Алаяқтардан сақ болыңыз!

Қазіргі уақытта алаяқтардың Қазақстан азаматтарын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қаржы салуға шақырып, арнайы сайт, мобильді қосымша құрып, әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті. Халықты мұнай мен газ сатып, мол пайдаға кенелуге шақыруда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Қазақстан азаматтарының қаржысын ешқандай инвестициялық жобаларға тартуға шақырмағанын мәлімдейді. Таратылып жатқан жалған жарнамалық хабарландыруға сенбеңіздер. Сақ болыңыздар!

Қандай да бір әрекет жасар алдында ақпараттың растығын анықтап алыңыз.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өз қызметі туралы барлық ақпаратты ресми сайтында сайтында, сондай-ақ YouTube, Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында ғана жариялайды.

ҚМГ жаңалықтары

28.07.2022

Атырау МӨЗ электрмен жабдықтау қалпына келтірілді

27 шілде күні сағат 22.00-ден кейін Атырау МӨЗ электрмен жабдықтау қалпына келтірілді.

Сол күні сағат 23.00-де электр энергиясын төмендету себебінен тоқтатылған зауыт қондырғыларында жөндеу және іске қосу жұмыстары басталды, оның барысында жабдықтың жұмысқа қабілеттілігі анықталады.

Қазіргі уақытта технологиялық ақауларды жою жұмыстары жалғасуда. Қондырғыларға шикізат беруді 28-шілде күні кешке жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, 27 шілдеде Атырау МӨЗ электр энергиясының кернеуін төмендету тіркелген болатын, соның салдарынан зауыт "KEGOC"АҚ-ның сыртқы желілерінен ажырап,  зауыт жұмысы тоқтап қалған болатын.

Төтенше жағдайдың алдын-алу үшін сыртқы электрмен жабдықтау жүйесі толық тұрақтанғанша зауыттың отын желісі технологиялық регламентке сәйкес алау жүйесіне бағытталады.

27 шілдедегі жағдай бойынша зауытта 26 мың тонна автобензин, 22 мың тонна дизель отыны және 4 мың тонна авиакеросин қоры бар. Бұл ресурстар тұтынушыларға жіберіледі.