ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ мәселелерін басқару бойынша мақсаттар Топтың Даму стратегиясымен тікелей байланысты. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ стратегиясы-2028 экологиялық жауапкершілікті арттыру бойынша стратегиялық бастамашылықтарды қамтиды. Топ үшін қоршаған ортаны қорғау бөлігіндегі басым бағыттар парниктік газдар шығарындыларын басқару мен газды алау етіп жағуды қысқартуды, су ресурстарын басқаруды, өндіріс қалдықтарын басқаруды, жерді қалпына келтіруді және энергия тиімділігін арттыруды қамтиды.
Стратегияның басымдықтарына сәйкес, «Экологиялық саясат» бекітілді. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының басшылығы қоршаған ортаның ластануына байланысты шығындар мен залалдарға қатысты нөлдік төзімділік қағидатын ұстанады. Осылайша, мысалы, Саясатта алғаш рет климат, биоалуантүрлілік, экологиялық тұрғыдан құнды аумақтардағы қауіптерге қосымша бағалауды жүргізу бойынша міндеттемелер, ластанған жерлерді қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізу, құбырлардың тұтастығын қамтамасыз ету сияқты экологиялық аспектілерге көңіл бөлінген.
2015 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Дүниежүзілік Банктің 2030 жылға қарай Ілеспе мұнай газын (ІМГ) үнемі жағуды толық тоқтату жөніндегі бастамашылығы – GGFR қолдады. Жоғарыда көрсетілген бастамашылықты іске асыру шеңберінде, 2019 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компанияларының тобындағы шығарындыларды басқару саясаты бекітілді. Шығарындыларды басқару саясаты шығарындыларды басқару бойынша негізгі сегіз қағидаттан тұрады.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы саясаты еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне қатысты жоғары басшылықтың көшбасшылығына және бейілділігіне негізделген және әрбір жұмыскерді қауіпсіздік мәдениетін дамытуға тартуға бағытталған. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының басшылығы жазатайым оқиғалар мен аварияларға байланысты шығындар мен залалдарға қатысты нөлдік төзімділік қағидатын ұстанады, ұлттық заңнамадан басқа, халықаралық және ұлттық стандарттардың талаптарын сақтауға міндеттенеді.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың алкогольге, есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен олардың аналогтарына қатысты саясаты және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жерүсті көлік құралдарын қауіпсіз пайдалану саласындағы саясаты алкогольдің, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың аналогтарының пайдаланылуын болдырмайтын қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын және жол-көлік оқиғаларының алдын алатын және олардың салдарының ауырлығы мен Компанияның мүлкіне тиген зиянды азайтуды басым етіп белгілейді. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының басшылығы алкоголь, есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларына байланысты шығындар мен залалдарға қатысты нольдік төзімсіздік қағидатын ұстанады.
Барлық саясаттар Топтың барлық қызметкерлеріне, сондай-ақ мердігерлік ұйымдар мен қызмет көрсетушілердің қызметкерлеріне қолданылады және Компанияның серіктестермен іскерлік қатынастар жүйесіне енгізіледі.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау бойынша көшбасшылығы мен бейілділігі кодексінің мақсаты еңбек қауіпсіздігі мәдениетін, әрбір қызметкердің оқиғаларға жол бермеуге жеке мүдделілігін арттыру және ӨҚ, ЕҚ және ҚОҚ қамтамасыз ету бойынша қызметке белсенді қатысу болып табылады).
2018 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-та су ресурстарын басқару жөніндегі корпоративтік стандарт қабылданды, ол ҚМГ-нің су ресурстарын пайдалану бөлігіндегі басты қағидаттары – 8 «Су қағидатын» негіз етіп алады және су ресурстарын басқару тәсілін жүйелейді.
Ал 2019 жылы Компанияның бірінші басшысы Су ресурстарын ұтымды басқаруды ұстану туралы жеке мәлімдемеге қол қойды. Бұдан былай біз су ресурстарын пайдалануда қатаң қағидаттарды ұстанамыз, компаниялардың барлық тобы бойынша тұтынуды қысқарту бойынша көп жылдық жоспарлар құрамыз, су үнемдеуші жаңа технологияларды енгіземіз. Қазірдің өзінде біз халықтың пайдасына тұщы су көлемін босату үшін өндірістік қажеттіліктерге ағынды және тұзды суларды тазарту бойынша бірнеше ауқымды жобаны іске асыруға кірістік.
Мердігерлерді таңдау және олармен өзара әрекеттесу өнері компания үшін маңызды бәсекелестік артықшылықты қамтамасыз ететіні белгілі. Компания жұмыстарды жоғары деңгейде орындауға кепілдік беру және қызметтер көрсетудің барлық циклін ашық жүргізу үшін әлеуетті өнім берушілерді іріктеу критерийлерін арттыруға ұмтылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобындағы еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі корпоративтік стандарты Менеджмент жүйесінің құрылымдық элементі болып табылады және ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ талаптарын сақтау жөніндегі ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы келісімді және оларды бұзғаны үшін айыппұл санкцияларын, техника мен жабдықтың, мердігер персоналының әзірлігіне алдын ала жұмылдыру аудитін, мердігерді ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы қызмет нәтижелері бойынша бағалауды қамтитын мердігерлік ұйымдармен жасалған шарттарға қойылатын талаптарды қамтиды.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобындағы ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы құзыреттерді қамтамасыз ету жөніндегі корпоративтік стандарт ҚазМұнайГаз компаниялар тобының қызметкерлері үшін олардың лауазымдық топтарына сәйкес ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы менеджмент жүйесінің әрбір элементіне қатысты ЕҚОҚ саласындағы Құзыреттер деңгейлерін айқындайды және белгілейді.
ҚМГ өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы менеджмент жүйесін жақсарту мақсатында, «Самұрық-Қазына» АҚ қоржынды компаниялары үшін өндірістік қауіпсіздікті басқару жөніндегі референс моделінің ұсынымдары ескеріліп әзірленген "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ компаниялар тобындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы тәуекелдер бойынша коммуникациялар және хабардар болу жоспары.
2017 жылдан бастап, Топта 2017-2020 энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жол картасы іске асырылуда.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жағдайын жақсарту жөніндегі жол картасы-2020 қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму саласындағы негізгі стратегиялық бастамашылықтарды қамтиды. Жол картасы көрсеткіштерінің орындалуы жыл сайынғы негізде қадағаланады.
2018-2028 стратегиясына сәйкес операциялық активтердегі өндіру деңгейінің өздігінен төмендеуін өтеу мақсатында, ҚМГ:
- игерілетін кен орындарын цифрландыру жобаларын қоса алғанда, өндірістің инновациялық-технологиялық базасын арттыру;
- газ бен суды кәдеге жарату проблемаларын шешу есебінен жерүсті инфрақұрылымы бойынша шектеулерді алып тастау;
- өндіруші активтерде мұнай өндіру коэффициентін арттыру;
- су басуды басқару тиімділігін арттыру;
- полимер суландыруды кеңейту;
- операциялық өндіруші активтердегі жете барлау объектілерін пайдалануға беру арқылы өндірістік қызметтің тиімділігін және технологиялық тәртіпті арттыру, ұңғымалардың барынша өнімділігіне қол жеткізу үшін жылжымайтын қорларды тарту, геологиялық-техникалық іс-шаралардың технологиялық және экономикалық тиімділігін арттыру бойынша бірқатар шаралар қабылдайды.
Компанияны одан әрі дамытудың маңызды құрамдас бөлігі ескі кен орындарында өндіру тиімділігін арттыру болып табылады. Бұл міндетті орындау үшін ҚМГ өндірістік объектілерінде тұрақты негізде оларды оңтайландыру, энергия үнемдеу саясатын сақтау мақсатында өндірістік процестерді бақылау жүзеге асырылады, сондай-ақ мұнай алу коэффициентін арттыру тәсілдерін іздестіру, мысалы, жаңа ұңғымаларды пайдалануға беру, қабаттарды гидрожару, ұңғымаларды күрделі жөндеу, қабаттарды қосымша ату және қайта ату және полимерлік су басу (ҚМГ-нің 2019 жылғы жылдық есебінен) жүргізіледі.
Еқ, өқ және қоқ бойынша менеджмент жүйесі
Денсаулық сақтау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау бойынша менеджмент жүйесі (ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ) үздік халықаралық практикалар – IOGP, ISO 14001 және ISO 45001 Мұнай және газ өндірушілер қауымдастығының ұсынымдары негізінде әзірленген. Бұл жүйенің негізінде төрт іргелі қағидат жатыр: көшбасшылық, мақсатқа қол жеткізу, тәуекелдерді басқару және тұрақты жетілдіру. Жүйе 10 элементтен тұрады (жүйенің салалары).
ISO 9001, ISO 14001 и OHSAS 18001 талаптарына сәйкес, 2006 жылдан бастап сапа, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы басқару жүйесі жұмыс күйінде сақталуда.
