Алаяқтардан сақ болыңыз!

Қазіргі уақытта алаяқтардың Қазақстан азаматтарын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қаржы салуға шақырып, арнайы сайт, мобильді қосымша құрып, әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті. Халықты мұнай мен газ сатып, мол пайдаға кенелуге шақыруда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Қазақстан азаматтарының қаржысын ешқандай инвестициялық жобаларға тартуға шақырмағанын мәлімдейді. Таратылып жатқан жалған жарнамалық хабарландыруға сенбеңіздер. Сақ болыңыздар!

Қандай да бір әрекет жасар алдында ақпараттың растығын анықтап алыңыз.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өз қызметі туралы барлық ақпаратты ресми сайтында сайтында, сондай-ақ YouTube, Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында ғана жариялайды.

ҚМГ жаңалықтары

30.07.2022

ҚМГ басшысы Қаражанбас кен орнындағы суды тұщыландыру зауытында болды

29 шілдеде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі — ҚМГ) Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Қаражанбас кен орнындағы суды тұщыландыру зауытының жұмысымен танысты.

Естеріңізге сала кетейік, 1 шілдеде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірдегі ауыз су тапшылығы мәселесін шешу тапсырмасы аясында зауыт сынақтан өтті. Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында орналасқан зауытта суды тұщыландыру тәулігіне 6-10 мың текше метр, қыркүйекте 17 мың текше метрге дейін өндіруге (мұндай тазартылған су көлемі тәулігіне 42,5 мың текше метр жер асты суын өңдеу кезінде алынады) болады.

Аралау барысында «ҚазМұнайГаз» басшысы жобаның мердігерлерін оны іске асырудың баяу қарқыны үшін сынға алып, оның ерекше әлеуметтік маңыздылығын атап өтті.

«Қаражанбас кен орнындағы жерасты суын тұщыландыру зауытын іске қосу мерзімі коронавирус пандемиясы мен жаңа геосаяси жағдайға байланысты өзгерді. Инвесторлар мен мердігерлер жобаны іске асыру мерзімін кешіктірді. Қазіргі уақытта проблемалар шешіліп, зауыт жұмыс істей бастады. Енді Мемлекет басшысының ауыз су тапшылығы мәселесін шешу жөніндегі тапсырмасын орындай отырып, зауыттың тұрақты жұмысын және 17 мың текше метр тұщы су өндіру жоспарын орындау қажет», — деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» басшысы.

Бұл меже орындалса зауытты іске қосу, кен орнын сумен қамту мәселесі түгел шешіледі. Егер бұрын «Астрахань – Маңғышлақ» су таратқышынан кәсіпорын су алса, енді Еділ суының бұл көлемі халықтың қажеттіліктеріне бағытталады.

 

Анықтамалық ақпарат:

Қойнауқаттық (жер асты) суды тазарту тұндырғыштар арқылы жүзеге асырылады, бұдан әрі тазарту сүзгілер мен күрделі ультрафильтрация көмегімен, содан кейін кері осмос рәсімі арқылы жүргізіледі. Тазартылған жерасты суының барлық көлемі кен орнында техникалық мақсатта пайдаланылады және оның «Астрахань – Маңғышлақ» суағарынан суды тұтынуға тәуелділігін төмендетеді. Еділ суының босатылған көлемі (тазартылған жер асты көлеміне ұқсас) Маңғыстау облысы халқының қажеттіліктеріне бағытталады. Нысанның ауданы 36 мың шаршы метр, өнімнің қуаттылығы тәулігіне 17 мың текше метрді құрайды. Қазіргі уақытта бұл Қазақстандағы мұнай кен орнындағы осындай ірі жоба.