ҚМГ жаңалықтары

01.10.2021

Ішкі нарықта әуе отынының тапшылығы болады деп күтпейміз – «ҚазМұнайГаз»

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ әуе отынының тапшылығы орын алуы мүмкін деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.

«Эйр Астана» компаниясының алаңдаушылығы бұған дейін Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі еліміздегі ішкі нарықтағы ахуалды есепке ала отырып, дизель отынының өндірісін арттыру мақсатында әуе отынын өндіру көлемін өзгертуді қарастыруына негізделген болар.

Қазіргі уақытта ҚМГ жоспары әуе отыны өндірісін жеткілікті деңгейде қамтамасыз етуге негізделген. Әуе отынының жиналған қоры мен тұтыну көлемін ескерсек, бұл ішкі нарықтың сұранысын толығымен өтейді.

Осыған орай, Қазақстанда әуе отынының тапшылығ болады деп күтпейміз.