Алаяқтардан сақ болыңыз!

Қазіргі уақытта алаяқтардың Қазақстан азаматтарын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қаржы салуға шақырып, арнайы сайт, мобильді қосымша құрып, әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті. Халықты мұнай мен газ сатып, мол пайдаға кенелуге шақыруда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Қазақстан азаматтарының қаржысын ешқандай инвестициялық жобаларға тартуға шақырмағанын мәлімдейді. Таратылып жатқан жалған жарнамалық хабарландыруға сенбеңіздер. Сақ болыңыздар!

Қандай да бір әрекет жасар алдында ақпараттың растығын анықтап алыңыз.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өз қызметі туралы барлық ақпаратты ресми сайтында сайтында, сондай-ақ YouTube, Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында ғана жариялайды.

ҚМГ жаңалықтары

26.07.2022

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы еурооблигация иелерімен және институционалдық инвесторлармен кездесті

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ, Компания) Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев халықаралық институционалдық инвесторлармен бірқатар кездесу өткізді.

Роуд шоу 2022 жылдың 18-21 шілдесі аралығында Лондон және Нью-Йорк қалаларында өтті. Кездесу 30-дан аса ірі халықаралық институционалдық инвесторлармен, ҚМГ еурооблигация иелерімен, оның ішінде Goldman Sachs AssetManagement, Fidelity, PIMCO, PGIM, Vanguardжәне тағы басқалармен өтті.

ҚМГ тарапынан директорлар кеңесінің төрағасы Кристофер Уолтон, Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дәурен Қарабаев және басқа да өкілдер қатысты.

Инвесторларға компанияның өндірістік және қаржылық нәтижелерімен ҚМГ қызметіндегі соңғы өзгерістер таныстырылды. Сонымен қатар, инвестициялық қауымдастық ESG (ESG - Экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару) дамуының аспектілеріне ерекше назар аударды.

ҚМГ Басқарма төрағасы компанияның тұрақты дамуын және жаһандық бастамаларға бейімділігін атап өтті.

Айта кетейік, ҚМГ еурооблигациялар қоржыны 6 шығарылымнан тұратын 6,25 млрд АҚШ доллары көлемінде. ҚМГ облигациялары Emerging Markets Bond Index (EMBI – Дамушы нарықтар облигацияларының индексі) құрамына кіреді.