Алаяқтардан сақ болыңыз!

2022 жылғы 7 қарашада «Самұрық-Қазына» АҚ мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бастапқы жария ұсынысын (IPO) жүзеге асыру ниетін мәлімдеді.

On 9 November 2022 the trading systems of the Kazakhstan Stock Exchange (KASE) and Astana International Financial Centre Exchange (AIX) began accepting applications for subscription to KMG’s common IPO shares. Applications will close on 30 November 2022 at 18:00, Astana time, for institutional investors and on 2 December 2022 at 15:00, Astana time, for retail investors.

Қазіргі кезде алаяқтар «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының атын жамылып арнайы сайт, қосымшалар құрып, әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, жарнама арқылы қазақстандықтарды ақша салуға шақыруда. Олар халықты мұнай мен газ сатып, бастапқы салынған «инвестициядан» да мол пайдаға кенелуге шақырады. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мұндай жарнамалық хабарландырулар жалған екенін мәлімдейді.

Қазақстандықтарды барынша сақ болуды және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз.

Компанияның қызметі туралы сенімді ақпарат тек www.kmg.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда YouTube, Facebook, Instagram, Telegram жарияланады.

Лицензиясы бар брокерлер тізімін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтынан оқи аласыз

IPO мәселелер бойынша жедел желі:
Тел.: 8 (800) 004 03 15, күн сайын сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін, демалыссыз (қалалық және мобильді телефон нөмірлерінен қоңырау шалу тегін).
e-mail: ipo@kmg.kz

ҚМГ жаңалықтары

24.11.2022

Қазақ газ өңдеу зауытында жаңа компрессорлық қондырғылар іске қосылды

Маңғыстау облысындағы «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС-де (ҚазГӨЗ) қарашаның 23-і күні жаңа компрессорлық қондырғыны салу және пайдалануға беру жұмыстарына белсенді атсалысқан кәсіпорынның 79 қызметкерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Еске сала кетейік, зауытта 1 қарашада Waukesha маркалы (АҚШ өндірісі) газ поршенді қозғалтқышы бар Ariel маркалы бес жаңа компрессорлық қондырғы пайдалануға берілді. Бұл өңдеуге қабылданатын газ көлемін 20%-ға арттыруға мүмкіндік берді.

Осы компрессорлық қондырғылардың көмегімен шикі газ сығымдалады, одан кейін сығымдалған газ күкірттен тазарту үшін келесі кезеңге жіберіледі. Жаңа қондырғылар 2022 жылдың қаңтарында қабылданған «ҚазГӨЗ жабдығының беріктігін қамтамасыз ету жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған бағдарламасына» сәйкес «Жаңа компрессорлық қондырғының құрылысы» жобасы бойынша пайдалануға берілді. Аталмыш бағдарлама Жаңаөзен қаласындағы жаңа газ өңдеу зауытының іске қосылуына дейін кәсіпорынның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Іс-шараның бағдарламасы бойынша негізгі техникалық және моралдық тұрғыдан тозығы жеткен сыйымдылық, бағаналық, сорғы компрессорлық жабдықты ауыстыру жоспарланған. Жобаның басты мақсаты – өнеркәсіптік, экологиялық, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өңдеуге қабылданатын шикі газды ұлғайту есебінен дайын өнімнің көлемін арттыру.

ҚазГӨЗ («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құрамына кіреді) «Өзен» кен орнын пайдалану кезінде алынатын ілеспе мұнай газын кәдеге жаратады және Маңғыстау облысындағы сұйытылған газдың басты жеткізушісі. 2022 жылдың қаңтар-қараша аралығында зауыт өңір қажеттілігіне тауар газын өндіріп шығару және жөнелту бойынша барлық міндетін атқарды. Өз кезегінде, құрылыс-монтаждау жұмыстары, сондай-ақ жаңа компрессорларды қолданыстағы коммуникацияларға қосу және пайдалануға беру жұмыстары өндірісті тоқтатпай жүргізілді.