Алаяқтардан сақ болыңыз!

Қазіргі уақытта алаяқтардың Қазақстан азаматтарын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қаржы салуға шақырып, арнайы сайт, мобильді қосымша құрып, әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті. Халықты мұнай мен газ сатып, мол пайдаға кенелуге шақыруда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Қазақстан азаматтарының қаржысын ешқандай инвестициялық жобаларға тартуға шақырмағанын мәлімдейді. Таратылып жатқан жалған жарнамалық хабарландыруға сенбеңіздер. Сақ болыңыздар!

Қандай да бір әрекет жасар алдында ақпараттың растығын анықтап алыңыз.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өз қызметі туралы барлық ақпаратты ресми сайтында сайтында, сондай-ақ YouTube, Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында ғана жариялайды.

ҚМГ жаңалықтары

19.09.2022

Халықаралық сарапшылар Астанадағы форумда Қазақстанның жетілген кен орындарында мұнай өндіру деңгейін арттыру әдістерін талқылады

Әлемнің түрлі елдерінің мұнай-газ саласының жетекші сарапшылары 16-17 қыркүйекте Астанада «Игерудің соңғы сатысында қабаттардың мұнай беруін арттырудың химиялық әдістерін (МАХӘ) қолдану перспективалары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Іс-шараға ҚР Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов, Қазақстанның және шет елдердің ірі мұнай өндіруші және мұнай сервистік компанияларының өкілдері, МАХӘ жобаларына арналған мамандандырылған химия және жабдықтарды әзірлеушілер мен өндірушілер, ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Форумға әлемнің түрлі елдерінен 70-тен астам компания қатысты.

Жетілген мұнай кен орындарындағы өндіруді күшейту мәселелерін талқылау жөніндегі кездесуді «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС ұйымдастырды.

«Қазақстан жыл сайын мұнай өндіру деңгейін арттырып келеді. Жақын болашақта біз көмірсутекті өндіруді 100 млнтонна және одан да көп деңгейіне шығуды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда жетілген кен орындары игерудің неғұрлым тиімді тәсілін қажет етеді. Қазақстандағы әрбір бесінші кен орны бүгінгі күні 70% дейін және одан да көп қорларды игерудің соңғы сатысында тұр және өндірілетін өнімнің жоғары сулануымен, алынатын қалдық қорлар құрылымының нашарлауымен сипатталады», - деп вице-министр Асхат Хасенов конференцияда атап өтті.

Химиялық әдістердің тиімділігі экономикалық тұрғыдан да, техникалық тұрғыдан да дәлелденген. Вице-министр мұнай-газ саласын реттеуші ретінде бейінді ведомство тарапынан осы әдістерді өндірісте қолдануды кеңейту үшін барлық қажетті қолдау көрсетілетініне сендірді.

«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС (ҚМГИ) Басқарма төрағасы Бақытжан Хасановтың ақпараты бойынша, отандық кен орындарында 2014 жылдан бастап мұнай өндіруді арттырудың жоғары тиімді химиялық әдістерінің бірі – «полимерлік суландыру» сәтті жүзеге асырылуда. Сонымен, Қаламқас және Забурунье кен орындары осы әдісті өнеркәсіптік ендіруге көшуде. Сонымен қатар, Өзен кен орнының жағдайлары үшін полимерлі суландыру технологиялары қазіргі уақытта тиімділіктің зертханалық бағалауынан өтуде, бұл үздік әлемдік тәжірибелер мен зерттеу әдістерін қолдана отырып, озық зертханалық жабдықтарды қолдануды талап етеді.

ҚМГИ және «Газпромнефть — Технологиялық серіктестік» ЖШҚ, Уфа және Қазан қалаларындағы бейінді университеттер өкілдерінің жұмыс кездесулері өтті. Қонақтарға ҚМГИ қызметі туралы шолу ақпараты, ҚМГ кен орындарындағы МӨАӘ жобаларының қазіргі жағдайы, олардың тиімділігі, перспективалары айтылды, ынтымақтастық мәселелері талқыланды.