ҚМГ ТОБЫ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕЛЕРІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
Қоршаған ортаға тиетін әсерді бағалау
Сақтық қағидатына (1992 ж. БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі Рио-де-Жанейро Декларациясының 15 қағидаты), сондай-ақ біздің менеджмент жүйеміздің талаптарына және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, әрбір жобаны іске асыру кезінде қабылданатын басқарушылық және шаруашылық шешімдер нұсқаларының экологиялық және өзге де салдарын айқындау, қоршаған ортаны сауықтыру, табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи ресурстардың жойылуын, деградациясын, зақымдалуы мен сарқылуын болдырмау бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін қоршаған ортаға тиетін әсерді бағалау (ҚОӘБ) жүргізіледі. Бұдан басқа, әрбір жобаны жобалау сатысында мүдделі тараптар: әкімшілік, мемлекеттік және бақылаушы органдар, ғылыми-зерттеу ұйымдары, қоғамдық бірлестіктер, жергілікті тұрғындар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізіледі. Біз барлық мүдделі тараптардың ҚОӘБ жобаларына қол жеткізуін, ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау мен тіркеуді қамтамасыз етеміз. ҚМГ компаниялары тобының ҚОӘБ-нің барлық жобалары мемлекеттік экологиялық сараптаманың объектісі болып табылады және жобаның бүкіл өмірлік циклі ішінде Компанияның ресми сайтында, жергілікті билік органдарының веб-сайттарында мүдделі қоғамдастық үшін қол жетімді.
2018-2019 жылдар кезеңінде жергілікті қоғамдастықпен және қоғамдық ұйымдармен 77 кездесу, оның ішінде 2019 жылы 27 кездесу және 2018 жылы 50 кездесу өткізілді. Қоғамдық тыңдаулардың нәтижелері бойынша мүдделі тараптардың ұсынымдары мен пікірлерін ескеретін тиісті шаралар қабылданады.
«Жамбыл» аумағында іздестіру жұмыстарын алдын-ала ҚОӘБ
Жамбыл аумағынд жобаға бағалау жұмыстарын алдын-ала ҚОӘБ
«Ембмұнайгаз» АҚ Нұржанов, Ақтөбе, Батыс Оппасы кен орындарында алдын-ала ҚОӘБ
«Ембмұнайгаз» АҚ Кенбай кен орынында алдын-ала ҚОӘБ
«Ембмұнайгаз» АҚ Әгікенкен орынында, Нұржанов кен орынында алдын-ала ҚОӘБ
“Oil Construction Company” ЖШС №9 Карьер кен орнының маңайын ҚОӘБ
“Oil Construction Company” ЖШС «құмды-қиыршықтасты қоспа» (№9 Карьер кен орнының маңайы) ҚОӘБ
Ақтау қ. «ҚазМұнайТеңіз» ТМК ЖШС бөлімшесі Боранкөл кен орнын ҚОӘБ
Нұрсұлтан құрылымында бағалау жұмыстарының Жобасына ҚОӘБ
Қаражанбас кен орнында қабаттағы суды тұщылау бойынша зауыт құрылысының ҚОӘБ
«Қосымша 4-ші өлшеуші жолмен блокты жобалау» «Өзенмұнайгаз» АҚ ҚОӘБ
«Өріктау оперейтинг» ЖШС «Оңтүстік Өріктау кен орынында бағалау жұмыстарының жобасын» алдын-ала ҚОӘБ
«ҚазТрансОйл» АҚ «Антенналық-діңгекті құрылыс» жұмыс жоспарына ҚОӘБ
«Газқұбырды ШП-36 мен ақтөбе қ. 12 ықшам ауданымен сақиналау»
Өндірістік экологиялық бақылау
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымдары өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының негізінде өндірістік экологиялық бақылау жүргізеді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға тоқсан сайын есеп береді, өндірістік экологиялық бақылау шеңберінде, қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингін және әсер ету мониторингін жүргізеді, оған мыналар кіреді:
- атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындыларының мониторингі (азот оксиді, көміртек оксиді, күкірт диоксиді);
- ластаушы заттар төгінділерінің мониторингі (сульфаттар, хлоридтер, қалқыма заттар, нитраттар, нитриттер, мұнай өнімдері және өзге де ластаушы заттар);
- радиациялық мониторинг (дозиметриялық және радиометриялық бақылау);
- санитариялық-қорғау аймақтары шекараларындағы атмосфералық ауаның мониторингі (күкіртті сутек, көмірсутектер, азот оксидтері, көміртегі оксиді, күкірт диоксиді);
- су ресурстарының мониторингі (сульфаттар, хлоридтер, қалқыма заттар, нитраттар, нитриттер, мұнай өнімдері және өзге де ластаушы заттар);
- топырақ бетінің мониторингі (металдар, сульфаттар, хлоридтер және өзге де ластаушы заттар);
Алынған нәтижелер эмиссия нормативтерімен және гигиеналық нормативтермен салыстырылады, нормативтерден асып кету анықталған жағдайда оларды жою бойынша шұғыл шаралар қабылданады.
Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша барлық есептілік Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Бірыңғай экологиялық интернет-ресурсында жарияланады: http://prtr.ecogosfond.kz/otchety-rvpz және барлығына қол жетімді.
Мүдделі тараптармен ішкі және сыртқы өзара іс-қимыл жасау жүйесі
Бүгінгі таңда ҚазМұнайГаз компаниялар тобы – бұл ішкі және сыртқы мүдделі тараптармен өзара іс-қимылдың дамыған жүйесі бар мүлдем ашық компания.
ҚазМұнайГаз компаниялар тобының еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметін корпоративтік орталықтағы еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі директор үйлестіреді. Корпоративтік орталық жетістіктерді талдайды және жақсартуға арналған салаларды, ЕҚОҚ және энергия тиімділігі саласындағы болашақ қызмет үшін мақсаттар мен міндеттерді белгілейді, өткен кезеңдермен және саланың жетекші халықаралық компанияларының (IOGP, IPIECA) ұқсас көрсеткіштерімен бенчмаркинг жүргізеді.
2017 жылдан бастап, Еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау комитеттерінің үш деңгейлі жүйесі (бұдан әрі – ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ) өз қызметін бастады: Директорлар кеңесі деңгейінде, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылығы деңгейінде ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ жөніндегі функционалдық комитет, еншілес және тәуелді ұйымдар деңгейіндегі ЕҚОҚ жөніндегі комитеттер. Ал 2019 жылдан бастап, «Самұрық-Қазына» АҚ еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау комитеті өз қызметін бастады.
Бүгінгі таңда ҚМГ әртүрлі халықаралық ұйымдар мен қауымдастықтардың мүшесі болып табылады. Біз ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ бойынша қол жеткізілген прогресс туралы мүдделі тараптарға тұрақты түрде есеп беріп отырамыз.
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ БҰҰ Жаһандық шартының мүшесі болып табылады және осылайша қоршаған орта, Адам құқықтары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және еңбек қатынастары саласындағы Шарттың 10 қағидатын ұстанатынын растайды;
- 2015 жылы ҚМГ Дүниежүзілік Банктің «2030 жылға қарай ІМГ-ні үнемі алау етіп жағуды толық тоқтату» жаһандық бастамашылығын қолдады. Біздің мақсатымыз – ІМГ пайдалы пайдалылығын және кәдеге жарату деңгейін арттыру, алау етіп жағуды барынша азайту;
- 2015 жылдан бастап, жыл сайын «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ GRI стандарттарына, сондай-ақ Мұнай-газ секторына арналған GRI басшылығына сәйкес орнықты даму саласындағы есептілікті жариялайды.
- 2017 жылы ҚМГ метан шығарындыларын азайту жөніндегі ҚМГ қызметі шеңберінде Жаһандық метан бастамашылығының жобалық желісіне қосылды; 2018 жылы Жаһандық метан форумы шеңберінде ГМИ Мұнай және газ кіші комитетінің отырысына қатысты. 2019 жылғы желтоқсанда ҚМГ мен ЕТҰ қызметкерлері Азия Даму Банкі ҚМГ-нің серіктесі – норвегиялық Carbon Limits компаниясымен бірлесіп ұйымдастырған «Мұнай-газ саласындағы парниктік газдар (метан) шығарындыларына мониторинг жүргізу және оларды азайту» атты семинарға қатысты.
- 2018 жылдан бастап, ҚМГ IOGP Халықаралық мұнай және газ өндірушілер қауымдастығының толық құқықты мүшесі болды және жыл сайынғы есептілікті тапсырады.
- 2019 жылы ҚМГ алғаш рет Carbon Disclosure Project бастамашылығының шеңберінде, Парниктік газдар шығарындылары бойынша 2018 жылға арналған верификацияланған есептілікті (1, 2 және 3-деңгей) жариялады. ҚМГ-ге «С» Климаттық рейтингісі берілді, бұл мұнай-газ саласындағы орташа салалық көрсеткіш болып табылады.
- 2020 жылы CDP алаңында 2019 жылдың қорытындылары бойынша Климаттық сауалнама және алғаш рет Су қауіпсіздігі бойынша сауалнама орналастырылды.
- 2019 жылы алғаш рет ҚМГ Парниктік газдар шығарындыларын басқару бойынша форум өткізді.
Басқару жүйесін жақсарту нәтижесі: ҚМГ 2019 жылдың қорытындылары бойынша үш жыл қатарынан мұнай-газ компанияларының ашықтық рейтингін бастап, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен және Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азиядағы қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен (ЮНЕП-ОА) әріптестікте Ресейдің Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) және Капитал тобы мен Ұлттық рейтингтік агенттік берген Қазақстандағы экологиялық тұрғыдан ең таза және жауапты компания атағын кезекті рет растады.
