ҚМГ жаңалықтары

28.09.2021

Павлодар мұнай-химия зауытында жөндеу жұмыстары кезінде ішкі нарықты әуе отынымен Атырау және Шымкент МӨЗ-дері қамтамасыз етеді

Павлодар мұнай-химия зауыты жоспарлы жөндеу жұмыстарына тоқтаған кезінде Қазақстанның әуе отыны өндірісі басқа мұнай өңдеу зауыттары есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Қазан айында Атырау және Шымкент МӨЗ-дері жиыны шамамен 35 мың тонна әуе отынын шығарады. Жинақталған көлемдерді есепке алғанда, бұл ішкі нарықтың әуе отынына деген сұранысын толығымен өтейді.

Еске сала кетейік, Павлодар мұнай-химия зауытының жоспарлы жөндеу жұмыстары қазанның 1-і күні басталады. Зауыттың қалыпты жұмысы қазан айының соңына жоспарланып отыр.