Жарияланымдар

19.06.2019

Аққан жұлдыз

Осындай атаумен өмірге алатынынан берері көп кезінде дүниеден озған ер азамат, жоғары білікті маман, парасатты тұлға Қожахан Әбенов туралы кітап жарыққа шықты. Кітапқа Қожаханның анасы мен жақын достарының естеліктері мен суреттері жинақталған.

Қожахан Әбенов 2002-2004 жылдары «ҚазТрансГаз» ЖАҚ бас директорының кеңесшісі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік даму жөніндегі басқарушы директоры болды, «ТеңізШевройл» жобасына жетекшілік етті. Ол стратегиялық ойлау, дұрыс шешім қабылдау, жауапкершілік алу қабілетімен ерекшеленетін. Қожаханның мұнай-газ өнеркәсібіндегі еңбегінің нәрлі нәтижесі – ТШО компаниясының бағалы қағаздар нарығына шығуы.

Қожахан Әбенов кәсіби қаржыгер, ұтымды ұйымдастырушы және өз елінің нағыз  патриоты болды. Қысқа ғана ғұмырында тың идеялары мен іскерлігінің арқасында мұнай-газ саласын дамыту және жалпы, ел экономикасын өркендету жолында көп еңбек етті. «Аққан жұлдыз» кітабы – бұл ананың ұлына деген ризашылығы, бірегей тұлға мен адал досқа көрсетілген құрмет.

Кітапты мына сілтеме бойынша оқи аласыздар.