Қазақстанның мұнай-газ компанияларының экологиялық жауапкершілігі рейтингінің нәтижелері:
Сілтемелер:
ҚР МГК экологиялық жауапкершілік рейтингісі 2017
ҚР МГК экологиялық жауапкершілік рейтингісі 2018
ҚР МГК экологиялық жауапкершілік рейтингісі 2019
ҚР МГК экологиялық жауапкершілік рейтингісі 2020
Компания өндірістік қызмет жүргізетін өңірлерде дәстүрлі өмір салтын сақтайтын жергілікті тұрғындар жоқ.
Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша азаматтардың өтініштерін қабылдау үшін байланыс ақпарат:
Телефон: +7 (7172) 78 61 92
е-mail: hse@kmg.kz
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі және олардың орындалуын бақылау:
- Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, оның ішінде ҚМГ компаниялар тобы ұйымдары қызметкерлерінің өтініштерін өткізу және қарау тәртібі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компанияларының тобында іс қағаздарын жүргізу жөніндегі регламентпен, ал «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда осы Заңның тиісті ережелерімен реттеледі.
- ҚМГ компаниялар тобының ұйымына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштері қарауға қабылданады.
- Жеке тұлғаның өтінішінде оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі. Өтініш беруші өтінішке қол қоюға тиіс. Шағым берілген жағдайда, іс-әрекетіне шағым жасалған субъектінің атауы немесе қызметкерлердің лауазымы, тегі және инициалдары, шағым жасау себептері мен талаптары көрсетіледі.
- Өз құзыреті шегінде, ҚМГ компаниялар тобының ұйым басшылығы:
1) өтініштерді объективті, жан-жақты және уақытылы, қажет болған жағдайда олардың қатысуымен қарауды қамтамасыз етеді, заңды және негізделген шешімдер қабылдайды және қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
2) өтініш берушілерді олардың өтініштерін қарау нәтижелері, қабылданған шаралар немесе олардың өтініштері өздерінің құзыретіне сәйкес басқа субъектілерге немесе тұлғаларға қайта жіберілгені туралы жазбаша нысанда хабардар етеді;
3) шағымды іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған тұлғалардың қарауына жібермейді;
4) жеке немесе заңды тұлғалардың өтініш берген немесе оның мүддесінде өтініш берген адамға зиян келтіруіне жол бермейді.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру
Экологиялық тәуекелдерді тиімді басқару үшін Компания табиғатты қорғау қызметін басқару тәсілдерін үнемі жетілдіріп отырады және қоршаған ортаны қорғауға қажетті ресурстарды бөледі.
Экологиялық шығындарға нормативтік эмиссиялар үшін салық төлемдері, қоршаған ортаны қорғау іс-шараларына арналған шығындар, сақтандыру, қоршаған ортаны қорғау саласындағы өтемақы іс-шаралары, қоршаған ортаға тиетін әсерді болдырмауға арналған инвестициялар және өзгелері кіреді. Біз тарихи қалдықтарды өңдеуге және ластанған жерді қалпына келтіруге арналған бюджетті ұлғайттық. Қалдықтарды өңдеуге инвестициялар 2015 жылдан бастап 3 есе ұлғайып, қоршаған ортаны қорғауға арналған барлық шығыстардың, кем дегенде, үштен бір бөлігін құрайды. Сонымен бірге, атмосфералық ауаға шығарындылардың азаюымен байланысты эмиссия үшін төлемдердің төмендеуі байқалады. 2019 жылы қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар 18,8 млрд.теңгені құрады, бұл 2018 жылға қарағанда, 2.4 млрд. теңгеге артық.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы басым жобалар
Тарихи ластануды жою, сондай-ақ қоршаған ортаға теріс әсер ету көздерін (жұмыс істемейтін ұңғымаларды, ағынды су жинағыштарды, полигондарды және өзге де өндірістік объектілерді) жою;
Технологиялық шешімдерді жетілдіру жолымен қоршаған ортаға шығарындыларды азайту, мысалы, отын мазутын технологиялық пештерде отын ретінде пайдаланылатын отын/табиғи газға ауыстыру, жаңа буын қоспаларын пайдалану, өндірістік объектілердің аумағын көгалдандыру және абаттандыру, жабдықтарды ауыстыру жөніндегі іс-шаралар, газды өңдеу жөніндегі өндірістік қуаттарды кеңейту, газды өңдеу қондырғыларын салу және өзгелері;
Ластауыш заттардың тасталуын қысқарту: «Тазалық» жобасы: «АМӨЗ» ЖШС ағынды суларды тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Тухлая балка» буландыру алаңдарын қалпына келтіру»;
3 000 м3 көлемінде таза техникалық су көлемін ұлғайту үшін градирняны күрделі жөндеу; тазарту құрылыстарын тазалау тиімділігін жақсарту.
ҚМГ компаниялар тобының өндіруші ЕТҰ үшін Энергетикалық тәуекелдерді сақтандыру пакеті шеңберінде экологиялық тәуекелдерді сақтандыруды қамтитын үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті кешенді сақтандыру іске асырылды.
Көрсетілген сақтандыру өтемі ерікті болып табылады және «Самұрық-Қазына» АҚ пен дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) кем дегенде елу проценті «Самұрық-Қазына» АҚ-қа меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғаларда сақтандырып қорғауды ұйымдастыру жөніндегі корпоративтік стандарттың негізінде жүзеге асырылады.
Экологиялық төлемдер мен шығындар серпіні, млрд теңге
2019 жылғы эмиссиялар үшін нормативтен тыс төлемдердің үлесі, млрд теңге
ТАЛАПТАРҒА СӘЙКЕСТІК
Біз өзіміздің өндірістік қызметімізді Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында жүргізуге және қоршаған ортаға зиян келтіруді болдырмау бойынша тиісті шаралар қабылдауға ұмтыламыз. Компания өндірістік объектілерде Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасына сәйкессіздіктерді анықтау, проблемалық мәселелерді айқындау және заңнаманың талаптарына қандай да бір болмасын сәйкессіздіктерді болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін тәуекелдерді басқару жөніндегі жұмысты жалғастырады.
Осы кестеде қышқыл газды алау етіп рұқсатсыз жағу үшін айыппұлдарды қоспағанда, ұсынылған және төленген айыппұл санкцияларының сомалары көрсетілген (бөлек ұсынылып отыр).
Сот шешімі бойынша қышқыл газды алау етіп рұқсатсыз жағудың барлық кезеңі үшін белгіленген айыппұлдар 34,4 млрд.теңгеден 8,7 млрд. теңгеге дейін қайта есептелді. Айыппұл сомасы дауланып, 25,7 млрд.теңгеге қысқартылды.
Апаттар мен инцидентер және олардың салдарын жою жөніндегі шаралар туралы ақпарат
Қаламқас кен орнындағы жағдай туралы
http://www.kmg.kz/rus/press-centr/press-relizy/?cid=0&rid=672
Қаламқас кен орнындағы №8237 ұңғыма ауданындағы грифон (су-газ белгілері) туралы
http://www.kmg.kz/rus/press-centr/press-relizy/?cid=0&rid=670
Қаламқас кен орнындағы ұңғымада болған өрт оқшауландырылды
http://www.kmg.kz/rus/press-centr/press-relizy/?cid=0&rid=651
Қаламқас кен орнындағы жағдай туралы ақпараттық хабарландыру
http://www.kmg.kz/rus/press-centr/press-relizy/?cid=0&rid=649
Энергетикалық ресурстарды пайдалану және энергия үнемдеу
Біз энергия тиімділігін арттыру және компанияда энергия ресурстарын пайдалануды оңтайландыру бойынша белсенді жұмыс істейміз.
2021 жылға дейінгі мерзімге арналған «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудың корпоративтік жол картасы» әзірленді, оны іске асыру нәтижесінде энергетикалық ресурстардың тұтынылуын 4,5 млн. ГДж-ге азайту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, біз халықаралық танылған энергия-сервистік шарттар тетігі арқылы энергия үнемдеу саласына стратегиялық инвесторларды тарту жұмысын жалғастырудамыз.
Компаниялар тобында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін дамытудың негізгі стратегиялық бағыттары: технологиялық жабдықты жаңғырту, энергия үнемдеу технологияларын енгізу, жылу энергиясын өндіру мен тұтынуды оңтайландыру, сондай-ақ жеке электр энергиясы көздерін, оның ішінде, ІМГ-ні пайдалана отырып дамыту болып табылады.
2019 жылы энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бойынша 69 іс-шара орындалды, отын-энергетикалық ресурстарды жоспарлы жылдық үнемдеу 0,8 млн ГДж құрайды, заттай көріністе электр энергиясы – 11,3 млн кВт, жылу энергиясы – 91,3 мың Гкал, табиғи газ – 8 508 мың м3.
2019 жылы Компаниялар тобында көмірсутектерді өндіру бағыты бойынша үлестік энергия тұтыну өндірілген КСШ-ның бір тоннасына шаққанда, 2,4 ГДж (2018 жылы 2.38 ГДж) құрады, бұл IOGP Халықаралық мұнай және газ өндірушілердің қауымдастығының көрсеткішімен салыстырғанда, 60%-ке жоғары болып отыр, ол 2018 жылы өндірілген көмірсутектердің бір тоннасына шаққанда, 1,5 ГДж құрады. Мұнай өндіруде энергия ресурстарын үлестік тұтынудың ұлғаюы, ең алдымен, ескі кен орындарында өндірудің сулануының ұлғаюына байланысты, өйткені суланудың өсуімен өндірілетін сұйықтықтың үлестік тығыздығы және, сәйкесінше, механикаландырылған өндіріс әдістеріне тұтынылатын энергия артады.
