Ағымдағы жағдайы

Төмен көміртекті даму әлемдік саяси, инвестициялық және сауда салаларының күн тәртібінде тұрған өзекті мәселесі. Бұл тек көмір электр станциялары ғана емес, мұнай-газ кәсіпорындарының да энергияны ауыстыру жөнінде ойлануға мәжбүр болуына ықпал етеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы климаттық мәселенің маңыздылығын және көміртекті реттеу талаптары қатаңдана түскенін ескере отырып, тиісті бағдарламада мазмұндалған Компанияның төмен көміртекті даму стратегиясы бойынша нақты түсінігін қалыптастырды.

Бағдарлама төміртекті дамудың бірыңғай негізін корпоративтік дамудың ажырамас бөлігі ретінде айқындайды және Компанияның көміртек ізін азайту саласындағы қызметін бір жүйеге келтіреді.

Басты мақсат – ҚМГ климаттық амбицияларын анықтау, қазіргі әлеуетін талдау арқылы көміртек ізін азайту саласында негізгі тәсілдер мен шараларды бір жүйеге келтіру, дамудың басты бағыттарын анықтау және дайындық деңгейін арттыру.

Мемлекеттің амбициялары мен үміттерін есепке ала отырып, ҚМГ өз алдына 2031 жылға қарай көмірсутек газының ауаға шығарылуын 2019 жылдың шығарындылары деңгейінен 15%-ға немесе СО2 1,6 млн тоннаға қысқарту бойынша міндетін қойып отыр.

ҚМГ алдына қойған міндетіне жету үшін энергия тиімділігі мен энергияны сақтау жөніндегі қызметін күшейтуді, сондай-ақ өзінің технологиялық мақсатында энергияның жаңартылатын көздерін пайдалану әлеуетін арттыруды жоспарлап отыр.

ҚМГ көрсетілген іс-әрекеттерден бөлек декарбонизацияның қосымша шараларын анықтады. Бұл шаралар Компанияның төмен көміртекті дамудың ұзақ мерзімді стратегиясында перспективалы бола алады.

Оларға мыналар жатады:

  • көміртегіні ұстап қалу, сақтау және кәдеге жарату саласындағы жобаларды (CCUS) іске асыру;
  • сутегі энергетикасын дамыту;
  • орманклиматтық жобалар.

Компания қолайлы жағдай туындаған кезде кейіннен ауқымын кеңейту үшін құзыреттілікті және өз әлеуетін арттыру мақсатында осы бағыттар бойынша пилоттық жобаларды жүзеге асыратын болады. Аталған жобалар ұзақ мерзімді перспективада Компанияның парник газдарының ауаға шығарылуын қосымша қысқартуды қамтамасыз ете алады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 2022-2031 жылдарға арналған төмен көміртекті дамыту бағдарламасы Компанияның Директорлар кеңесімен бекітілді.