ҚМГ жаңалықтары

02.11.2021

Павлодар мұнай-химия зауытында жүргізілген жөндеуден кейін технологиялық қондығырларды іске қосу аяқталуда

Павлодар мұнай-химия зауытында жүргізілген жөндеу жұмыстарынан кейін дизель отынын гидротазартудан басқа барлық технологиялық қондырғы өз жұмысын бастады. Дизель отынын гидротазарту жабдығын іске қосу кезінде компрессорда бұған дейін жөндеу кезінде ауыстырылған жаңа қосалқы бөлігінің ақауы анықталды.

Қазіргі уақытта анықталған ақауды жою жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Дизель отынын гидротазарту қондырғысы қарашаның 6-нан бастап іске қосылады деп жоспарланып отыр, бұл бұрын жоспарланған мерзімге сәйкес келеді.