Су ҚМГ-нің барлық өндірістік процестерінің ажырамас бөлігі болып табылады. Компания өз қызметінде су тұтыну көлемін қысқартуға, су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға, суды қайталап және айналымда пайдалануды өсіруге, ағынды сулардың сапасын арттыруға және табиғи су объектілеріне тиетін әсерді барынша азайтуға ұмтылады.
ҚМГ компаниялар тобының су ресурстарын пайдалану бөлігіндегі қызметі корпоративтік орталықта шоғырландырылады, онда компанияның елдің су ресурстарына жиынтық әсері талданады. Сонымен қатар, корпоративтік орталық жетістіктерді, проблемаларды, тәуекелдерді талдайды және жақсартуға арналған салаларды, болашақ қызмет үшін мақсаттар мен міндеттерді белгілейді, су тұтыну серпініне және оның кеңістікте таралуына салыстырмалы талдау жүргізеді.
2018 жылы Компанияда су ресурстарын басқару бойынша корпоративтік стандарт қабылданды, ол компаниялар тобында біртіндеп енгізілуде. Стандарт ҚМГ-нің су ресурстарын пайдалану бөлігіндегі басты қағидаттары – 8 «Су» қағидатын негіз етіп алады, ҚМГ-нің еншілес және тәуелді компанияларындағы су ресурстарын басқару тәсілін жүйелейді, сондай-ақ Компанияның басшылары мен қызметкерлерінің тұщы суды сақтау мәселесіне бейілділігін арттыруға көмектеседі.
2019 жылы «Мұнай өндіру» бағыты бойынша су тұтынудың үлестік коэффициенті өндірілген мұнайдың 1 мың тоннасына шаққанда, 2.27 м3 суды құрады;
2019 жылы «Мұнай өңдеу» бағыты бойынша су тұтынудың үлестік коэффициенті өңделген мұнайдың 1 мың тоннасына шаққанда, 1.03 м3 суды құрады;
ҚМГ көмірсутектерді өндірумен, тасымалдаумен және өңдеумен айналысатын тігінен интеграцияланған компания болып табылады. Барлық процестер судың едәуір көлемін пайдалануды талап етеді. ҚМГ жерүсті, жерасты су көздерінен, муниципалдық сумен жабдықтау жүйелерінен және Каспий теңізінен су алуды жүзеге асырады.
Әртүрлі мамандандырылған қабылдағыштар ҚМГ кәсіпорындарының ағынды суларының негізгі қабылдағышы (және соңғы пункті) болып табылады: жинағыш тоғандар, булану алаңдары және сүзу алаңдары. Бұл объектілер ағынды суларды табиғи тазартуға және қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге арналған техникалық құрылыстар болып табылады. Өз жинақтағыштары жоқ кәсіпорындар тазарту және кәдеге жарату үшін ағындарды мамандандырылған компанияларға береді. Экологиялық заңнамада белгіленген ағызылатын су сапасының нормативтеріне ағынды суларды тазартудың механикалық және биологиялық әдістерін пайдалану есебінен қол жеткізіледі.
Бірақ жерүсті табиғи су қоймаларына ағынды суларды ағызылмайды. Сондай-ақ, ҚР заңнамасында ағынды суларды жерүсті табиғи су қоймаларына ағызуға тыйым салынады.
Қайта тазартылған су көлікті жуу, шаңды басу және өртке қарсы жүйелерді қоректендіру үшін қайта пайдаланылады. Бұл ретте, тазартылған ағынды судың елеулі көлемі мұнай өңдеу зауыттарында екінші рет пайдаланылады, онда 2019 жылы 3,2 млн.м3 тазартылған ағынды су қайта пайдаланылады, негізінен, бұл су айналымдағы сумен жабдықтау блоктарын қоректендіру үшін пайдаланылады. ҚМГ зауыттарында суды қайта пайдалану проценті 19%-ті құрады.
Су ресурстарын басқару жөніндегі деректер алғаш рет 2019 жылдың қорытындысы бойынша Су қауіпсіздігі жөніндегі сауалнама шеңберінде CDP алаңында жарияланды.
Ағынды суды қысқартуға және табиғи су көздерінен су тартуды азайтуға бағытталған жобалар іске асырылуда. Жоспарлар туралы толық ақпаратпен ҚМГ-нің 2019 жылға арналған орнықты дамуы туралы есептің 69-70-беттерінде танысуға болады, сондай-ақ Су қауіпсіздігі бойынша CDP сауалнамасында.
Біз өз қызметіміздің атмосфераға және қоршаған ортаға әсер ету дәрежесін, сондай-ақ климаттың өзгеру саласындағы ұлттық және жаһандық деңгейлердегі рөлімізді түсінеміз. Осыған байланысты, біз атмосфераға шығарындыларды азайту және бақылау стратегиясын әзірлеуге және инновациялық технологиялар мен жобаларды енгізу мүмкіндіктерін зерттеуге көңіл бөлеміз. Біз атмосфераға шығарындыларға қатысты ұлттық және халықаралық экологиялық талаптарды сақтауға тырысамыз.
ҚМГ-нің ұзақ мерзімді даму стратегиясында біз климаттық аспектілер бойынша мынадай басым бағыттарды белгіледік:
- парниктік газдар шығарындыларын басқару;
- ілеспе мұнай газын үнемі алау етіп жағуды қысқарту;
- өндірілген өнім көлеміне шаққанда, шығарындылардың қарқындылығы бойынша көрсеткіштерді жақсарту және энергия тиімділігін арттыру.
2019 жылы ҚМГ сегіз негізгі қағидаттан тұратын шығарындыларды басқару саясатын бекітті:
1) қызметін заңнамалық талаптарға және Компанияның өзге де міндеттемелеріне қатаң сәйкестікте жүзеге асыру;
2) шығарындылардың белгіленген нормативтерін және ластаушы заттар шығарындыларына лимиттерді, парниктік газдар шығарындыларына квоталарды сақтау;
3) рөлдер мен міндеттерді нақты бөлу, құзыреттілікті арттыру, оқыту және хабардар болу;
4) шығарындыларды тұрақты есепке алу, түгендеу және мониторинг жүргізу;
5) көмірсутек шикізатын өндіру кезінде шикі газды үнемі жағуды тоқтату;
6) парниктік газдар шығарындыларын қысқарту және «Көміртек ізін» азайту жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
7) көміртек активтерін басқару;
8) шығарындыларды басқару жөніндегі қызметті үнемі жақсарту.
Мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртудың жүргізілген жобаларының нәтижесінде, Кеден одағының Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес, К4 кластарына сәйкес келетін еуропалық сапа стандарттарының мұнай өнімдерін өндіру жолымен зауыттар шығаратын отынның экологиялық көрсеткіштері жақсарды.
Барлық зауыттарда Күкірт өндіретін қондырғылар пайдалануға берілді. Осы жобаны іске асырумен қатар, күкіртсутекті газ бір мезгілде маңызды өндірістік өнім – тауарлық күкірт алумен бірге, регенерациядан өтетін болады. Бұл автомобиль көлігінің пайдаланылған газдарындағы ластаушы заттардың азаюына және елді мекендердің атмосфералық ауа сапасының жақсаруына әсер етеді. К4 маркалы бензиндегі күкірт құрамы зауыт жаңғыртылғанға дейін шығарылған отынға қарағанда, 10 есе аз.
ҚМГ компанияларының тобындағы ластаушы заттардың үлестік шығарындылары
2019 жылы ҚМГ компаниялар тобы бойынша мұнай баламасындағы NOx шығарындыларының көмірсутек шикізатын өндірудің жалпы көлеміне қатынасының орташа көрсеткіші КСШ өндірудің бір мың тоннасына шаққанда, 0,21 тоннаны, 2018 жылы IOGP орташа көрсеткіші 0,33 тоннаны құрады. ҚМГ компаниялар тобы бойынша мұнай баламасындағы Sox шығарындыларының көмірсутек шикізатын өндірудің жалпы көлеміне қатынасының орташа көрсеткіші КСШ өндірудің бір мың тоннасына 0,20 тоннаны, IOGP орташа көрсеткіші – 0,21 тоннаны құрады. 2018 жылмен салыстырғанда, ЅОх үлестік шығарындыларының 25%-ке төмендеуі байқалады.
Атмосфералық ауаны қорғау туралы толығырақ ақпаратты 2019 орнықты даму туралы есептің 80-84-беттерінен білуге болады.
Климаттың өзгеруі және парниктік газдар шығарындылары
Біз энергияға деген өсіп келе жатқан әлемдік сұранысты қанағаттандыру үшін мұнай және табиғи газ өндіруді ұлғайтуға ұмтыламыз, осыған байланысты, табиғат қорғау заңнамасының талаптарын сақтап, табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланып және табиғат қорғау қызметін үнемі жетілдіре отырып, өз қызметіміздің қоршаған ортаға теріс әсерін барынша азайту жөніндегі шараларға бірінші кезекте назар аударамыз.
Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі корпоративтік басқару жүйесінің негізгі компоненті болып табылады және стратегиялық және операциялық мақсаттарға қол жеткізуге теріс әсер ете алатын ықтимал тәуекелі бар оқиғаларды уақытылы сәйкестендіруге, бағалауға, мониторингін жүргізуге және азайтуға бағытталған. Біз корпоративтік тәуекелдер матрицасына климаттың өзгеруіне байланысты тәуекелдерді енгіздік:
Климаттың өзгеруіне байланысты тәуекелдер
|
Төмен көмірсутек экономикасына көшуге байланысты тәуекелдер |
Саяси және нормативтік-құқықтық тәуекелдер (мысалы, парниктік газдар шығарындыларын қысқарту үшін көміртек бағасын белгілеу/көтеру тетіктерін енгізу; мемлекеттің шығарындылардың үлестік коэффициенттерін пайдалану арқылы ғана квоталарды бөлу әдісіне көшуі, соның салдарынан кейбір кәсіпорындарда квоталар тапшылығы туындауы мүмкін; шығарындыларды азайту үшін энергия тұтынуды қысқарту; энергия тиімділігі бойынша шешімдер қабылдау; суды пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды күшейту және жерді пайдаланудың анағұрлым орнықты әдістерін ілгерілету).
|
Нарықтық тәуекел (климатқа байланысты белгілі бір тауарларға, өнімдер мен қызметтерге сұраныс пен ұсыныстың өзгеру қаупі).
|
||
Технологиялық тәуекел (жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК), энергия тиімділігі бар технологиялар, ең озық қолжетімді технологиялар (ОҚТ), көміртекті ұстау және сақтау технологиялары және т.б. сияқты жаңа технологияларды әзірлеу және пайдалану).
|
||
Бедел тәуекелдері төмен көміртекті экономикаға көшуге оның үлесі тұрғысынан мүдделі тараптардың Компанияға деген көзқарасын өзгертуге немесе осындай көшуден жалтаруға байланысты.
|
||
Климаттың физикалық әсерімен байланысты тәуекелдер |
Қысқа мерзімді қауіптер циклондар, дауыл, су тасқыны сияқты төтенше ауа-райының әсеріне байланысты.
|
|
Климаттық модельдердегі ұзақ мерзімді өзгерістерден туындаған жүйелі (созылмалы) тәуекелдер (мысалы, аномальды жоғары ауа температурасының ұзақ кезеңі, теңіз деңгейінің көтерілуі және жағалау ұңғымаларының су басуы).
|
Компания жыл сайын кәдеге жаратудың жаңа объектілерін салады, қолда бар өндірістерді қайта жаңартуды жүргізеді, құбырлар мен инфрақұрылымдардың құрылысына инвестициялар салады. 2019 жылы Ақтөбе облысындағы Қожасай кен орнында ГКДҚ-40 толық ауқымды пайдалануға енгізілді. Бұл шаралар ІМГ кәдеге жарату деңгейін арттыруға ықпал етеді және, тиісінше, көмірқышқыл газының тікелей шығарындыларының төмендеуіне алып келеді.
Бұл ретте, электр энергиясын генерациялайтын компаниялардың атмосфераға шығарындыларды азайтуға мүмкіндік беретін отын түрлеріне көшуге ұмтылуына байланысты, табиғи газдың рөлі өсетін болады. Шамамен он жыл ішінде газ электр энергиясын өндіруге арналған отынның негізгі түрлерінің бірі болады деп күтілуде.
Жаңартылатын энергия көздері
Өткен жылдарда «ҚазТрансГаз» АҚ-тың еншілес және тәуелді ұйымдарында енгізілген жаңартылатын энергия көздері (бұдан әрі – ЖЭК): «Waterkotte» типті геотермалдық жылу сорғылары; монокристалды күн панельдері (батареялар); термиялық электр-генераторлар (Closed cycle vapor turbogenerator) тиімді жұмыс істеп жатыр.
ҚТГ компанияларының тобы бойынша 2019 жылы энергия көздері бойынша бөлінген генерацияланатын (өндірілетін) жаңартылатын энергияның жалпы көлемі:
- Жылу сорғыларымен геотермалдық (жылу) энергия өндіру – 623,808 Гкал.
- Күн панельдерімен электр энергиясын өндіру – барлығы 96 377 кВт *сағ (7 884 кВт*сағ + 88 493 кВт*сағ).
- Термиялық энергия-генераторлармен электр энергиясын өндіру (ТЭГ – Ренкин циклы) – 240 900 кВт * сағ.
ПАРНИКТІК ГАЗДАР ШЫҒАРЫНДЫЛАРЫ
2019 жылы ҚМГ алғаш рет көміртек есептілігі бойынша Климаттық бағдарлама (CDP – Carbon Disclosure Project) шеңберінде көміртек шығарындылары туралы ақпаратты ашу жобасы әзірленді, онда халықаралық (Румыния, Грузия) қоса алғанда, ҚМГ-нің барлық активтері бойынша 2018 жылғы парниктік газдардың тікелей және жанама шығарындыларының көлемі туралы деректер ашылды.
Парниктік газдар шығарындылары жөніндегі деректер тәуелсіз аккредиттелген ұйымның қорытындысымен расталған. 2018 жылдың нәтижелері бойынша ҚМГ «С» Климаттық рейтингіне ие болды, бұл мұнай-газ саласы үшін орташа салалық көрсеткіш болып табылады.
2020 жылғы 25 тамызда 2019 жылдың қорытындылары бойынша ҚМГ Климаттық сауалнамасы жарияланды.
Есепке сәйкес, 2019 жылдың нәтижелері бойынша ҚМГ компаниялар тобында көмірқышқыл газының тікелей шығарындыларының көлемі 9,7 млн.тоннаны (2018 жылы 9,3 млн. тонна) құрады. Шығарындылардың ұлғаюы газ тасымалдау көлемінің ұлғаюына және жаңа энергия көздердің қосылуына байланысты болып отыр. СО2 баламасындағы деректер IPCC Fifth Assessment report (метан – 28, азот тотығы – 256) ғаламдық жылыну әлеуетінің коэффициенттері қолданып, ұсынылған.
1-кесте: 2015 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде 1, 2 және 3-деңгейлердегі парниктік газдар шығарындыларының көлемі.
Деңгей 1 парниктік газдарының тікелей шығарындылары |
||||||
Бизнес бағыт |
2015 |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
|
Өндіру |
млн.т.СО2экв* |
4.9 |
5.0 |
4.4 |
4.2 |
3.8 |
Өңдеу |
млн.т.СО2экв* |
3.5 |
4.2 |
4.3 |
4.4 |
4.8 |
Тасымалдау |
млн.т.СО2экв* |
3.2 |
3.7 |
5.2 |
6.1 |
6.6 |
Елдер бойынша бөлу |
||||||
Казахстан |
млн.т.СО2экв* |
10.7 |
11.8 |
12.8 |
13.7 |
14,2 |
Румыния |
млн.т.СО2экв* |
0.9 |
1.1 |
1.0 |
1.0 |
1.0 |
Грузия |
млн.т.СО2экв* |
0.02 |
0.01 |
0.02 |
0.009 |
0,007 |
Парниктік газдардың түрлері бойынша шығарындыларды бөлу |
||||||
СО2 |
млн.т.СО2экв* |
|
|
|
9.3 |
9.7 |
CH4 |
млн.т.СО2экв* |
|
|
|
5.4 |
5.5 |
N20 |
млн.т.СО2экв* |
|
|
|
0.02 |
0.02 |
Деңгей 2 Парниктік газдардың жанама шығарындылары |
млн.т.СО2экв* |
2.5 |
2.5 |
2.7 |
3.2 |
3.4 |
Деңгей 3 Сатылынған өнімдерден |
млн.т.СО2экв* |
|
|
|
71.3 |
71.7 |
Қызмет бағыттары бойынша Қазақстан Республикасындағы өндірістік активтердің парниктік газдарының тікелей шығарындылары, млн тонна СО2
Өндірудегі СО2 шығарындыларының қарқындылығы, тонна/1 000 тонна
Толық ақпаратты ҚМГ-нің жарияланған есептерінен алуға болады.
* CDP – 2002 жылдан бастап, инвесторлардың атынан көміртек шығарындылары мен климаттың өзгеруі туралы ақпарат жинаумен айналысатын тәуелсіз коммерциялық емес ұйым. Әлемнің ірі экономикаларын білдіретін мыңдаған ұйымдар өздерінің көміртек шығарындыларының есебін жүргізеді және CDP көмегімен экологиялық сипаттағы ақпаратты ашады. CDP мақсаты инвесторларды, корпорациялар мен елдердің үкіметтерін климаттың қауіпті өзгеруін болдырмау және табиғи ресурстарды сақтау бойынша шаралар қабылдауға итермелейтін жоғары сапалы ақпаратты жинау және тарату болып табылады. 2016 ж. климаттың өзгеруі туралы ақпарат сұрауын 100 трлн. АҚШ долларынан астам сомаға активтері бар 827 инвестор қолдады.
Компаниялар ұсынған есептерді бағалау нәтижелері бойынша оларға берілетін CDP Климаттық рейтингтерін жетекші ақпараттық-талдау агенттіктері (Thomson Reuters, Google Finance) қаржылық ақпаратпен бірге жариялайды және инвесторлар активтер мен олармен байланысты тәуекелді бағалау кезінде ескереді.
ІЛЕСПЕ МҰНАЙ ГАЗЫН КӘДЕГЕ ЖАРАТУ
Парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша біздің маңызды міндеттеріміздің бірі – ілеспе мұнай газын пайдалы пайдалануды және кәдеге жаратуды арттыру, алау етіп жағуды барынша азайту болып табылады.
