Жарияланымдар

11.04.2016

«ҚазМұнайГаздың» жаңа бағыты айқындалды

Жақында Астана қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-та ҚМГ трансформациясы бағдарламасының «Диагностика және Дизайн» 1-кезеңінің жабылуына арналған ақпарат күні өтті.

Іс-шараға «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев, «Самұрық-Қазына» АҚ трансформация және арнайы жобалар жөніндегі басқарушы директоры Адамас Илькявичус, ҚМГ басқарма төрағасының өн­дірістік әлеуетті дамыту жөнін­дегі орынбасары – «ҚМГ Глобал Солюшнс Б.В.» ҚР-дағы ЖШКФ бас директоры Глеб Люксембург, ұлттық компания корпоративтік орталығының, мұнай барлау, өндіру, өңдеу және маркетингі бойынша еншілес ұйымдардың, ҚМГ және «Самұрық-Қазына» транс­формация командаларының басқа да басшылары мен қыз­меткерлері қатысты.

Жиын барысында Өмірзақ Шөкеев қор және жалпы Қа­зақ­стандағы трансформация бағ­дар­­ла­масының мәні, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар то­бы­ның нәтижелері мен жоспарлары, ҚМГ-ның трансформация бойынша бірлескен жобаларын іске асырудағы үлесі жайында баяндады. Ол өз сөзінде: ҚМГ ірі отандық компаниялардың бірі. Жалпы, еліміздің алдыңғы қа­тар­лы отыз елдің қатарына енуі үшін аса маңызды нәтижелілікті, айқындықты және бәсекеге қабі­леттілікті жаңа деңгейге көтеру туралы мәселені Елбасы­ның өзі ал­дымызға міндет етіп қойып отыр. Дамыған елдердің осы клубында өндірілген тауарлар мен көрсетілген қыз­меттің көлемі емес, олардың өзіндік құны жетістіктерді айқындаушы фактор болып табылады. Бұл ұлттық компаниялар да, мемлекеттік ұйымдар да осы қатардан табылуы тиіс дегенге меңзейді. Жақында ғана «ҚазМұнайГаздың» стратегиясы бекітілді, деді.

Бұл вертикалды ықпалдасқан модель, тек қана ТМД нарығының көлемінде ғана емес, бүкіл әлем­де де бәсекеге қабілетті ком­па­ния болмақ. Стратегиядан ке­йін оның операциялық моделі анықталатыны жөнінде тоқталды. Сонымен қатар, Өмірзақ Шөкеев өз сөзінде «Біз трансформация ту­ралы айтқанымызда, трансформация дегеніміз тек теориялық болжам немесе жай сараптама деп есептегендер болды. Шын мәнінде бұл олай емес. Осының бәрі тәжірибелік әрекеттерге ке­ліп тоғысады. ҚМГ-ның тәжірибелік әрекеті бүгіннен басталады. Транс­фор­мация компанияға жаңа сапа ұсынады. Қарапайым тілмен айтқанда, трансформация дегеніміз нарықтағы өзгерістерді байқау, алдын ала көре білу және дер кезінде сәйкестендіру, түсіну және құрылыммен өзгеру болып табылады. Компанияларға нарық барысына уақытында бейімделіп отыру үшін сапалық жағынан өзгерістерді тұрақты жүзеге асырып отыру» маңызды екенін атап өтті.

Ақпарат күні барысында 1-ке­зең­нің қорытындысы шы­ғарылды және 1.2-«Оқшаулау» кезеңінің жоспары талқыланды. Сауат Мыңбаев кіріспе сөзінде айтып кеткендей, сыртқы факторлар «ҚазМұнайГаз»-ға кері әсерін тигізеді. Жаңа жағдайда сәтті жұмыс жүргізу үшін жүйе­лі өзгерістер енгізу қажет. Транс­формацияның алғашқы жылы ҚМГ-ның қазіргі ахуалын, мүм­кіндіктері мен әлеуетін шына­йы бағалауға мүмкіндік берді. Бү­гінгі таңда компанияның жаңа операциялық моделінің жарғысы дайындалды. Осыған сәйкес, «ҚазМұнайГаз» активтерді Ди­ректорлар кеңесі арқылы бас­қа­ратын портфельдік инвес­тор­лар жарғысынан бас тартып, өн­дірістік активтер арқылы бел­сен­ді операциялық басқаруға көшуі тиіс.

ҚМГ басшысының сөзіне қара­ғанда, басқару деңгейлерінің санын қысқарту керек. Олардың қазіргі саны – 9. Оңтайландыру арқылы олардың санын екеуге дейін түсіру ойда бар. Со­ны­мен қатар, ҚМГ-ның жаңа операциялық моделі, қолдаушы процестер ретінде, бірінші кезекте ақпараттық технология, ал болашақта бухгалтерия мен қар­жы мекемелерін және т.б. жеке бөліп Қызмет көрсетудің жалпы орталығын құру көзделіп отыр.

Сөзінің соңында Сауат Мыңбаев жа­ңа операциялық мо­делдің «ҚазМұнайГаз» жұмы­сы­ның қабылданған шешімдердің орындалуын жеделдетіп, нәтиже­сін арттыратынына сенім білдірді.

Жобалық команданың бі­рін­ші кезеңдегі жұмысын қо­ры­тындылаған Глеб Люк­сем­берг: «Трансформация – «Қаз­МұнайГаз» жүйесінің барлық деңгейлеріндегі жүйелі қайта құ­рудың ұзақ мерзімді жобасы, ол сәттік қана нәтижеге ба­ғытталмаған. Құрылымның бар­лық кезеңдеріне арналған жүйелі өзгерістердің ұзақ мер­зімді жобасы екенін және оның бір уақытта нәтижелерге жетуге бағытталмағандығын атап өт­ті. Трансформацияның келесі са­ты­ларының аясындағы кейбір бизнес-үдеріс өзгерістерін жүзеге асыру үшін бірнеше жыл керек болуы да мүмкін. Есесіне бұл компания қызметін жетілдіруге нақты жұмыс істейтін болады», деді.

Жиын соңында бірінші ке­зеңді жүзеге асыруда ерекше көз­ге түскен ҚМГ трансформа­ция бағ­дар­ламасының бас де­меу­шілері «ҚазМұнайГаз», «Самұрық-Қазына» трансформация командалары мен еншілес ұйымдар­дың ең таңдаулы өкіл­дерін Сауат Мыңбаев пен Глеб Люксемберг бір­неше номинациялар бойынша сал­танатты жағ­дайда марапаттады.

Сәйкес номинациялардағы жеңімпаздар жалпы жасырын дауыс беру қорытындысы бо­йынша анықталды. Атап айтқанда, марапаттарға «Трансформация мақсаттарын ілгерілетуде көр­сеткен көшбасшылығы үшін» құрметіне «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының кор­поративтік даму жөніндегі орын­­­басары Данияр Берлібаев, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры Құрманғазы Есқазиев және «ҚазМұнайГаз-өңдеу және маркетинг» бас дирек­торы Данияр Тиесов ие болды.

«КМГ Глобал Солюшнс Б.В.» ҚР ЖШКФ – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-тың ҚМГ трансформа­ция бағдарламасын жүзеге асыру­мен айналысатын еншілес ұйымы. Ол «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының үздік мамандарынан, сондай-ақ, ірі халықаралық мұнай және газ жобаларына қатысушы шетелдік сарапшылардан құралған.

Аян ӘБДУӘЛИ,

«Егемен Қазақстан».