ТӨМЕН КӨМІРТЕКТІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ БАҒДАРЛАМА

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның төмен көміртекті дамытудың 2022-2031 жылдарға арналған бағдарламасы

Бүгін біз әлем қауымдастығының климаттың өзгеруіне қарсы күресте белсенді күш-жігер жұмсап жатқанын көріп отырмыз. Париж келісімін қолдау жолында мемлекеттер мен корпорациялар парник газдарының ауаға шығарылуын азайту бойынша түрлі ауқымда мақсат қоюда. Жаһандық, өңірлік және ұлттық деңгейде көміртекті реттеу күшейтіліп жатыр.

Климат ахуалының маңыздылығын ескере отырып, 2060 жылға қарай көміртек бейтараптылығына қол жеткізу және парник газдарының шығарылуын 1990 жылғы деңгейге қарағанда 15%-ға төмендету бойынша мемлекеттердің мақсаттарын қолдай отырып, «ҚазМұнайГаз» даму стратегиясы бойынша нақты көзқарас қалыптасты.

Біз өз қызметімізді қалыпты, салмақты әрі жүйелі түрде көміртексіздендіру мәселесіне баса мән беруге ниеттіміз және 2031 жылға дейінгі төмен көміртекті дамыту бағдарламасын әзірлеуге кірістік.