2019 жылы ілеспе мұнай газын кәдеге жарату 97%-ті құрады, газды жағу көрсеткіші өндірілген 1000 тонна КСШ-ға шаққанда, 2,95 тонна деңгейінде (2017 жылы – 11, 2018 жылы – 6), бұл 2018 жылғы ҚМГ көрсеткішінен шамамен 51% және IOGP (Халықаралық мұнай және газ өндірушілер қауымдастығы) – 10,5 көрсеткішінен төмен.
Шикі газды алау етіп өртеу көлемі
Шикі газды кәдеге жарату инфрақұрылымы мен заманауи қуаттардың құрылысы өндіру активтерін толық көлемде әзірлеуге және атмосфераға парниктік газдар шығарындыларын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.
Компания шикі газды жағу көлемін барынша азайтуға тырысады. 2015 жылы ҚМГ Дүниежүзілік Банктің «2030 жылға қарай ілеспе мұнай газын толық кәдеге жарату» бастамашылығын қолдады. 2018 жылғы 20 қарашада Дүниежүзілік банк тобының өкілдерімен ҚМГ-дегі бастамашылықты іске асыру мәртебесін және шикі газды тұрақты жағуды қысқарту бойынша ынтымақтасу мүмкіндігін талқылау жөнінде жұмыс кеңестері өтті. Осы бастамашылық шеңберінде шикі газды жағу көлемдері бойынша есептілік жыл сайынғы негізде тапсырылады.
Толығырақ ақпаратты 2019 Орнықты даму туралы есептің 80-84 беттерінен білуге болады.
ҚМГ-нің шаруашылық қызметі қалдықтардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін барынша азайту мақсатында, қауіпті қалдықтардың едәуір көлемдерінің пайда болуына байланысты екені сөзсіз. ҚМГ қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі іс-шараларды тұрақты негізде жоспарлайды және іске асырады. Іс-шаралар мыналарды қамтиды: пайда болған және жиналған қалдықтарды есепке алу (оның ішінде мердігерлік компанияларда), қалдықтардың пайда болу көлемін біртіндеп қысқарту, қалдықтарды қайта пайдаланғанға дейін немесе қайта өңдегенге дейін оларды қауіпсіз сақтау, ҚМГ барлық келісімшарттық аумақтар бойынша пайда болған және жиналған қалдықтарды қайта өңдеуге елеулі ақша қаражатын бөледі.
ҚМГ компанияларының тобында қалдықтармен жұмыс істеу бойынша қызметтің нәтижелілігін талдау және бағалау үнемі жүргізіледі, қалдықтарды басқару саласында оларды өндірістік объектілерде енгізу үшін жетілдіретін әдістер мен заманауи технологиялар қаралады.
* - тарихи мұраның қалдықтары ескерілген;
** - жиналған қалдықтардың көлемі жүргізілетін түгендеу шеңберінде жыл сайын нақтыланады
Тарихи мұра ескерілмеген кәдеге жаратылған және зарарсыздандырылған қалдықтардың (1-4 класс) үлесі
Тарихи ластануды жою және мұнаймен ластанған аумақтарды тазарту
Бүгінгі таңда ҚМГ алдында тұрған өзекті міндет – тарихи ластануды жою және мұнаймен ластанған аумақтарды тазарту болып табылады. Ол үшін тарихи ластануды түгендеу бойынша зерттеулер жүргізілді, әрбір кен орнының, өңірдің ерекшелігін, климаттық жағдайларды ескере отырып, тарихи ластанудың барлық түрлерін жою бойынша жоспарлар әзірленді. Сондай-ақ, 2019 жылғы 6 тамызда ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен ҚМГ арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, оның мақсаты жабдықталмаған шлам жинақтағыштарда (ӨМГ) орналастырылған қалдықтарды кәдеге жарату/қайта өңдеу және Маңғыстау облысындағы мұнаймен ластанған жерлерді тазарту болып табылады.
Құрамында мұнай бар қалдықтарды жою және мұнаймен ластанған жерлерді тазарту жөніндегі жұмыстарды бақылауды күшейту және тиімді ұйымдастыру мақсатында ҚМГ компаниялар тобының ұйымдарында жұмыс тобы құрылды, оған ҚМГ-нің жоғары басшылығы да кірді.
2019 жылғы 2 қазанда Ақтау қаласында «ҚМГ тарихи қалдықтарын кәдеге жарату және қайта өңдеуге арналған технологиялар» атты форум өткізілді. Осы Форумға осындай қызметтер көрсететін 30-дан астам компания қатысты. Аталған іс-шараның мақсаты Қазақстан нарығындағы құрамында мұнай бар қалдықтарды өңдеу/кәдеге жарату жөніндегі қызметтерді жеткізушілермен кездесу және оларға өз мүмкіндіктерін бағалауға және жаңа технологияларды пайдалану туралы шешім қабылдауға көмектесу үшін, ҚМГ тарихи ластануды өңдеу/кәдеге жарату жөніндегі қызметтерді көрсету сапасы, көлемі мен мерзімдері бөлігіндегі талаптарды түсіндіру болып табылады.
Сонымен бірге, Форумда «Қалдықтарды кәдеге жарату» (тарихи ластану) атты санаттық сатып алу стратегиясы ұсынылды, оның негізінде болашақта тарихи ластануды кәдеге жарату және мұнаймен ластанған аумақтарды тазарту қызметтерін сатып алу рәсімі өтеді.
* - 2019 жылы Маңғыстау облысындағы өндіруші ұйымдардың бірінің мұнаймен «тарихи» ластанған аумақтарды түгендеу жүргізілді.
* - ластанған жерлердің алаңдары жыл сайын жүргізілетін түгендеу және бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобалары шеңберінде нақтыланады.
Бұрғылау қалдықтарының пайда болуы
2019 жылы ҚМГ өндіруші компанияларының бұрғылау қалдықтары 193,19 мың тонна көлемінде (2018 жылға қарағанда, 11%-ке артық) болды, оның ішінде: 59,24 мың тонна – пайдаланылған бұрғылау ерітіндісі; 133,948 мың тонна – бұрғылау шламы. ҚМГ тобындағы өндіруші компаниялардың барлық бұрғылау қалдықтары кәдеге жарату үшін мамандандырылған ұйымдарға беріледі. Осы компаниялар қолданатын қалдықтарды одан әрі кәдеге жарату әдістері: инертизация, термиялық әдіс, химиялық әдіс, биологиялық ремидитация және мамандандырылған полигондарда көму.
Толығырақ ақпаратпен ҚМГ-нің 2019 жылғы орнықты дамуы туралы есептің 85-87 бетінде танысуға болады.
Ауқымды операциялық қызметі бар холдингтік мұнай-газ компаниясы ретінде біз өндірістік қызмет аудандарында биологиялық әртүрлілікті сақтау маңыздылығын түсінеміз.
Біздің барлық жобаларымыз үшін әсер етуді бағалауды жүргізу сатысында біз экологиялық, әлеуметтік тәуекелдерді және денсаулық үшін тәуекелдерді анықтаймыз және бағалаймыз, сондай-ақ біздің көрсеткіштерімізді жақсарту мүмкіндіктерін қарастырамыз. Сонымен қатар, өндірістік қызмет экологиялық мониторингпен сүйемелденеді, оның барысында биоалуантүрлілік және экожүйелердің сезімталдығы назарға алынады.
Біз биоалуантүрлілік – экологиялық әл-ауқаттың кепілі екенін түсінеміз. Биоалуантүрлілік мәселелерін басқарудың негізіне келесі негізгі қағидаттар жатыр:
- Экологиялық және әлеуметтік тәуекелдер мен әсерлерді анықтау және бағалау. Ол үшін болашақ іс-әрекеттерді жоспарлау кезінде біз биоалуантүрлілікке әсер ете алатын әсерді бағалаймыз. Халықаралық практикаға сәйкес, барлау жұмыстарын жүргізу және мұнай кен орындарын игеру процесінде келісімшарттық аумақтардағы экологиялық жағдайдың өзгеруін бақылау үшін, сондай-ақ биоалуантүрліліктің ықтимал залалдарын бағалау және нақтылау үшін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен қорық аймақтарына баса назар аудара отырып, тұрақты экологиялық мониторинг жүргізу;
- Алдын алу және болдырмау іс-шараларын немесе әсерді азайту жөніндегі шараларды іске асыру, ал қалдық әсерлер сақталған жағдайда – қолайсыз әсердің салдарын өтеу жөніндегі өтемақы іс-шаралары;
- ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы басқару жүйелерін үнемі жетілдіру.
