Алаяқтардан сақ болыңыз!

2022 жылғы 7 қарашада «Самұрық-Қазына» АҚ мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бастапқы жария ұсынысын (IPO) жүзеге асыру ниетін мәлімдеді.

On 9 November 2022 the trading systems of the Kazakhstan Stock Exchange (KASE) and Astana International Financial Centre Exchange (AIX) began accepting applications for subscription to KMG’s common IPO shares. Applications will close on 30 November 2022 at 18:00, Astana time, for institutional investors and on 2 December 2022 at 15:00, Astana time, for retail investors.

Қазіргі кезде алаяқтар «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының атын жамылып арнайы сайт, қосымшалар құрып, әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, жарнама арқылы қазақстандықтарды ақша салуға шақыруда. Олар халықты мұнай мен газ сатып, бастапқы салынған «инвестициядан» да мол пайдаға кенелуге шақырады. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мұндай жарнамалық хабарландырулар жалған екенін мәлімдейді.

Қазақстандықтарды барынша сақ болуды және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз.

Компанияның қызметі туралы сенімді ақпарат тек www.kmg.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда YouTube, Facebook, Instagram, Telegram жарияланады.

Лицензиясы бар брокерлер тізімін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтынан оқи аласыз

IPO мәселелер бойынша жедел желі:
Тел.: 8 (800) 004 03 15, күн сайын сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін, демалыссыз (қалалық және мобильді телефон нөмірлерінен қоңырау шалу тегін).
e-mail: ipo@kmg.kz

ҚМГ жаңалықтары

15.11.2022

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ роудшоуының 16-19 қарашаға арналған кестесі

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасы (Astana International Exchange, AIX) және Қазақстан қор биржасына (KASE) шыққан ҚМГ жергілікті IPO-сын жан-жақты және кеңінен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған роудшоу шеңберінде жеке инвесторлармен кездесулер өткізетінін хабарлайды. Кездесулерге спикер ретінде «Самұрық-Қазына» АҚ, ҚМГ өкілдері және компанияның қаржы консультанттары қатысады.

Роудшоу барысында Қазақстан Республикасының халқына ҚМГ қызметі, инвестициялық тартымдылық факторлары және компанияның дивиденд бойынша саясаты туралы толық ақпарат, сондай-ақ IPO шеңберінде акцияларды ұсыну шарттары мен оларды сатып алуға өтінім беру рәсімі туралы мәлімет беріледі.

Жеке инвесторлармен кездесулер 14-24 қараша аралығында 17 облыс орталығында және республикалық маңызы бар қалаларда өтеді: Алматы, Астана, Шымкент, Атырау, Түркістан, Қарағанды, Ақтөбе, Жезқазған, Көкшетау, Қонаев, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Өскемен, Орал, Семей, Ақтау, Қызылорда, Қостанай және Павлодар.

 

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ роудшоуы шеңберінде жеке инвесторлармен кездесулер кестесі

(өзгерістер мен толықтырулар болуы мүмкін, ҚМГ веб-сайтында жарияланады)

 

Күні

Уақыты

Қала

Өтетін орны

Мекенжайы

16 қараша

11:00

Ақтөбе

«Дастан» қонақ үйі, үлкен конференц залы

Бөгенбай батыр көшесі, 2

11:00

Жезқазған

«Байқоңыр» қонақ үйі, конференц залы

І.Есенберлин көшесі, 29А 

10:00

Көкшетау

Халық банкінің орталық кеңсесі, 4-ші қабаттағы конференц залы

Н.Назарбаев көшесі, 33

17 қараша

11:00

Қонаев

№3 орта мектеп, акт залы (кіру бөлек есіктен)

2-ші ықшам ауданы

9:00

Петропавл

«GreenWich» қонақ үйі, кіші зал

Қазақстан Конституциясы көшесі, 1а

18 қараша

10:00

Тараз

«Арай Плаза» қонақ үйі, кіші конференц залы

Төле би көшесі, 93а 

11:00

Талдықорған

«Айсер» қонақ үйі, конференц залы

Ақын Сара көшесі, 128/130

10:00

Өскемен

«Dademan Oskemen» қонақ үйі, Tavros

Пермитин көшесі, 11/1

19 қараша

15:00

Орал

«Park Hotel Орал» қонақ үйі

Самал-3 ықшам ауданы

10:00

Семей

«Семей» қонақ үйі

Қабанбай батыр көшесі, 26

 

Қосымша ақпарат http://www.kmg.kz сайтында

ҚМГ IPO-сына қатысты мәселелер бойынша call-орталық (қалалық және мобильді нөмірлерден қоңырау шалу тегін, күн сайын сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін)

8 (800) 004 03 15