Алаяқтардан сақ болыңыз!

Қазіргі уақытта алаяқтардың Қазақстан азаматтарын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қаржы салуға шақырып, арнайы сайт, мобильді қосымша құрып, әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті. Халықты мұнай мен газ сатып, мол пайдаға кенелуге шақыруда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Қазақстан азаматтарының қаржысын ешқандай инвестициялық жобаларға тартуға шақырмағанын мәлімдейді. Таратылып жатқан жалған жарнамалық хабарландыруға сенбеңіздер. Сақ болыңыздар!

Қандай да бір әрекет жасар алдында ақпараттың растығын анықтап алыңыз.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өз қызметі туралы барлық ақпаратты ресми сайтында сайтында, сондай-ақ YouTube, Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында ғана жариялайды.

ҚМГ жаңалықтары

08.06.2022

ҚазМұнайГаз бен Еуропа қайта құру және даму банкі Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Маусымның 8-і күні «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) және Еуропа қайта құру және даму банкі (бұдан әрі – ЕҚҚДБ) карбонсыздану саласындағы стратегиялық ынтымақтастыққа қатысты Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Ынтымақтастық мақсаты – ҚМГ төмен көміртекті дамыту бағдарламасын іске асыру және оның тиімділігін арттыру аясында көміртек ізін қысқарту бойынша ҚазМұнайГазға қолдау көрсету.

Тараптардың күш-жігері TCFD (Task Force on Climate-related Financial Disclosures) климатымен байланысты қаржы ақпаратын ашу жөніндегі, сонымен қатар энергия тиімділігін арттыру, жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласындағы төмен көміртекті жобаларды қаржыландырудың, төмен көміртекті сутегі бойынша пилоттық жобаларды іске асырудың және көміртек диоксидін ұстап қалу мен сақтау технологияларын қолданудың мүмкіндіктерін талдау жөніндегі Мақсатты топтың ұсыныстарына сәйкес есепті әзірлеу саласындағы ҚМГ әлеуетін арттыруға бағытталады.

Меморандумға қол қою рәсімі Шетел инвесторлары кеңесінің «Экономиканы карбонсыздандыру. Экологиялық, әлеуметтік және басқару стандарттарын (ESG) сақтау мақсатында төмен көміртекті технологияларды енгізу» тақырыбына арналған 34-ші пленарлық отырысы қарсаңында өтті. Құжатқа қол қою шарасына ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев және ЕҚҚДБ-ның Қазақстан бойынша директоры Хусейн Озхан қатысты.

«Біз сенімді стратегиялық серіктесеміз – Еуропа қайта құру және даму банкімен ынтымақтастығымыздың жаңа кезеңіне қадам басып отырмыз. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Климаттық амбициялар саммитінде Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына жету ниеті туралы мәлімдеген еді. «ҚазМұнайГаз» көміртек ізін 2031 жылға қарай 2019 жылдың деңгейінен 15 пайызға қысқартуды мақсат етіп отырғаны белгілі. Осы бағыттағы міндетті орындау үшін бүгінгі Меморандумға қол қойып отырмыз. Алдағы уақытта біз Еуропа қайта құру және даму банкімен бірлескен күш-жігеріміз құзыреттерімізді нығайтуға және Қазақстанда көміртегі бейтараптығына жетуге септігін тигізеді деп үміттенеміз», - деді ҚМГ басшысы Мағзұм Мырзағалиев.

«Әлемнің көптеген елдері, соның ішінде Қазақстан Париж келісімінің және БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының мақсаттарына жету жөніндегі жұмысты жеделдетуге уағдаласты. Тұрақты даму, карбонсыздану, жаңартылатын энергия көздері – бұл енді әдемі сөздер емес, ойлау әдісіміз болмақ. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы жасыл энергетиканы дамыту жөніндегі жаһандық науқанға қатысып, төмен көміртекті дамыту бағдарламасын Еуропа қайта құру және даму банкімен бірге іске асыратыны қуантады», - деп атап өтті ЕҚҚДБ-ның Қазақстан бойынша директоры Хусейн Озхан.