Алаяқтардан сақ болыңыз!

Қазіргі уақытта алаяқтардың Қазақстан азаматтарын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қаржы салуға шақырып, арнайы сайт, мобильді қосымша құрып, әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті. Халықты мұнай мен газ сатып, мол пайдаға кенелуге шақыруда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Қазақстан азаматтарының қаржысын ешқандай инвестициялық жобаларға тартуға шақырмағанын мәлімдейді. Таратылып жатқан жалған жарнамалық хабарландыруға сенбеңіздер. Сақ болыңыздар!

Қандай да бір әрекет жасар алдында ақпараттың растығын анықтап алыңыз.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өз қызметі туралы барлық ақпаратты ресми сайтында сайтында, сондай-ақ YouTube, Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында ғана жариялайды.

ҚМГ жаңалықтары

16.09.2022

Жаңаөзен оқушылары «Жарқын болашақ» жобасымен оқуға түсті

Жаңаөзен қаласының дарынды балалары «Жарқын болашақ» жобасы арқылы еліміздің арнайы орта білім беру мекемелерінде тегін оқу мүмкіндігіне ие болды.

Қыркүйек айының басынан бері 149 оқушы Қазақстанның 11 қаласындағы 44 колледжде білім алуды бастады. Оқытудың негізгі бағыттарының арасында политехникалық мамандықтар (19%), сондай-ақ көлік пен коммуникация (18%), экономика мен технология (18%) мамандықтары басым. Оқушылардың кейбірі гуманитарлық мамандықтар (16%) мен IT саланы (14%) таңдады.

Тағы 28 бала басқа бағыттарды құп көрген. Мәселен 12 бала республикалық өнер колледждеріне, алты оқушы олимпиадалық резервтегі республикалық спорт мектеп-интернаттарына түссе, 10 болашақ жас маман республикалық физика-математика мектебіне іріктелді.

«Жарқын болашақ» жобасын іске асыруға «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қолдау білдірді.

Қайырымдылық көмек оқу ақысы мен жатақхана шығындарын өтейді. Балаларға шәкіртақы төленеді, сондай-ақ маусымдық киім сатып алуға қаржылай көмек көрсетіледі. Бейімделу кезеңінде жобаға қатысушылармен үйлестіруші-кеңесшілер жұмыс істейді.

Аталған бастаманың басты мақсаты – көпбалалы, толық емес, мүгедектігі бар жандар асырап отырған отбасылар, сондай-ақ патронаждық отбасылардан шыққан балалар сияқты халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау.

Еске сала кетсек, Samruk-Kazyna Trust қолдауымен, Жаңаөзен қаласының оныншы сыныптағы 50 оқушысы жаңа оқу жылын IQanat High School of Burabay мектеп-пансионатында бастады.

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобындағы бірыңғай қайырымдылық операторы болып саналады және өз қызметін келесі басым бағыттарға сәйкес жүзеге асырады:

  • адамдарға әлеуметтік және медициналық секторларда көмек көрсету;
  • медиа, мәдени қоғамдастықты және адами әлеуетті дамыту, қоғамның орнықты дамуына инвестициялар құю;
  • топ компаниялары жұмыс істейтін аймақтарда әлеуметтік инвестициялардың өңірлік бағдарламаларын іске асыру.