Алаяқтардан сақ болыңыз!

Қазіргі уақытта алаяқтардың Қазақстан азаматтарын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қаржы салуға шақырып, арнайы сайт, мобильді қосымша құрып, әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті. Халықты мұнай мен газ сатып, мол пайдаға кенелуге шақыруда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Қазақстан азаматтарының қаржысын ешқандай инвестициялық жобаларға тартуға шақырмағанын мәлімдейді. Таратылып жатқан жалған жарнамалық хабарландыруға сенбеңіздер. Сақ болыңыздар!

Қандай да бір әрекет жасар алдында ақпараттың растығын анықтап алыңыз.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өз қызметі туралы барлық ақпаратты ресми сайтында сайтында, сондай-ақ YouTube, Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында ғана жариялайды.

Бағдарлама мақсаты

Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – ҚазМұнайГаздың көміртек ізін азайту.

«ҚазМұнайГаз» Компанияның төмен көміртекті дамыту бағдарламасын әзірлеуге кірісті. Бағдарлама көміртек ізін төмендетудің ағымдағы мүмкіндіктерін (энергия тиімділігін арттыру және ресурстарды үнемдеу), сондай-ақ декарбонизация үшін қызметтің қосымша бағыттарын (жаңартылатын энергия көздері, СО2 анықтау, пайдалану және сақтау, орман көміртек жобалары, сутегі өндірісі) қамтиды.

Декарбонизацияның маңызды бағыттарыны бірі – жаңартылатын энергетиканы дамыту. Төмен көміртекті дамыту бағдарламасында жаңартылатын энергия көздерін ҚМГ тобының жалпы энергия балансына жұмылдыру жөніндегі жеке блок қарастырылған.

Орта мерзімді перспективаға біз Компанияның өндірістік активтерінің бірінде көміртекті анықтау, кәдеге жарату және сақтау жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру мүмкіндігін зерттеп жатырмыз.

Дүниежүзінде энергияны өндіру мен сақтаудың жаңа технологиялары пайда болып, сынақтан өткізілуде. Бүгінгі таңда мұнай-газ саласындағы алпауыт компаниялар сутекті өзінің басым ықпалын кеңейту мүмкіндігі ретінде қарастырып отыр. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы да ұзақ мерзімді перспективада сутегі өндірісі бойынша ықтимал әлеуетін зерттеуге кірісті.

Төмен көміртекті дамыту бағдарламасы жақын, сондай-ақ орта және ұзақ мерзімді болашақта өз нәтижесін береді деп күтеміз. Төмен көміртекті жобаларға инвестицияларды бағалау анықталуда.

Бағдарламаны әзірлеу мақсатында ҚМГ-да төмен көміртекті дамыту жөніндегі жобалау офисі құрылды. Сутегі энергетикасы және СО2 анықтау, сақтау мен қайта өңдеу жөніндегі Құзырет орталығын құру мәселесі пысықталып жатыр.

Ұлттық компанияның парник газдарының шығарындысын 2019 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2031 жылға дейін 15%-ға төмендету бойынша алдын ала мақсаттары айқындалды. Бұл мақсаттар климаттың өзгеруі жөніндегі Париж келісімі аясындағы мемлекеттердің ортақ мақсаттарына және ҚМГ компаниялар тобы үшін парник газдары шығарындыларына Экология министрлігі үлестіретін квоталарды жыл сайын бір жарым пайызға қысқарту жөніндегі жоспарларға сай келеді.

Бұл мақсат жаңа жобаларды қамтымайтынын және ҚМГ Төмен көміртекті дамыту бағдарламасының дайындығына қарай нақтыланатынын атап өткен жөн. Экономикалық дағдарыс әсер еткен 2018 және коронавирустық инфекция пандемиясы әсер еткен 2020 жылдарға қарағанда 2019 жыл ҚМГ компаниялар тобының әдеттегі операциялық қызметіне неғұрлым жақын негізгі жыл ретінде айқындалды.

«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының тікелей шығарындылары (scope 1) 2019 жылы шамамен 7,4 млн.тоннаны немесе елдік көлемнің шамамен 2%-ын, ал жанама шығарындылары (scope 2)  3,3 млн. тоннаны құрағанын атап көрсету қажет.