Алаяқтардан сақ болыңыз!

2022 жылғы 7 қарашада «Самұрық-Қазына» АҚ мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бастапқы жария ұсынысын (IPO) жүзеге асыру ниетін мәлімдеді.

On 9 November 2022 the trading systems of the Kazakhstan Stock Exchange (KASE) and Astana International Financial Centre Exchange (AIX) began accepting applications for subscription to KMG’s common IPO shares. Applications will close on 30 November 2022 at 18:00, Astana time, for institutional investors and on 2 December 2022 at 15:00, Astana time, for retail investors.

Қазіргі кезде алаяқтар «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының атын жамылып арнайы сайт, қосымшалар құрып, әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, жарнама арқылы қазақстандықтарды ақша салуға шақыруда. Олар халықты мұнай мен газ сатып, бастапқы салынған «инвестициядан» да мол пайдаға кенелуге шақырады. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мұндай жарнамалық хабарландырулар жалған екенін мәлімдейді.

Қазақстандықтарды барынша сақ болуды және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз.

Компанияның қызметі туралы сенімді ақпарат тек www.kmg.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда YouTube, Facebook, Instagram, Telegram жарияланады.

Лицензиясы бар брокерлер тізімін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтынан оқи аласыз

IPO мәселелер бойынша жедел желі:
Тел.: 8 (800) 004 03 15, күн сайын сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін, демалыссыз (қалалық және мобильді телефон нөмірлерінен қоңырау шалу тегін).
e-mail: ipo@kmg.kz

ҚМГ жаңалықтары

20.11.2022

«ҚазМұнайГаз» мұнайшылары Президент сайлауында белсенділік танытты

Бүгін, 2022 жылы 20 қарашада «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында өз таңдауын жасап, белсенділік танытуда. Өндіріс орындарының еңбек ұжымдары өз елінің болашағына дауыс беру үшін сайлау учаскелеріне асықты.

Мұнайшылар алдағы 7 жыл ішінде Мемлекет басшысы кім болатынын анықтау үшін дауыс беруге барды. Жұмыс ауысымы алдында сайлауға асығып келгендердің бірі — «Қаражанбасмұнай» АҚ-да цех операторы болып жұмыс істейтін Әліби Жолдыбаев болды.

«Мен Отанымыздың тағдыры анықталатын осы маңызды күнде өз таңдауымды жасауға келдім. Цехтағы әріптестеріммен бірге дауыс бердік. Біз халықтың мүддесі мен әл-ауқаты бірінші орында тұратын оң өзгерістерді күтеміз», — деп атап өтті Әліби Жолдыбаев.

Бұл күні ҚМГ-нің мыңдаған ұжымымен бірге «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының мұнайшылары да сайлаудан тыс қалмады. Мәселен, «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасының («Маңғыстаумұнайгаз» АҚ) әлеуметтік тобының қызметкері Еділ Бекмұратов сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келді.

«Мұнайшылардың сайлауға белсенді қатысып, конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс беріп жатқаны қуантады. Қазақстанның болашағы жарқын болатынына сенемін және соған үміт артамын», — дейді Еділ Бекмұратов.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев те өз таңдауын жасады. Ол  Twitter аккаунтында «Менің таңдауым — қуатты Қазақстан» деп жазба қалдырды.

Бақылаушылар сайлаушылардың белсенділігін, ұйымдастыру деңгейін және ашықтықты атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Президент сайлауына барлығы 10 мыңнан астам учаске ашылды, сондай-ақ 53 елде 68 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның ішінде Румыния мен Грузияда ҚМГ еншілес кәсіпорындарының қазақстандық қызметкерлері ҚР Президентін сайлауға белсенді қатысуда.