Биоалуантүрліліктің негізгі аймақтарына қатысты өндірістік қызметтің орналасуы мен ауқымы
Учаске |
Орналасқан жері |
Биоалуантүрліліктің негізгі аймақтары (БНА) |
БНА-ға қатысты орналасуы |
Келісімшарттың аумақтың алаңы (ш.км) |
Әсерді азайту жөніндегі жоспар |
Қансу |
Маңғыстау облысының Қарақия ауданы
|
Кендірлі-Қаясан қорық аймағы мен Үстірт мемлекеттік қорығы |
Қорық аймағында және қорықтың жанында орналасқан |
4374,6 |
Жобадан шығу туралы шешім қабылданды |
Самтыр |
Маңғыстау облысының Оңтүстік-Шығысы |
Кендірлі-Қаясан қорық аймағы мен Үстірт мемлекеттік қорығы |
Қорықтың жанында орналасқан |
10 396,9 |
Іздеу-барлау жұмыстарын жобалау сатысы |
Өріктау |
Ақтөбе облысының Мұғалжар аудары |
«Көкжиде-Құмжарған» жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи кешенді қаумалы
|
Аумақтың бір бөлігін қамтиды |
239,9 |
Гидро-геологиялық мониторинг |
Әлібекмола және Қожасай |
Ақтөбе облысының Мұғалжар аудары |
Көкжиде құмдары Көкжиде жерасты сулары
|
Жанында орналасқан |
156,5 |
Гидро-геологиялық мониторинг |
Жамбыл |
Атырау облысының КТҚС |
КТҚС-тің экологиялық тұрғыдан аса сезімтал аймағы, Новинский қаумалы |
Қорық аймағында орналасқан және аумақтың бір бөлігін қамтиды |
1935,2 |
Тұрақты экологиялық мониторинг, теңіз мұнай операцияларын жүргізу кезіндегі шектеулер |
Исатай |
КТҚС орталық бөлігі, Маңғыстау облысының Солтүстігі |
КТҚС-тің экологиялық тұрғыдан аса сезімтал аймағы |
Қорық аймағында орналасқан |
1060 |
Маусымдық фондық экологиялық зерттеу, Тұрақты экологиялық мониторинг |
Құрлықта операция жүргізетін ҚМГ ЕТҰ тұрақты негізде өсімдіктер мен жануарлар әлеміне мониторингті тұрақты түрде жүргізеді. Табиғи объектілердің жай-күйі туралы материал жинау процесінде мынадай зерттеулер жүргізіледі:
- флористикалық зерттеулер;
- орнитологиялық зерттеулер;
- жерүсті сүтқоректілерді бақылау.
Өсімдік жабынына мониторинг фитоценоздарды кезеңдік сипаттау әдісімен, түрінің құрамы, көптігі, топырақтың өсімдіктермен жалпы және жеке проективтік жабыны, түрлердің орналасуы, олардың фенологиялық дамуы және жалпы жай-күйі көрсетіліп, жүзеге асырылады. Мыналар ерекше атап өтілген:
- өсімдіктердің сирек кездесетін, эндемикалық және реликті түрлері;
- дамуы шаруашылық қызметпен ынталандырылатын түрлердің болуы;
- өсімдік жабынының трансформациясы мен деградациясының белгілері.
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтау шеңберінде, сондай-ақ Каспий теңізінің ерекше мәнін басшылыққа ала отырып, Каспий теңізінің Қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулер жүргізіледі, олар мынадай компоненттер мен қоршаған ортаның өлшемдерін қамтиды: түптік шөгінділер, бентос, фитопланктон, зоопланктон, су өсімдіктері, ихтиофауна және басқалар.
Сондай-ақ ҚМГ апаттық жағдайлар кезінде биоалуантүрлілікке теріс әсер етудің ықтимал тәуекелдерін басқарады және мұнай мен мұнай өнімдерінің төгілуін жою жоспарларында жануарларды құтқару бойынша шараларды көздейді.
Теңіздегі операциялар кезінде біз келесі қағидаттарды мүлтіксіз ұстанамыз:
- Жобалық шешімдерді қатаң сақтау,
- «Нөлдік төгінді» қағидаты – барлық қалдықтар мен ағынды сулар жағаға шығарылады,
- Барлық жүзу құралдарын балық қорғау құрылғыларымен және лас сулардың болмауын қамтамасыз ету,
- Уылдырық шашу кезінде өндірістік операцияларды жүргізуге тыйым салу – 1 сәуірден бастап 15 шілдеге дейін,
- Өндірістік кемелерден балық аулауға тыйым салу,
- Түнгі уақытта ұңғымаларды сынауға және көмірсутек шикізатын жағуға тыйым салу,
- Арнайы пайдалану режимін сақтау.
Бұдан басқа, ҚМГ мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасайды және олардың үміттерін зерделейді.
2019 жылы ҚМГ ӘЭЖ-де сирек кездесетін құстардың өлімін болдырмауға бағытталған жұмысты жалғастырды. «Ембімұнайгаз» АҚ құс қорғау құрылғыларын ӘЭЖ тіректерінің оқшаулағыштарына орнату бойынша жұмыс жүргізді; «ИОА» АҚ филиалдарында траверс және ӘЭЖ ілмектерінің оқшаулағыштарына құс қорғау құрылғылары олардың істен шығуына қарай орнатылады, сондай-ақ ӘЭЖ күрделі жөндеу және салу кезінде міндетті түрде құс қорғау құрылғыларын орнату көзделеді. 2019 жылдың қазанында «ИОА» АҚ «Достық Эдвайзори» ЖШС бастамашылығын қолдап, Атырау өңіріндегі ӘЭЖ-нің құстардың популяциясына тигізетін жағымсыз әсерін зерттеу бойынша экспедицияға қатысты. «ҚазТрансОйл» АҚ 2019 жылы Өмірзақ-СПН 112 км (30 км) және Жетібай-СПН 112 км объектілерінде 65-112 км (57 км) учаскесі өздігінен көтергіш оқшауланған сымдарды (ӨОС) қолдана отырып, 6 кВт ӘЖ күрделі жөндеу жүргізді, бұл құстардың электр берудің әуе желілеріне қонғанда, олардың өлімін болдырмайды.
ҚМГ компанияларының тобы бойынша қызметкерлердің хабардарлығын және хабардар болуын арттыру мақсатында, сондай-ақ табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды насихаттау үшін, «Мұнайлы мекен» корпоративтік газетінде «Табиғатқа қамқорлық – ортақ міндетіміз» атты мақала жарияланды. Сондай-ақ, мұнай-газ компанияларының экологиялық жауапкершілігі мен ашықтығын арттыру аясында, ҚМГ мен ЕТҰ-ның корпоративтік сайттарында биоалуантүрлілік және мониторинг нәтижелері туралы ақпаратты қоса алғанда, экологиялық көрсеткіштер туралы ақпаратты жариялау бойынша жұмыс жүргізілді.
Жыл сайын Табиғатты қорғау іс-шараларының жоспарын іске асыру шеңберінде, ҚМГ ЕТҰ аумақты және санитариялық-қорғау аймағын көгалдандыру бойынша жұмыстарды жүргізеді.
Компания өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы маңызды бағыттардың бірі ретінде құбырлардың тұтастығын қамтамасыз етуге көп көңіл бөледі.
Өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда, 2019 жылы «Барлау және өндіру» бағыты бойынша мұнайдың төгілу көлемі 15%-ке азайып, 646 тоннаны құрады. Өткен жылғы көрсеткіш 741 тонна болды.
Бұл нәтижелер Компанияның «Барлау және өндіру» бизнес-бағыттағы ЕТҰ-да тозған құбырларды ауыстыруға және коррозияны бәсеңдету арқылы құбырларды одан қорғауға бағытталған кәсіпшілік құбырлардың сенімділігін арттыру жөніндегі бағдарламаларды жалғастырудың салдары болып табылады.
Мұнайдың төгілу көлемі (тонна)
Компанияда мұнайдың төгілуінің негізгі себебі – коррозиялық процестердің әсерінен кәсіпшілік мұнай құбырларының жарылуы. Сондықтан да, Компания 2019 жылы олардың тұтастығы мен сенімділігін арттыруға бағытталған құбырлардың диагностикасын жүргізу, оларды қайта құру, ауыстыру, тежеу және тазарту жөніндегі іс-шараларды уақытылы және сапалы орындау жолымен кәсіпшілік мұнай құбырларының істен шығу мен жарылу санын азайту жұмысын жалғастырды.
2012 жылдан бастап, құқық қорғау органдарымен тығыз өзара іс-қимыл жасау кезінде «ҚазТрансОйл» АҚ Компанияның құбырларын қылмыстық заңсыз кесіп қосылу жағдайын өзгертті. 2013 жылы рұқсат етілмеген кесіп, қосылу санын жылына ондаған, тіпті жүздеген фактіден 17 фактіге дейін төмендетуге қол жеткізілді; 2014 жылдың қорытындысы бойынша 12 рұқсатсыз қосылу анықталды; 2015 жылы 14 кесіп қосылу; 2016 жылы – 3 рұқсат етілмеген қосылу, 2017 жылы – 6 заңсыз кесіп қосылу, 2018 жылы – 1, ал 2019 - 2 заңсыз қосылу анықталды.
Негізінен, бұл көрсеткіштерге келесі іс-шараларды орындау арқасында қол жеткізілді:
- GPS-жүйелері бойынша жедел топтардың жұмысына мониторинг жүргізуін бақылауды күшейту және жедел топтардың мұнай құбырларын аралап, тексеруді уақытылы жүзеге асыруын бақылауды күшейту;
- «Optosense» мониторинг жүйесі арқылы мұнай құбырларын қорғау.
Мұнайдың апаттық төгілуін жоюға (МАТЖ) ұдайы әзірлік біз үшін сөзсіз басымдық болып табылады.
Каспий теңізі бірегей табиғи объект болып табылады, оның экожүйесі тұйық болуына байланысты, мұнаймен ластануға аса сезімтал. Біз теңіз мұнай операцияларын жүргізу кезінде экологиялық қауіпсіздікке жоғары талаптар қоямыз: жұмыстардың кез келген түрі басталғанға дейін келісімшарттық аумақтарда фондық экологиялық зерттеулер жүргіземіз және өзіміздің әлеуетті әлеуметтік және экологиялық әсерімізді бағалаймыз, сондай-ақ операциялар жүргізу кезінде және одан кейін әсер ету мониторингін, эмиссиялар мониторингін және апаттық жағдайлар мониторингін жүзеге асырамыз.
