Алаяқтардан сақ болыңыз!

2022 жылғы 7 қарашада «Самұрық-Қазына» АҚ мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бастапқы жария ұсынысын (IPO) жүзеге асыру ниетін мәлімдеді.

On 9 November 2022 the trading systems of the Kazakhstan Stock Exchange (KASE) and Astana International Financial Centre Exchange (AIX) began accepting applications for subscription to KMG’s common IPO shares. Applications will close on 30 November 2022 at 18:00, Astana time, for institutional investors and on 2 December 2022 at 15:00, Astana time, for retail investors.

Қазіргі кезде алаяқтар «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының атын жамылып арнайы сайт, қосымшалар құрып, әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, жарнама арқылы қазақстандықтарды ақша салуға шақыруда. Олар халықты мұнай мен газ сатып, бастапқы салынған «инвестициядан» да мол пайдаға кенелуге шақырады. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мұндай жарнамалық хабарландырулар жалған екенін мәлімдейді.

Қазақстандықтарды барынша сақ болуды және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз.

Компанияның қызметі туралы сенімді ақпарат тек www.kmg.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда YouTube, Facebook, Instagram, Telegram жарияланады.

Лицензиясы бар брокерлер тізімін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтынан оқи аласыз

IPO мәселелер бойынша жедел желі:
Тел.: 8 (800) 004 03 15, күн сайын сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін, демалыссыз (қалалық және мобильді телефон нөмірлерінен қоңырау шалу тегін).
e-mail: ipo@kmg.kz

ҚМГ жаңалықтары

16.11.2022

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшысы компанияның IPO аясындағы қызметіне арналған баспасөз конференциясын өткізді

Қарашаның 16-ы күні Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевтің және ҚМГ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дәурен Қарабаевтың қатысуымен ҚМГ IPO-сына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Шарада спикерлер компанияның тұрақты қаржы жағдайы мен жоғары өндірістік көрсеткіштері туралы ақпарат беріп, болашақта компанияның кірісін едәуір ұлғайтуға мүмкіндік беретін перспективалы жобалар жөнінде баяндады.

«ҚазМұнайГаздың» мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 2021 жылы 21,7 млн тоннаға жетті, көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 18,9 млн тоннаны құрады. Компанияның шоғырландырылған активтері 32 миллиард долларға тең, акционерлік капитал 2022 жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша 19 миллиард доллардан асты. 2022 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, компанияның таза пайдасы 677 млрд теңге (1 504 млн АҚШ доллары) болды, ал бос ақша ағымы – 188 млрд теңге (417 млн АҚШ доллары)», - деді М.Мырзағалиев.

Ол «ҚазМұнайГаздың» тұрақты қаржылық көрсеткіштері төленген дивиденд көлемін 2016 жылдың қорытындысы бойынша 45 млрд теңгеден 2021 жылы 200 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік бергенін атап өтті.

ҚМГ басшысы компания қоржынында әртараптандырылған (өндіру, тасымал және өңдеу) мұнай-газ активтері бар екенін де айтты. Бұл ретте, болашақта «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы табысының өсуіне серпін беретін бірқатар бірегей жобалар да бар. Атап айтқанда, Теңіз кен орнында өндіруді қазіргі 27 млн тоннадан 40 млн тоннаға дейін, яғни 40%-ға ұлғайтуға мүмкіндік беретін Болашақ кеңейту жобасы, сондай-ақ Қашағанда өндірісті ұлғайту бойынша жобасы.

Халықаралық әріптестермен бірлесіп теңізде және құрлықта геологиялық барлау саласындағы жобалар да (Абай, Исатай, Жеңіс, Әл-Фараби) жүзеге асырылып жатыр. Компания бизнесінің өсуі үшін тағы бір маңызды бағыт – мұнай-газ химиясы. 8 қарашада қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен шығаруға жететін зауыт іске қосылды. Полиэтилен және бутадиен шығаратын зауыттар салу жоспарлануда.

ҚМГ басшысы компанияның отандық жеке инвесторлардың инвестициялық портфелінде лайықты орын алатынына сенім білдірді.

«IPO-ға шыққан сәттен бастап, біз үшін менеджмент ретінде және компаниямыз үшін дамудың жаңа кезеңі басталады. IPO арқылы барлық қазақстандықтың «ҚазМұнайГаз» акцияларын сатып алуға мүмкіндік алуын көздейміз. Және компаниямыздың инвесторлар үшін тартымды болуына, олардың инвестициялық портфелінде лайықты орын алуға бар күш-жігерімізді саламыз», - деп атап өтті М.Мырзағалиев.

2022 жылдың 7 қарашасында «Самұрық-Қазына» АҚ алғашқы жария ұсынысын жүзеге асыру ниеті туралы мәлімдеді. Оның аясында Қор «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының 30 505 974 акциясын сатуға ұсынуға ниетті, бұл жалпы орналастырылған акция санының 5%-ын құрайды.