылдан бері GRI стандарттарына сай есебін үзбей жариялап келеді. Рейтингтегі 1-ші орын дұрыс бағытта жұмыс істеп жатқанымызды растап отыр», - деп атап өтті ҚМГ Стратегия және инвестициялар портфелін басқару департаментінің директоры Айша Туребаева.

Рейтинг туралы толық мәліметті сілтеме арқылы оқи аласыз: https://www.pwc.com/kz/ru/esg-ds-report.html.