Алаяқтардан сақ болыңыз!

2022 жылғы 7 қарашада «Самұрық-Қазына» АҚ мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бастапқы жария ұсынысын (IPO) жүзеге асыру ниетін мәлімдеді.

On 9 November 2022 the trading systems of the Kazakhstan Stock Exchange (KASE) and Astana International Financial Centre Exchange (AIX) began accepting applications for subscription to KMG’s common IPO shares. Applications will close on 30 November 2022 at 18:00, Astana time, for institutional investors and on 2 December 2022 at 15:00, Astana time, for retail investors.

Қазіргі кезде алаяқтар «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының атын жамылып арнайы сайт, қосымшалар құрып, әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, жарнама арқылы қазақстандықтарды ақша салуға шақыруда. Олар халықты мұнай мен газ сатып, бастапқы салынған «инвестициядан» да мол пайдаға кенелуге шақырады. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мұндай жарнамалық хабарландырулар жалған екенін мәлімдейді.

Қазақстандықтарды барынша сақ болуды және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз.

Компанияның қызметі туралы сенімді ақпарат тек www.kmg.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда YouTube, Facebook, Instagram, Telegram жарияланады.

Лицензиясы бар брокерлер тізімін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтынан оқи аласыз

IPO мәселелер бойынша жедел желі:
Тел.: 8 (800) 004 03 15, күн сайын сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін, демалыссыз (қалалық және мобильді телефон нөмірлерінен қоңырау шалу тегін).
e-mail: ipo@kmg.kz

ҚМГ жаңалықтары

25.11.2022

М. Мырзағалиев «Сибур» компаниясының бас директорымен келіссөз жүргізді

24 қарашада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Ресей Федерациясының Мәскеу қаласына жұмыс сапары барысында «Сибур» ЖШҚ бас директоры, басқарма төрағасы Михаил Карисаловпен келіссөз жүргізді.

Тараптар полипропилен және полиэтилен өндіру жөніндегі жобалар бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады. ҚМГ басшылығы серіктестерін полиэтилен шығаратын зауытты («Силлено» БК) жобалаудың басталуына орай жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

«Полиэтилен өндіру жөніндегі жоба ел экономикасына қосатын үлесі мен мұнай-газ химия саласын дамытудағы маңызына орай Қазақстан басшылығының ерекше бақылауында», - деп атап өтті М.Мырзағалиев.

7 қарашада «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «СИБУР Холдинг» ЖАҚ пен полипропилен және полиэтилен мұнай-газ химия жобаларының оператор компанияларының қатысушылары «KPI Inc.» ЖШС және «Силлено» ЖШС базасында бірлескен кәсіпорындар құру туралы негізгі құжаттарға қол қойды.

Құжаттарға сәйкес, тараптар Атырау қаласындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында орналасқан бірлескен кәсіпорындардағы әріптестік шарттарын айқындады.  Атап айтқанда, қуаты жылына 1 250 мың тонна полиэтилен өндіруге жететін зауыт құрылысының жобасына инвестиция салу, сондай-ақ жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін  зауыттың дайын өнімін өткізу тәртібіне қатысты.

Еске салсақ, 18 қарашада «KPI Inc.» ЖШС зауытынан (полипропилен) 1,5 мың тонна көлемінде дайын өнімнің бірінші партиясы экспортқа жөнелтілді.