Алаяқтардан сақ болыңыз!

Қазіргі уақытта алаяқтардың Қазақстан азаматтарын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қаржы салуға шақырып, арнайы сайт, мобильді қосымша құрып, әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті. Халықты мұнай мен газ сатып, мол пайдаға кенелуге шақыруда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Қазақстан азаматтарының қаржысын ешқандай инвестициялық жобаларға тартуға шақырмағанын мәлімдейді. Таратылып жатқан жалған жарнамалық хабарландыруға сенбеңіздер. Сақ болыңыздар!

Қандай да бір әрекет жасар алдында ақпараттың растығын анықтап алыңыз.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өз қызметі туралы барлық ақпаратты ресми сайтында сайтында, сондай-ақ YouTube, Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында ғана жариялайды.

ҚМГ жаңалықтары

13.06.2022

ҚМГ басшысы «СИБУР» компаниясының өндіріс кәсіпорындарының жұмысымен танысты

Маусымның 10-ы күні «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев бастаған делегация Тобольск қаласында орналасқан Ресейдің және әлемнің ірі мұнай-химия кешендерінің бірі – «ЗапСибНефтехим» ЖШҚ («СИБУР Холдинг» тобының мұнай-химия комбинатына) барды.

Сапар барысында қонақтарға жиынтық қуаты жылына 2,5 млн тонна базалық полимер (1,5 млн тонна полиэтилен және 1 млн тонна полипропилен) шығаруға мүмкіндік беретін «ЗапСибНефтехим» ЖШҚ жаңа өндірістері таныстырылды. ҚМГ делегациясы пиролиз, полиэтилен, полипропилен қондырғыларын, сондай-ақ орталық оператор залын аралап, кешенде қолданылатын цифрлы технологиялармен танысты.

Одан кейін мономер өндірісін, соның ішінде малеин ангидридін өндіретін қондырғыны, пропанды дегидрлеу өндірісін, жеңіл көмірсутектердің кең фракциясын қайта өңдеу өндірісін және мономер зауыты өндірістерінің бірыңғай оператор залын көріп шықты.

ҚМГ делегациясы «СИБУРИНТЕХ» инженерлік-техникалық сараптаманы дамыту орталығының жұмысымен де танысты.

Сапар соңында ҚМГ, СИБУР және Sinopec басшылары жұмыс бабындағы кездесу (бейнеконференц байланысы арқылы) өткізді. Жиын барысында компаниялар арасындағы алдағы ынтымақтастық мәселелері және мұнай-газ химия жобаларын бірлесіп жүзеге асырудың перспективалары талқыланды.

СИБУР Ресейдің полипропилен, төмен қысымды полиэтилен, БОПП үлдірлер, ПЭТФ, моноэтиленгликоль, көбіктенгіш полистирол, термоэластопласт өндіріп шығаратын ең ірі компания, полиолефин (пластик) өндіретін ең ірі бес мекеменің бірі.

Еске сала кетейік, 2021 жылдың 7 қазанында «Самұрық-Қазына» АҚ, ҚМГ және СИБУР арасында полиэтилен өндіретін зауыт пен полипропилен өндіретін зауытты салу жобалары жөніндегі ынтымақтастықтың негізгі шарттары бойынша келісімге қол қойылды.