«ҚазМұнайГаз» ҰКАҚ (ҚМГ) «жұмысқа қабылдау ашық жүргізіледі» бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті
Бұл пилоттық жоба «Самұрық-Қазына» ҰӘҚАҚ-тыңТрансформациялау бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын болады және ұлттық компаниядағы бүгінгі күнге бос орындарға қызметкерлер алуды қарастырады. Бұл бағдарламата бысты өткен жағдайда кадр саясатына өзгерістер ҚМГ Басқармасына қарауға шығарылып, одан соң тұрақты тәжірибеге айналдырылатын болады. Сонымен, бұл жаңалықтың ерекшелігі неде?
ҚМГ мамандары бос тұрған әкімшілік-басқару лауазымдарына конкурсты қіріктеу мен қызметкерлердің ҚМГ-ге бейімделуінің Ережесін жасап шығарды. Аталмыш құжат үміткерлерге арналған конкурстық іріктеудің бірнеше кезеңін ұсынады. Ең алдымен, үміткерлердің түйіндемелері http://work.kmg.kz/ сайтында қабылданады, сол жерде конкурстың барлық ережелерімен және бос орынға қойылатын талаптардың барлығымен танысуға мүмкіндік бар.
Бұдан соң – қызметтік ережелеер бойынша біліктілік талаптарына сай келетін түйіндемелерді іріктеу. Мұнда еңбек өтілі, еңбек тәжірибесі, білімі, тілдерді білуі (қазақ, ағылшын) есепке алынады. Бұл жағдайда комиссияның түйіндемеде көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды сұрастыруға құқы бар.
Іріктеудің келесі сатысы – тест тапсыру (өткізуорны – Астана қаласы). Алдыңғы кезеңдерден өткен үміткерлер бұл жерде ең алдымен кәсіби білімін көрсетуі тиіс. Бұған қоса, тілдерді білу мен ақпараттарды талдай білу қабілеттілігіне назар аударылатын болады. Осылардан мүдірмей өткен үміткерлер конкурстық комиссия мүшелерімен әңгімелеседі. Өткізу орны Астана қаласы.
Соңғы сын – ҚМГ функционалдық бағыттағы басшылар, құрылымдық бөлімшелер мен кадр бөлімінің қызметкерлерінен құрылған конкурстық комиссияның мәжілісі. Күрделі және барынша ашық өткізілетін жұмыстың нәтижесі – конкурсты табысты өткізген үміткерлерді жұмысқа қабылдау үшін құжаттарды рәсімдеу.
Сонымен, аталмыш пилоттық жобаның бос орындары:
Игерілетін кен орындарын жайластыруды сараптаудепартаменті
Жетекші инженер;
Халықаралық келісім шарттар департаменті:
Аға заңгер;
Геология және геофизика департаменті:
Сарапшы;
Кен орындарын игеру департаменті:
Сарапшы;
Адам ресурстарын басқару және еңбекақы департаменті:
Аға маман
ҚМГ конкурсқа қатысуға шақырады, барлық үміткерлерге сәттілік тілейміз!