ҚМГ жаңалықтары

29.10.2021

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-ның 2021 жылдың тоғыз айындағы өндірістік нәтижелері

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ», «Компания»), Қазақстанның тігінен интеграцияланған ұлттық мұнай-газ компаниясы 2021 жылғы тоғыз айдағы өндірістік нәтижелерін жариялайды.

 

2020 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 2021 жылдың тоғыз айындағы негізгі өндірістік көрсеткіштер:

  • Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 2020 жылдың тоғыз айындағы 16 423 мың тоннамен салыстырғанда 15 923 мың тоннаны құрады;
  • Мұнай тасымалдау көлемі 2020 жылдың тоғыз айында 55 225 мың тоннамен салыстырғанда 55 727 мың тоннаны құрады;
  • Газ тасымалдау 12,0%-ға өсіп, 71 036 млн текше метрді құрады;
  • Қазақстан және Румынияның МӨЗ-інде көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі бір жыл бұрынғы 13 081 мың тоннаға қарағанда 7,7%-ға өсіп, 14 083 мың тоннаны құрады.

 

 

2021 9А

(ҚМГ үлесіне)

2020 9А

(ҚМГ үлесіне)

%

Мұнай өндіру, мың тонна

15 923

16 423

-3,0%

Газ өндіру, млн м³

5 811

6 173

-5,9%

Мұнай тасымалдау, мың тонна

55 727

55 225

0,9%

Газ тасымалдау, млн м³

71 036

63 448

12,0%

Мұнай өңдеу, мың тонна

14 083

13 081

7,7%

 

2021 жылдың тоғыз айындағы өндірістік нәтижелер

Өндірістік көрсеткіштер егер өзгесі көрсетілмесе, бірлескен және қауымдасқан компаниялардағы ҚМГ-ның иелік ету үлесіне сәйкес және шоғырландырылған еншілес ұйымдар үшін көрсеткіштердің 100%-ы көрсетілген.

 

Көмірсутек шикізатын өндіру

ҚМГ-ның мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 2021 жылдың тоғыз айында 15 923 мың тонна мұнайды (тәулігіне 436 мың баррель) құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3,0%-ға азайып отыр. Ілеспе және табиғи газ өндіру көлемі 5,9%-ға, 5 811 млн текше метрге дейін төмендеді.

Мұнай мен конденсат өндіру, мың тонна

2021 9А

(ҚМГ үлесіне)

2020 9А

(ҚМГ үлесіне)

%

Өзенмұнайгаз 

3 988

4 027

-1,0%

Маңғыстаумұнайгаз

2 192

2 229

-1,7%

Ембімұнайгаз

1 855

1 967

-5,7%

Теңіз

3 786

4 032

-6,1%

Қашаған

952

954

-0,3%

Қарашығанақ

768

816

-5,9%

Өзгелері

2 382

2 397

-0,6%

Жиыны

15 923

16 423

-3,0%

 

Теңіз кен орнында мұнай өндіру 3 786 мың тоннаны (тәулігіне 111 мың барр.) құрап, өткен жылмен салыстырғанда 6,1%-ға қысқарды. Ілеспе газ өндіру 9,9%-ға төмендеп, 2 016 млн текше метрді  құрады. Мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне ОПЕК+ келісімі шеңберінде өндіруді шектеу бойынша  қабылдаған міндеттемелер, сондай-ақ 2021 жылғы тамыз бен қыркүйекте екінші буын зауытының қондырғыларын жоспарлы күрделі жөндеу және шикі газды айдау жұмыстары елеулі әсер етті.

Қашағанда мұнай өндіру 2020 жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда 2021 жылдың үшінші тоқсанында ОПЕК+ келісімі шеңберінде осы жылдың тамызынан бастап Қазақстан үшін квотаны ұлғайту есебінен 20,2%-ға өсті, соның нәтижесінде 2021 жылдың тоғыз айында ҚМГ үлесіне өндіру көлемі 952 мың тоннаға жетті (тәулігіне 28 мың баррель). Бұл 2020 жылдың тоғыз айының көлеміне тең келіп отыр, ал өндіру шектеулері өткен жылы тек екінші тоқсаннан бастап қолданыла басталды. Табиғи және ілеспе газды өндіру көлемі 1,3%-ға өсіп, 581 млн текше метрді құрады.

