ҚМГ жаңалықтары

18.11.2021

Сатып алу туралы шарттар бойынша даулы мәселелерді қарау жөніндегі келісу комиссиясын құру туралы

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-мен (бұдан әрі – ҚМГ) және оның еншілес-тәуелді ұйымдарымен (бұдан әрі – ЕТҰ) жасалған сатып алу туралы шарттарды орындау барысында туындайтын даулы мәселелер бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерден түсетін өтініштердің/шағымдардың жүйелі және объективті шешімін табу мақсатында ҚМГ-да «Самұрық-Қазына» АҚ келісімі бойынша даулы мәселелерді қарау жөніндегі келісу комиссиясы құрылды.

Келісу комиссиясы ҚМГ/ЕТҰ-мен жасалған шарттар бойынша өнім берушілердердің/жеткізушілердің міндеттемелерді тоқтату, ЕТҰ-ның бұрын қабылданған шешімдерінің дәйектігін айқындау және т.б. мәселелері бойынша өтініштерін қарайды, кейіннен комиссия шешімін (тапсырмасын) орындау үшін ЕТҰ-ға жібереді.

Барлық мүдделі тұлғалар мен ұйымдардың қаперіне береміз.

Байланыс ақпараты:+7 7172 78 95 46, A.Imaniyazov@kmg.kz