Алаяқтардан сақ болыңыз!

Қазіргі уақытта алаяқтардың Қазақстан азаматтарын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қаржы салуға шақырып, арнайы сайт, мобильді қосымша құрып, әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті. Халықты мұнай мен газ сатып, мол пайдаға кенелуге шақыруда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Қазақстан азаматтарының қаржысын ешқандай инвестициялық жобаларға тартуға шақырмағанын мәлімдейді. Таратылып жатқан жалған жарнамалық хабарландыруға сенбеңіздер. Сақ болыңыздар!

Қандай да бір әрекет жасар алдында ақпараттың растығын анықтап алыңыз.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өз қызметі туралы барлық ақпаратты ресми сайтында сайтында, сондай-ақ YouTube, Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында ғана жариялайды.

ҚМГ жаңалықтары

06.09.2021

Маңғыстау облысы Боранқұл кен орнындағы жатақханада өрт болды

Қыркүйектің 6-ы күні Нұр-Сұлтан қаласы бойынша шашамен сағат 04.55-те Маңғыстау облысы «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» ЖШС-не қарасты Боранқұл кен орнында екі қабатты жатақханада өрт шықты.

Қазір уақытта өрт ауыздықталды. Өртті сөндіруге «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС өртке қарсы қызметінің 2 өрт тобы жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Алдын ала мәліметтер бойынша оқиға кезінде екі адам қаза тауып, үш адам жарақат алған.

Оқиға орнына «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС филиалының басшылығы барды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да Басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың жетекшілігімен оперативтік штаб құрылды. Жедел штабтың құрамына тиісті құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері кірді.