Қарашығанақта мұнай мен конденсат өндіру 5,9%-ға азайды және 768 мың тоннаны (тәулігіне 22 мың баррель) құрады. Газ өндіру 1 404 млн текше метрді құрап, 2020 жылғы тоғыз айдағы деңгейден 6,4%-ға қысқарды. Өндіру көлемінің төмендеуі Орынбор газ өңдеу зауытына өңдеуге жіберілетін газды қабылдау бойынша шектеулерге байланысты, сондай-ақ газды кешенді дайындаудың 2-қондырғысында және газды кешенді дайындаудың 3-қондырғысында  жүргізілген жөндеу жұмыстарына байланысты болды.

Операциялық активтердегі мұнай және конденсат өндіру көлемі 1,9%-ға 10 417 мың тоннаға (тәулігіне 276 мың баррель) азайды және газ өндіру 2,7%-ға  1 807 млн текше метрге дейін төмендеді. Мұнай және конденсат өндіру көлемінің төмендеуі негізінен ОПЕК+ келісімі шеңберінде өндіруді шектеу бойынша қабылданған міндеттемелерге, сондай-ақ ескі кен орындарында өндіру деңгейінің табиғи жолмен төмендеуіне байланысты.

 

Мұнай мен газ тасымалдау

2021 жылдың тоғыз айындағы мұнайды магистральмен және теңіз арқылы тасымалдаудың жалпы көлемі 0,9%-ға, 55 727 мың тоннаға дейін ұлғайды1.

Мұнай тасымалдау, мың тонна

2021 9А

(100%)

2021 9А

(ҚМГ үлесіне)

2020 9А

(ҚМГ үлесіне)

%

ҚазТрансОйл

30 824

30 824

31 742

-2,9%

Қазақстан-Қытай құбыры 

13 030  

6 515

5 821

11,9%

МұнайТас2

3 047  

1 554

1 199

29,6%

Каспий құбыр консорциумы

43 898  

9 109

9 253

-1,6%

Қазақтеңізкөлікфлоты

7 726

7 726

7 210

7,2%

Жиыны

-

55 727

55 225

0,9%

1 Мұнай көлемінің бір бөлігі екі немесе үш құбыр компанияларымен тасымалдануы мүмкін және тиісінше осы көлемдер мұнайды тасымалдаудың шоғырландырылған көлемінде бір реттен артық ескеріледі.

2 МұнайТас үлестік әдіспен шоғырландырылатын бірлескен кәсіпорын болып табылады, осыған байланысты тасымалдау көлемі  51% иелену үлесіне сәйкес көрсетілген.

 

2021 жылдың тоғыз айында магистральды құбыржолдар арқылы мұнай тасымалдау көлемі 2020 жылмен салыстырғанда еш өзгеріссіз қалды және 48 002 мың тоннаны құрады. Бұл ретте ОПЕК+ келісімі шеңберінде жүк жөнелтушілердің мұнай өндіруді шектеу жөніндегі міндеттемелерді орындауы себебінен ҚазТрансОйл және Каспий құбыр консорциумы бойынша мұнай тапсыру көлемдерінің төмендеуі байқалады. Мұнайды магистральмен тасымалдау көлемінің ұлғаюы негізінен ішкі нарықта қажетті қайта өңдеу көлемін қамтамасыз ету үшін Павлодар мұнай-химия зауыты (ПМХЗ) және Шымкент мұнай өңдеу зауыты (ПҚОП) бағытындағы көлемдердің ұлғаюының арқасында МұнайТас және Қазақстан-Қытай құбыры бойынша байқалып отыр.

Мұнайды теңіз арқылы тасымалдаудың жалпы көлемі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2021 жылдың тоғыз айында негізінен әлемдегі мұнай тасымалы нарығының қалпына келуі арқасында Жерорта теңізінде тасымалдаудың өсуі есебінен 7,2%-ға 7 726 мың тоннаға дейін өсті.

ҚМГ магистральды газ құбырлары арқылы газ тасымалдау көлемі 2021 жылдың тоғыз айында 12,0%-ға, 71 036 млн текше метрге дейін ұлғайды. Осы көрсеткіштің ұлғаюы Орта Азия газының Ресей мен Қытайға транзиттік ағындарының өсуіне, сондай-ақ Қазақстанның ішкі нарығында газ тұтынуының өсуіне байланысты болды. Сонымен қатар ішкі нарықтың қажеттіліктерін өтеу  үшін газ көлемінің бір бөлігін қайта үлестіру , сондай-ақ ірі өнім берушілердің тауарлық газ өндірісін азайтуы салдарынан экспортқа газ тасымалдау көлемінің төмендеуі байқалады.