Теңізде бұрғылау операциялары басталар алдында біз мұнайдың барлық ықтимал апаттық төгілуін жоюға ұдайы әзірлікті қамтамасыз етеміз. Жұмыстар аяқталғаннан кейін біз жойылған ұңғымаларға үздіксіз экологиялық мониторинг жүргіземіз. Келісімшарттық аумақтарда жойылған ұңғымалардың мониторингі атмосфералық ауаның сапасын, теңіз суының ластануын және түптік шөгінділерді, биоалуантүрліліктің жай-күйін бақылауды, сондай-ақ зертханалық-талдау жұмыстарын, жойылған ұңғымалардың сағаларын фото және бейнетүсіруді қамтиды.
Теңіздегі операциялар кезінде біз келесі қағидаларды мүлтіксіз ұстанамыз:
- Жобалық шешімдерді қатаң сақтау
- «Нөлдік төгінді» қағидасы – барлық қалдықтар мен ағынды сулар жағаға шығарылады
- Барлық жүзу құралдарын балық қорғау құрылғыларымен және лас судың болмауын қамтамасыз ету
- Уылдырық шашу кезеңінде өндірістік операцияларды жүргізуге тыйым салу - 1 сәуірден бастап 15 шілдеге дейін
- Өндірістік кемелерден балық аулауға тыйым салу
- Түнгі уақытта ұңғымаларды сынауға және көмірсутек шикізатын жағуға тыйым салу
- Арнайы пайдалану режимін сақтау
Топтың өндірістік объектілері белгіленген тәртіппен қолданысқа енгізілген МАТЖ жоспарларымен қамтамасыз етілген («KMG Systems & Services» ЖШС-ның мұнайдың төгілуін жою жоспары; «Жамбыл Петролеум» ЖШС-ның мұнайдың төгілуін жою жоспары).
МАТЖ бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығуларды, кешенді және өзге де оқу-жаттығуларды өткізуге және талдауға мүдделі жұртшылықты тарту
Әлемдік практикаға сәйкес теңізге мұнайдың төгілуі кезінде жағалау аймағы мен жағалаудың ластануы сөзсіз. Техниканы қолдана отырып, жағалауды тазарту шаралары сезімтал экожүйелер үшін қиратылуы мүмкін. Мәселен, сулы-батпақты алқаптар орналасқан Каспийдің жағалау аймағында техниканы қолдану іс жүзінде мүмкін болмайды.
Бұл факт жыл сайын Солтүстік Каспийдің жағалау аймағында орналасқан «Ақжайық» табиғи резерватында өртті сөндіру кезінде байқалып отыр. Төтенше жағдайлар (бұдан әрі – ТЖ) органдарының өкілдері мәлімдегендей, «сөндіру проблемаға айналады, өйткені бұл орындар батпақты, техниканы құрай алмайды; сондықтан сөндіру қиын». Осыған байланысты мұнаймен ластанған жағалауды тазарту әрдайым қолмен жұмыс жасау әдістерін және мамандардың да, ерікті негізде тартылған адам ресурстарының да көп мөлшерін қажет етеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ТЖ кезінде еріктілер өрт сөндіру кезінде белсенді көмек көрсетуде. Мысалы, бұқаралық ақпарат құралдарынан (бұдан әрі – БАҚ) белгілі болғандай, «Ақжайық» резерватының аумағындағы қамыс өртін сөндіру кезінде арнайы техника мен ТЖ қызметкерлерінен басқа Атырау облысы Кеңөзек ауылдық округінің ерікті бригадалары да жұмылдырылды.
Каспий теңізінде мұнай барлау мен мұнай өндіруді қарқындату, мұнай мен мұнай өнімдерін ауыстырып тиеу мен тасымалдаудың өсуі, порттық инфрақұрылымды салу мен дамыту жағдайларында мұнайдың ірі төгілуі қаупінің ұлғаюымен бірге мұнай төгінділерін жою үшін еріктілік қозғалысының актуалдығы сөзсіз арта түсуде.
Дамыған шет елдерде жағалауды мұнаймен ластанудан тазартуға қатысқан құтқарушылардың 75-80%-і – бұл қоғамдық еріктілер. Халықтың неғұрлым белсенді бөлігі, әдетте, белсенді өмірлік ұстанымы бар жастар, әсіресе оқу орындары шеңберінде біріктірілген студенттер болып табылады.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұнай төгілуінің болжап болмайтын сипаттамаларының бірі жекелеген тұлғалардың тазарту уақытында ерікті көмек көрсетуге мерзімді ниеті болып табылады. Мұндай еріктілер, әдетте, әрқайсысы өз күтілімдерін, талаптарын және әртүрлі тәжірибесімен алаңда болады. Еріктілермен жұмыс мұнайдың төгілуін жою жөніндегі нұсқаулықты, әсіресе қоғамдық пікір мен БАҚ-қа тиісті назар аудару қажеттілігінің үздіксіз артуын ескере отырып, шешуі тиіс күрделі міндет болып табылады.
Мұнайдың авариялық төгілуін жою кезінде еріктілік (бұдан әрі – МАТЖ) сияқты бағыттың қауіптілігі мен маңыздылығын ескере отырып, «KMG Systems&Services» ЖШС (бұдан әрі – KMG SS) компаниясының бастамасы «Атырау және Маңғыстау облыстарында МАТЖ жанынан еріктілікті дамыту бағдарламасын» (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірлеу және іске асыру болды. Бағдарлама волонтерліктің барлық аспектілерін қамтиды, мысалы, ҚР және басқа елдердегі волонтерлік қызметтің құқықтық аспектілері, еріктілерді тарту процесі, МАТЖ дейінгі және жанынан еріктілерді тіркеу және басқару процесі, сондай-ақ еріктілердің жіктеуіші және еріктілерге лайықты міндеттер, еріктілердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ еріктінің жеке қауіпсіздігінің негіздері көрсетілген. Яғни, Бағдарламада төгілгенге дейін шешілуі қажет міндеттер (дайындық кезеңі) және мұнай төгілуі кезіндегі міндеттер (операциялық кезең) көрсетілген.
Бағдарлама «Еріктілер жылы» форумында ұсынылды (Еріктілер форумына арналған волонтерлік презентациясы).
Бағдарламаны іске асыру 2020 жылдың бірінші тоқсанында әлеуетті еріктілердің деректер базасын құру және мұнай өнімдеріне байланысты операцияларға қатысу кезінде базалық дағдыларға/білімге үйрету бөлігінде басталды.
МАТЖ командалық-штабтық оқу-жаттығуларды, кешенді және өзге де оқу-жаттығуларды өткізуге және талдауға мүдделі жұртшылықты тарту бойынша толығырақ ақпарат.
«KMG Systems & Services» ЖШС-ның мұнайдың төгілуін жою жоспары
Сәтбаев Оперейтинг КШОЖ бойынша есеп беру 2017
Жамбыл Петролеум КШОЖ бойынша есеп 2018
Компанияның сайтында әрбір қызығушылық білдірген тұлға сауалнаманы толтырып, әрі қарай оқудан өте алады.
Теңізде төгілуді болдырмау
«Жамбыл Петролеум» ЖШС ZT-2 бағалау ұңғымасының құрылысын бастады. Мұнайдың апаттық төгілуін жою бойынша қызметтер көрсету үшін «Жамбыл Петролеум» ЖШС «KMG Systems & Services» ЖШС, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ЖШС және шаруашылық жүргізуқұқығындағы «Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметі» республикалық мемлекеттік кәсіпорны тұлғасындағы консорциуммен шарт жасасты. Бағалау ұңғымасын салу кезеңінде МАТЖ кемелері «Caspian Explorer» ЖБҚ-дан 500 метрлік қашықтықта тұрады.
«Жамбыл Петролеум» ЖШС компаниясы бірінші және екінші деңгейдегі мұнайдың апаттық төгілуін жою (бұдан әрі – МАТЖ) бойынша екі командалық-штабтық оқу-жаттығу (бұдан әрі – КШОЖ) өткізді.
Бірінші КШОУ 2017ж.09.07 Баутино портында ZT-2 бағалау ұңғымасының құрылысы басталғанға дейін Маңғыстау облысының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторының және Маңғыстау облысының экология саласындағы мемлекеттік инспекторының қатысуымен өткізілді.
Екінші КШОУ 2018ж.03.08 Атырау облысының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторының, сондай-ақ Компания өкілдерінің қатысуымен суасты бұрғылау қондырғысында ZT-2 ұңғымасын салу кезінде жүргізілді. Бағалау ұңғымасын салу кезінде екі МАТЖ кемесі тәулік бойы кезекшілікте болды.
Оқу-жаттығуларды практикалық пысықтау сәтті өтті. Кемелер мен командалық пункт арасындағы өзара іс-қимыл тексерілді. Өткізілген оқу-жаттығулар өрт, мұнайдың апаттық төгілуі, борттың сыртындағы адамды құтқару жағдайында кемелердің, экипаждардың, МАТЖ мамандарының және жабдықтардың апаттық жағдайларға табысты дайындығын көрсетті.
ҚМГ апаттық жағдайлар кезінде биоалуантүрлілікке теріс әсер етудің ықтимал тәуекелдерін басқарады және Мұнай мен мұнай өнімдерінің төгілуін жою жоспарларында жануарларды құтқару бойынша шараларды көздейді.