Алаяқтардан сақ болыңыз!

Қазіргі уақытта алаяқтардың Қазақстан азаматтарын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қаржы салуға шақырып, арнайы сайт, мобильді қосымша құрып, әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті. Халықты мұнай мен газ сатып, мол пайдаға кенелуге шақыруда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Қазақстан азаматтарының қаржысын ешқандай инвестициялық жобаларға тартуға шақырмағанын мәлімдейді. Таратылып жатқан жалған жарнамалық хабарландыруға сенбеңіздер. Сақ болыңыздар!

Қандай да бір әрекет жасар алдында ақпараттың растығын анықтап алыңыз.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өз қызметі туралы барлық ақпаратты ресми сайтында сайтында, сондай-ақ YouTube, Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында ғана жариялайды.

ҚМГ жаңалықтары

11.01.2022

«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының ағымдағы ахуалы туралы

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (одан әрі - КМГ) Қазақстан Республикасы аумағында жарияланған төтенше жағдай кезінде компаниялар тобына қарасты кәсіпорындардың қалыпты жұмыс жасап тұрғандығы туралы хабарлайды.

Компаниялар тобының мұнайгаз өндіруші, мұнай тасымалдаушы,  газ өңдеуші, сервистік және тағы басқа кәсіпорындары өндірістік процестерді тоқтатпай, тиісті қалыпты жағдайда ұстап отыр.

Дегенмен, кейбір өндіруші кәсіпорындарда жекелеген скважиналардың тоқтауы мен мұнай өндіру көрсеткішінің төмендегені байқалады. Алайда бұл КМГ компаниясы қызметінің нәтижелеріне айтарлықтай әсер етпейді.

Қазақстан Республикасының аумағында 2022 қаңтар айының басында орын алған тәртіпсіздіктердің «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы қызметіне қаншалықты әсер еткендігі туралы толық ақпаратты тиісті қаржылық және басқа да есептерде көрсетілетін болады.

Осы орайда, ҚМГ үшін тараптар алдындағы барлық міндеттемелерін толық орындап, халықаралық несиелік келісімшарттар аясында ковенанттар мен басқа да талаптарды сақтап отырғанын айта кеткіміз келеді. «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобында осындай төтенше жағдай салдарларын жоюға қажетті ақша қаражаты мен тиісті қор жеткілікті.

Қазіргі таңда Дағдарысты ахуалды басқару тобы тарапынан өндірістік алаңдардағы жағдайдың тұрақсыздануының алдын алу мен туындап жатқан сұрақтарға лезде жауап беру мақсатында барлық қажетті амал-шаралар қабылдануда.