Энергетикалық ресурстарды пайдалану және энергия үнемдеу

Біз энергия тиімділігін арттыру және компанияда энергия ресурстарын пайдалануды оңтайландыру бойынша белсенді жұмыс істейміз.

2021 жылға дейінгі мерзімге арналған «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудың корпоративтік жол картасы» әзірленді, оны іске асыру нәтижесінде энергетикалық ресурстардың тұтынылуын 4,5 млн. ГДж-ге азайту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, біз халықаралық танылған энергия-сервистік шарттар тетігі арқылы энергия үнемдеу саласына стратегиялық инвесторларды тарту жұмысын жалғастырудамыз.

Компаниялар тобында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін дамытудың негізгі стратегиялық бағыттары: технологиялық жабдықты жаңғырту, энергия үнемдеу технологияларын енгізу, жылу энергиясын өндіру мен тұтынуды оңтайландыру, сондай-ақ жеке электр энергиясы көздерін, оның ішінде, ІМГ-ні пайдалана отырып дамыту болып табылады.

2019 жылы энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бойынша 69 іс-шара орындалды, отын-энергетикалық ресурстарды жоспарлы жылдық үнемдеу 0,8 млн ГДж құрайды, заттай көріністе электр энергиясы – 11,3 млн кВт, жылу энергиясы – 91,3 мың Гкал, табиғи газ – 8 508 мың м3.

2019 жылы Компаниялар тобында көмірсутектерді өндіру бағыты бойынша үлестік энергия тұтыну өндірілген КСШ-ның бір тоннасына шаққанда, 2,4 ГДж (2018 жылы 2.38 ГДж) құрады, бұл IOGP Халықаралық мұнай және газ өндірушілердің қауымдастығының көрсеткішімен салыстырғанда, 60%-ке жоғары болып отыр, ол 2018 жылы өндірілген көмірсутектердің бір тоннасына шаққанда, 1,5 ГДж құрады. Мұнай өндіруде энергия ресурстарын үлестік тұтынудың ұлғаюы, ең алдымен, ескі кен орындарында өндірудің сулануының ұлғаюына байланысты, өйткені суланудың өсуімен өндірілетін сұйықтықтың үлестік тығыздығы және, сәйкесінше, механикаландырылған өндіріс әдістеріне тұтынылатын энергия артады.