ҚМГ жаңалықтары

01.11.2021

ҚазМұнайГаз және Linde «жасыл» сутегі мен аммиак өндірісі жобасы бойынша Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ және Linde технологиялық компаниясы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Тараптар ынтымақтастық және Қазақстанда таза энергетика саласындағы жобаларды бірлесіп әзірлеу жөнінде келісті. Ынтымақтастықтың бірінші кезеңі аясында шикізат түрінде табиғи газды («көгілдір» сутегі және «көгілдір» аммиак) және/немесе су электролизін (жасыл немесе көгілдір сутегі және «жасыл» немесе «көгілдір» сутегі) пайдалану арқылы сутегі мен аммиак өндіру мүмкіндігі зерделенеді.

Техникалық-экономикалық негіздеме жүргізіліп, уағдаластықтар өз жемісін бергеннен кейін Қазақстан аумағында «жасыл» сутегі мен «жасыл» аммиак өндірісі жобасын іске асыру жоспарланып отыр.

«ҚазМұнайГаз» өзінің Төмен көміртекті дамыту бағдарламасы аясында декарбонизация жобаларына жіті назар аударып, оларды жүйелі іске асыратын болады. Әлемнің жетекші компанияларымен ынтымақтастық орнату осы бағыттағы перспективалы жобаларды зерттеудегі басымдықтың бірі болып табылады», - деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев.

«Компаниямыздың Қазақстанның декарбонизация процесіне өз үлесін қосуға мүмкіндігі бар екені қуантады. Атап айтқанда, басқа компаниялар ішінде парник газдарының шығарындыларын қысқарту шараларына ден қойған біздің серіктесіміз – «ҚазМұнайГазбен» бірге жұмыс істейміз. Мен компаниямыздың осы саладағы мол тәжірибесінің нақты жобаларда пайдаланылуын асыға күтемін», - деді «Linde Gas Rus» компаниясының Ресей мен ТМД-дағы инвестициялары жөніндегі вице-президенті Томас Хилькер.

Айта кетейік, Linde энергетиканың таза технологиялары және өнеркәсіптік газдардың дәстүрлі технологиялары саласында озық техникалық шешімдерді ұсына алатын ірі кәсіпорын. Солардың ішінде «жасыл» сутегі мен аммиакты өндіру, тасымалдау және сақтау, ауаны бөлу, көмірсутек шикізатының бумен риформингі қондырғыларын, электролизерлерді, аммиак қондырғыларын, CO2 анықтау қондырғыларын, табиғи газды өңдеу зауыттарын салу және басқалар.