Газ тасымалдау, млн м³

2021 9А

(100%)

2021 9А

(ҚМГ үлесіне)

2020 9А

(ҚМГ үлесіне)

%

Интергаз Орталық Азия

48 654

48 654

42 626

14,1%

Азия газ құбыры

33 783

16 891

14 469

16,7%

Бейнеу-Шымкент газ құбыры

9 349

4 675

4 464

4,7%

ҚазТрансГаз Аймақ1

816

816

1 889

-56,8%

Жиыны

-

71 036

63 448

12,0%

1 ҚазТрансГаз Аймақ (ҚТГА) 19.03.21 жылғы магистральдық газ құбырларын (МГ) және олардағы құрылыстарды сатып алу-сату шартын жасасты. Шарт аясында  "Жаңаөзен-Ақтау" МГ  ИОА-ға берілді. Осыған байланысты 2021 жылғы сәуірден бастап ҚТГА-ның магистральды тасымалдануы есепке алынбайды.

 

Көмірсутек шикізатын сату

ҚМГ өзі  өндірген мұнай мен газ конденсатын  сату көлемі 2021 жылдың тоғыз айында өткен жылдың  осындай кезеңімен салыстырғанда 5,1%-ға азайды және 16 141 мың тоннаны құрады, оның 63,0%-ы экспортқа жөнелтілді.

Меншікті өндірілген мұнай мен газ конденсатының ішкі нарыққа жеткізілімі 5 956 мың тоннаны құрады, оның ішінде мұнайды одан әрі өңдеу және мұнай өнімдерін сату үшін Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ), ПҚОП және ПМХЗ-ға 3 297 мың тонна көлемінде операциялық активтердің шикі мұнайының (Өзенмұнайгаз, Ембімұнайгаз, Қазақтүрікмұнай және Өріктау Оперейтинг) жеткізілімі бар.

2021 жылдың тоғыз айында тауарлық газды сату көлемі 2020 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 0,2%-ға өсті және 15 523 млн текше метрді құрады. Тауарлық газдың экспорты 4 671 млн текше метрді құрады, оның 96%-ы Қытайға экспортталды. 2020 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда Ресей мен Қытайға газ жеткізудің қысқаруына байланысты газ экспорты көлемінің 21,3%-ға төмендегені байқалады. 

 

Көмірсутек шикізатын өңдеу

 

Көмірсутек шикізатын қайта өңдеу, мың тонна

2021 9А

(ҚМГ үлесіне)

2020 9А

(ҚМГ үлесіне)

%

АМӨЗ 

4 007

3 679

8,9%

ПМХЗ

4 321

3 519

22,8%

ПҚОП1

1 829

1 767

3,5%

Caspi Bitum

373

346

7,6%

Петромидия

3 326

3 504

-5,1%

Вега

227

265

-14,4%

Жиыны

14 083

13 081

7,7%

[1] ПҚОП өңдеу көлемі 50% үлесінде көрсетілген.

 

2021 жылдың тоғыз айында көмірсутек шикізатын (КСШ) өңдеудің жалпы көлемі 2020 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 7,7%-ға артып, 14 083 мың тоннаны құрады:

  • Қазақстандық МӨЗ-де КСШ өңдеу көлемі 13,1%-ға артып, 10 530 мың тоннаны құрады, мұны пандемияға дейінгі тоғыз айдың көлемімен салыстыруға болады. ПМХЗ және АМӨЗ-де өңдеу көлемінің едәуір ұлғаюы ағымдағы жылы ішкі нарықтағы мұнай өнімдеріне сұраныстың артуына, сондай-ақ зауыттардың өткен жылы күрделі жөндеуге тоқтауына және зауыттардың биылғы үздіксіз жұмысына байланысты;
  • Румыниядағы KMG International (Петромидия, Вега) зауыттарындағы қайта өңдеу көлемі 3 553 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылғы тоғыз айдағы көрсеткіштермен салыстырғанда 5,7%-ға аз. Өңдеу көлемінің төмендеуі 2021 жылғы 2 шілдеде Петромидияда дизель отынын гидротазарту қондырғысында өрттің шығуы салдарынан зауыттың үш айға толық тоқтауына байланысты болды.

2021 жылдың тоғыз айында Қазақстан және Румыния зауыттарында мұнай өнімдерін өндіру көлемі 7,7%-ға артып, 13 179 мың тоннаны құрады:

  • Қазақстанның МӨЗ-і 9 744 мың тонна мұнай өнімдерін өндірді, бұл өткен жылдың тоғыз айындағы көрсеткіштерден 14,0%-ға артық, бұл пандемияға дейінгі өндіріс көлемінің толық қалпына келуін көрсетті;
  • KMG International (Петромидия, Вега) зауыттары 3 434 мың тонна мұнай өнімдерін өндірді, бұл 2020 жылдың тоғыз айындағы көрсеткіштен 7,0%-ға төмен.